Тақырыбы: Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті Орынған


Түркістан легионын құру дәуірін 3 кезеңге бөлуге болады



бет4/5
Дата29.12.2021
өлшемі115,86 Kb.
#106437
1   2   3   4   5
Байланысты:
5-Тақырып

Түркістан легионын құру дәуірін 3 кезеңге бөлуге болады:

Бірінші кезең – Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауына дейінгі Кеңес республикалары халықтарының идеялық-әлеуметтік татулығының дәрежесі, соның ішінде РСФСР-ға «тең келетін» алғашқы ұлттық республикалардың арасындағы қатынас айқындалған уақытта аяқталды. Осы мақсатта неміс басшылығының назары кеңестік түріктерге қатысты үш мәселеге ауды:

– жалпы түріктік идея қаншалықты күшінде;

– нантуранизмдік идеяның таралу дәрежесі;

– исламның әсер ету ауқымы.



Екінші кезең КСРО-ның бөлшектену жағдайының «жеңілісіне» қатысты, онда КСРО-дан Түркіменияның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстан мен Қазақстанның бөлініп шығуын қарастыру қажет болды. Бұл жағдайда аталған республикалар өздеріне ұсынылған ұсыныстардан бас тартар еді. Сондай-ақ, осы республикалардың әрқайсысы өзін-өзі басқарудың жеке құрылымына ұмтылады. Дамудың мұндай жағдайында Үндістан, Ауғанстан, Иран мемлекеттері тарапындағы ағылшындардың КСРО-ға көмек көрсетеміз деген сылтаумен келіп, қауіп төндіруі мүмкін еді. Мұндай жағдайды болдырмас үшін Вели Каюм аталған республикаларды Германияның өз қамқорлығына алуын және олардың саяси құрылуын, атап айтқанда Түркістан Кеңесінің (гремиумының) тезірек құрылуын қарастыруды ұсынды, ол қажет болған жағдайда Түркістанға шұғыл аударылуы мүмкін болар еді. Бұл Кеңес әскери тұтқындар мен эмигранттардың қатысуымен КСРО-ның берілген нүктесіне өз іс-шараларын алдын-ала жоспарлауы тиіс болды.

Үшінші кезең – жасалған ғылыми-практикалық талдауға сүйене отырып шешім қабылдауға қатысты болды.1941 жылғы тамыздың аяғында Шығыс министрлігінің арнайы комиссиясы өз жұмысын бастады, ол түрік әскери тұтқындарын (Поволжье, Орта Азия, Кавказ халықтарының өкілдерін) басқалардан бөлді. Іріктелген әскери тұтқындар Польшаның, Прибалтиканың, Белоруссия мен Украинаның оккупацияланған жерлеріндегі арнайы лагерлерге орналастырылды. Әскери қалыптастыру бойынша алғашқы эксперименттердің бірі түрік мұсылман халықтарына жасалды, олар немістердің пікірі бойынша кеңестік билікке қарсы еді. ОКН (Oberkommando des Heeres – құрлықтағы әскерлердің Жоғарғы командованиесі) 1941 жылы 15 қарашада «Оңтүстік» армияның әрбір дивизия тобын «түркістандық және кавказдық» әскери тұтқындардан құруға бұйрық береді, олар кейінірек Запорожье түбіндегі 444-ші дивизияға, Түркістан полкіне біріктірілді. Полктың базасында 444-ші түрік батальоны құрылды. Полк қорғаушы қызметте пайдаланылды. Алайда, бұл полк та, сол кезеңде майор Андрас Майер-Мадердің қол астындағы 450-ші түркістан жаяу әскер батальоны мен Теодор Оберлендердің қол астындағы «Бергман» («Горец») батальоны да 1942 жылдың басында құрылған Шығыс легионы құрамына енген жоқ және олар жеке-жеке әрекет етті .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет