Тақырыбы; Философияның пәні және әдістері. Философия» сөзі грек «philos» – сүйетін және «sophos» – дана сөзінен шыққан, алғашқы мағынасы «даналыққа деген сүйіспеншілікті»



Дата05.10.2023
өлшемі16,4 Kb.
#183844
Байланысты:
Садық Рамазан 025 топ (1)


Тақырыбы; Философияның пәні және әдістері.
Философия» сөзі грек «philos» – сүйетін және «sophos» – дана сөзінен шыққан, алғашқы мағынасы «даналыққа деген сүйіспеншілікті» білдіреді. Бірақ бұл бізге философияны түсінуімізге аздық етеді. Философия – ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтастай алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады. Философия адамзат дамуымен басталады. Яғни, философия ғылымы біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Адамзат баласының ой-өрісі кеңіген сайын философия да тереңдей түсті.
Тарихи дерек көздеріне сүйенсек, Философия Ежелгі Шығыс елінде және грек жерінде бір кезеңде дүниеге келген. Мифология негізінде кейінірек дін дүниеге келді. Дін жаратушы күшке сенуді, илануды талап етті. Діннің табиғаты философиядан басқаша еді. Әр нәрсенің себебін білгсі келгендер дінмен қанағаттанбады, көңілдері толмады. Бұл басқаша ойлауды туғызды, оларды адамзат тарихында философтар деп атады. Бүгінде «Философия» – рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірінен саналады. Философия пәнінің мақсаты – студенттердің философияны дүниені танып білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру. Философияның қоғамдағы қызметі орасан зор және негізгі функциялары сан қырлы, мәселен:
- дүниеге көзқарастық функция – дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру.
- методологиялық функция – философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды.
- теориялық функция – философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды-логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдарды жасайды, толықтырып отырады.
- гносеологиялық функция – философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды мақсат етеді.
- сыншылдық функция – философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті - нормаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту.
- аксиологиялық функция – философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады.
- әлеуметтік функция – философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады.
- тәрбиелік функция – философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.
- эвристикалық функция – философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу-маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді. Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносиологиялық мәселелерді қарастыру мен анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама - қарсы екі ойлау әдісі - диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.

-Диалектика (гр. Diolegomai – әңгімелесу, пікірлесу) – объективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде - ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты кез - келген нәрсенің бірлігімен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор.


-Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің түп негізі туралы ілім деген мағынаны білдірген. 16 ғ. бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология» термині де қолданылады. Метафизика – заттар мен құбылыстар бір - бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе - сөз аударғанда – «физикадан кейінгі келетін» мағынасын білдіреді).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет