Тақырыбы: «Физика-тұрмыста,өмірде»


VІІ бөлім «Физика-көгімде,жерімде» Ғылыми жоба



бет7/7
Дата15.01.2022
өлшемі138,95 Kb.
#111905
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Физика тұрмыста өмірде
Document, 0007044a-967f33ee (1), Положение PROECO
VІІ бөлім «Физика-көгімде,жерімде» Ғылыми жоба

VІІІ бөлім .Қорытынды:

Осымен сайысымыз өз мәресіне де жетті. Сайысты қорытындысын шығарғанша мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялармен аяқтағым келіп тұр.


1. Ньютонның екі мысығы болыпты. Біреуі үлкен, екіншісі кіші. Мысықтарды таңертең оның мазасын алмас үшін, есікке екі тесік жасапты. Бірі үлкен екіншісі кіші. Мұны көрген көршісі Ньютонға: «Неге екеу жасадың, біреуі де жетер еді ғой»- депті. Сонда Ньютон басын қасып: «Иә, бұл керемет ой! Бірақ бұл ой маған келмеген екен,- деген екен.
2. Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты. Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты. Хат иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты. Рентген хаттың иесіне мынадай жауап жазып жібереді: «Өкінішті - ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс туғызады. Сондықтан сізден сұрарым, ең оңайы, маған сіз өзіңіздің көкірегіңізді салып жіберіңіз».
3. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті. « Мырзалар! Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» - деген сөз жазылған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып, кері қайтып, үйіне кешке келіпті.
4. Ұлы ғалым Эдисонның бағына кіретін есік өте қиын ашылады екен. Қонақтардың бірі Эдисонға өзің әйгілі өнертапқыш бола тұра осы есікті оңай ашылатын етіп қою қолыңнан келмей ме депті. Сонда Эдисон: «Меніңше есік жаман құрастырылмаған, ол үйдің су құбырымен байланысқан. Әр адам цистернаға 20 литр су құйып кетеді»- деп жауап бергенде қонақтары таң қалыпты.
енді, әділ-қазыларымыздан сайыстың қорытындысын сұраймыз.

«Физика. ..- тек қана техникаға алғашқы қадам емес, сондай-ақ адамзат ойының түкпіріне жол» -деген екен неміс физик-теоретигі,1954 жылы кванттық физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Макс Борн


Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен тірі де ол
Саған ән, айтылған сөз ішілген ас,
Ғарыштың кемелері, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр,
Бәрінің бағынары физика ғой!- дей отырып, ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз. Топтарды марапаттау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет