Өсімдіктердің өсуін реттейтін полимерлер Өсу жөнінде жалпы түсінік.
Өсу — өсімдік организміндегі тіршілік процесінің айқын бір бейнесі болып саналады. Өсу — өсімдіктегі барлық зат алмасу процесімен тығыз байланысты, жинақгаушы, нәтижелуші қызмет атқарады.
Өсудің көптеген белгілері бар: 1. Өсімдіктің, яки жеке мүшелерінің ұлғаюы (көлемінің не болмаса бойының).
2. Мүшелердің санының көбеюі, артуы.
3. Клетка санының көбеюі, артуы.
4. Клетка көлемінің ұлғаюы.
5. Өсімдіктегі құрғақ заттың ұлғаюы, артуы.
6. Клетканың құрылымдық элементтерінің көбеюі.
Өсімдіктерге әсер ететін факторлар А. Климаттық факторлар:
1. Бастапқы периодты факторлар (жарық, температура).
2. Туындаушы периодты факторлар (ылғалдылық).
3. Периодсыз факторлар (кенеттен соққан дауыл: атмосфераның едәуір иондануы, өрттер, су тасқыны).
Б.Климаттық емес физикалық факторлар:
1. Сулы орта факторлары (оттегі мөлшері, тұздылығы, РН, қысымы, тығыздығы, ағыны).
2. Эдафикалық факторлар (РН, ылғалдылық, механикалық құрамы, тұздылығы).
В. Қоректену факторлары:
1. Азықтық мөлшері.
2. Азықтық сапасы.
Г. Биотикалық факторлар:
1. Түр ішіндегі әсерлесулер.
2. Түраралық әсерлесулер.
Фитогармондар – Өсімдіктің өсу процестері арнаулы заттардың әсерімен реттеліп отырады. Олар өсуді ретттеуші заттар деп аталады. Кейбір өсуді ретттеуші заттар организімнің өзінде түзіледі, сондықтан оларды фитогармондар дейді. Оларға ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер,этилен, абсциз қышқылы (АБК) жатады. Өсу процесіне әсер ететін химиялық жасанды қогсылыстарды өсуді реттеуші химиялық заттар деп атайды.
ауксин
Ауксин барлық жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге және төменгі сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ бактерияларда түзіледі. Мысалы, ананас өсімдігінің құрғатылмаған 1кг салмағында 6 мг ауксин болады. Ол өркендердің ұштарында, жапырақтар мен тұқым жарнақтарында, өсіп келе жатқан ұрықта түзіледі. Өсімдік тозаңында да ауксин көп кездеседі. Ауксиннің тасымалдануы үшін энергия қажет, тыныс алу тежелгенде оның тасымалдануы тоқтайды. Ауксин жасушаның созылуы кезеңіне жағдай туғыза отырып, өсімдіктердің өсуіне әсер етеді.
Гибберллин. 1938 жылы фузар саңырауқұлағының тіршілік өнімі ретінде гибберллин бөлініп алынады да, кейінірек оның химиялық табиғаты анықталды. Бұл фитогармон кейін жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден де табылды. Қазқіргі кезде гибберллиннің 30-ға жуық түрі белгілі. Гибберллиннің ең жақсы зерттелген және ең активті түрі А3 гибберллині, оны гибберллин қышқылы деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде гибберллиенге ұқсас заттар да кездеседі, тіпті бір өсімдіктің өзінде гибберллиннің 2-3 түрі кездеседі. Өсімдіктердің дамуы барысында ондағы гибберллиеннің жиынтығы өзгеріп отыруы мүмкін.
Цитокинин. Фитогармондардың бұл тобы аденин туындылары болып табылады:
Цитокинин тамырдың ұшында түзіліп, су ағынымен қоса жоғары қарай жылжыиды. Цитокинин сондай-ақ тұмен жемісте түзіледі. Ол негізінен жасушаның бөліну процесін тездетіп, ДНК мен РНК түзілуін жақсартады және жалпы зат алмасу мен ақуздың синтезделуін арттырады.
Этилен аздаған мөлшерде барлық өсімдіктердің жасушаларында түзіледі. Ол қарапайым органикалық зат болса да, гормондық әсері күшті.
Абсциз қышқылы 1965 жылы мақтаның қауашағы мен жапырақтарынан бөлініп алынды. Бұл зат гормондық ингибиторлық әсер етеді.Фитогармондар өсу процесін реттейтін негізгі заттар болып табылады. Ал витаминдер тікелей өсу процесіне қатыспастан, фитогармондармен бірге жанама әсер етеді, олардың әсерін толықтырады.
Өсімдіктердің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым өсімдіктер экологиясы деп аталады. Өсімдіктердің құрылымына әсер етуші табиғаттағы экологиялық факторлар:
Сыртқы ортаның белгілі бір факторына қатысты өсімдіктерді әртүрлі экологиялық типтерге бөлінеді.
Ылғалға қатысты:
1. Гидрофиттер – сулы ортаға бейімделген өсімдіктер.
2. Гигрофиттер – бұлар ылғал тапшылығын білмейді. Сондықтан трансперацияны көтеріңкі клетка арасын кеңістік жақсы жетілген /аэренхима/ булану жақсы жүреді
3. Мезофиттер – ылғалы жеткілікті, қоңыржай жағдайда өсетін өсімдіктер
4. Ксерофиттер – ылғалдылықтың ауада, топырақта немесе уақытша тапшылық жағдайда өсетін өсімдіктер.
5. Тұзды мол топырақта өсімдіктердің тобы. Галофиттер /соран бұзаубас, көппек/. қалың көлеңкелі жағдайда өсетін өсімдіктер-цинофиттер деп аталады (орман өсімдіктері). Көлеңкеде өсе алмайтын өсімдіктер тобы-гелиофиттер деп аталады (сарбас жоңышқа) Назарларыңызға рахмет!