Алгебралық материал 1 - сыныптан бастап арифметикалық және геометриялық материалдармен тығыз байланыста оқытылады. Алгебра элементтерін енгізу, сан және арифметикалық амалдар, математикалық катынастар туралы ұғымдарды жалпылауға көмектеседі.Мұнда оқушылар төмендегі мағлұматтарды алады:
АЛГЕБРА ЭЛЕМЕНТТЕРІ
математикалық өрнектер
теңсіздіктер
сандық теңдіктер
Сондай-ақ, өрнектермен байланысты жұмыстарды орындау барысында, амалдардың орындалуының рет-тәртібі жайындағы ережелерді қолдануға машыктандыру түсу көзделеді. Осы ережелер өрнекті құру және оны оқу кезінде екі бағытта қолданылатынын ескеру керек. Өрнекті құру кезінде ең алдымен бірінші орындалатын амалмен байланысты өрнек жазылады, содан кейін екінші амалмен жазылатын өрнек, т.с.с. әрі қарай осылайша жалғаса береді. Ал өрнекті оқу кезінде, ең алдымен соңғы орындалатын амал, яғни өрнек қосынды, айырма, көбейтінді, бөлінді екені анықталады, сонан соң сәйкес амалды анықтайтын сандар немесе өрнектер сараланады. Сондай-ақ, өрнектермен байланысты жұмыстарды орындау барысында, амалдардың орындалуының рет-тәртібі жайындағы ережелерді қолдануға машыктандыру түсу көзделеді. Осы ережелер өрнекті құру және оны оқу кезінде екі бағытта қолданылатынын ескеру керек. Өрнекті құру кезінде ең алдымен бірінші орындалатын амалмен байланысты өрнек жазылады, содан кейін екінші амалмен жазылатын өрнек, т.с.с. әрі қарай осылайша жалғаса береді. Ал өрнекті оқу кезінде, ең алдымен соңғы орындалатын амал, яғни өрнек қосынды, айырма, көбейтінді, бөлінді екені анықталады, сонан соң сәйкес амалды анықтайтын сандар немесе өрнектер сараланады. Осы ережелер өрнек жайлы түсінігін қалыптастырғанда сандар арасына қойылған амал таңбасының екі түрлі мағынасы бар екендігін ескеру қажет: ол бір жағынан сандар қолданылатып амалдм білдіреді (мысалы 5+2-беске екіні қосу) екінші жағынан амал таңбасы өрнекті белгілеу қызметін атқарады (5+2- бұл 5 мен 2 сандарының қосындысы). Балалар II сыныпта күрделі өрнектерінде амалдарды орындау тәрібімен танысқаннан кейін және компоненттері өрнектермен берілген қосынды, айырма, көбейтінді, бөлінеді үғымдарын қалыптастыруға кіріседі.
Достарыңызбен бөлісу: |