әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Факультеті: «География және табиғатты пайдалану» Кафедрасы: «Кадастр және Жерге орналастыру» Орындаған: Ертас Әлфараби Тексерген: Ақынбеков Ақан Тақырыбы: Геодезия мен топографияда қолданылатын координаталар жүйелері туралы түсінік КІРІСПЕ Геодезиялық координаталар — нүктелердің геодезиялық өлшеулер арқылы және референц-эллипсоид бетінде одан рі есептеулер арқылы алынған ендіктері мен бойлықтары. Геодезиялық координаталар берілген нукте арқылы референц-эллипсоид бетінде өтетін нормальмен байланысты.
Геодезиялық координаталар жүйесі. Жердің физикалық бетіндегі нүктелердің орындарын бастапқы жазықтықтар, бағыттар және нүктелер арқылы анықтайтын координаталар жүйесі. Геодезиялық координаталар жүйесі: кеңістіктік және жазықтықтық болып бөлінеді. Координаталардың кеңістіктік жүйесі: географиялық және полярлық жүйе болып ажыратылады. Ал географиялық координаталар жүйесі өз кезегінде: астрономиялық және геодезиялық болып бөлінеді. Жазықтық координаталар жүйесіне тікбұрышты жазық (х, у) және жазық полярлық координаталар жатады.
Геодезияда қолданылатын координалатар жүйесі Координаталар - кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын шамалар. Геодезияда, топографияда, жер бетіндегі нүктелердің орналасуын және көлемділігін анықтау үшін әр түрлі контурлар қолданады.
Кеңістік координаттар жүйесі
Кеңістік координаттар жүйесі. Жер бетіндегі нүктелердің орның оның координаталары, яғни алынған координаталар жүйесінің бастапқы жазықтары мен сызықтары қатысты ізделіп отырған нүктелерді сипаттайтын шамалар арқылы анықтайды. Геодезияда қолданылатын барлық координаталар жүйелері кеңістік және жазықтық жүйелері болып екіге бөлінеді.
Координаталардың кеңістік жүйелерінің ішіндегі көпшілікке танымалысы-географиялық координаталар жүйесі. Бұл жүйеде нүктенің жер бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік масштабта аңықталады. Олардың географиялық ендік – және географиялық бойлық人 – дейді. Географиялық (φ) экватор жазықтығы мен бекітілген Р нүктесі арқылы өтетін тіктеуіш сызық арасындағы бұрыш. Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге дейінгі географиялық меридианның доғасымен өлшенеді де, экватордан екі жаққа солтүстікке қарай 0°тан 90°-қа дейін өзгеріп отырады.
Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика, географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық карта жасауда) геодезия мен картография ғылымдарына сүйенеді. Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның немесе картаныңмасштабына байланысты болады.
Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика, географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық карта жасауда) геодезия мен картография ғылымдарына сүйенеді. Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның немесе картаныңмасштабына байланысты болады.
Масштабы кішірейген сайын картаныңжер беті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картағагеографиялық тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды рөл атқарады. Әскери істегі Топография – тактикалық және оперативтік мақсаттар үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттейтін әскери ғылым саласы. Кейінгі кезде жерді план не картаға түсірерде аэросьемка немесе аэрограмметрия деп аталатын фотографиялықсьемкалар қолданылады.
Жазық координаталар жүйелері ішінде геодезияда ең кеңінен тарағандары-тік бұрышты және полярлық координата жүйелері.
Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі — жазықтықта нүктенін орнын аныктайтын координаттар осіне катысты сызыктык шама. Топографияда жазық тікбүрышты координаттар жүйесі мына ретпен салынады:
Жер шарының беті алты градустык аймақтар бойынша жазықтыққа жазылады.
Олардың есебі Гринвич меридианынан шығыска қарай бірден алпысқа дейін жүргізіледі.
Абсцисс осі X (тік осі) — орбір аймақта остік меридианның бейнесі, ал ордината осі У (көлденең осі) — экватор бейнесі ретінде кабылданады.
Олардың қиылысу координатының басы О.
Географиялық координаталар жүйесі
Географиялық координаталар жүйесі бүкіл жер шарына ортақ және олар астрономия, сфералық геометрия, картография, ғарыш мәселелерін шешуде жиі қолданылады.
Бұл сфералық ендік пен бойлық өлшемдерді пайдалана отырып, Жер бетіндегі орналасуларды сипаттау әдісі. Бұл Жердің орталығынан бұрыштарды (градустарда) жер бетіндегі нүктеге дейін өлшеу, Жердің пішіні бойынша алынады.
Қолдану салалары
Жаһандық деректер пайдаланушылары жиі географиялық координаттарын пайдаланады жаһандық желідегі деректерді сақтау және басқару үшін, бірақ өңдеу және талдау үшін жергілікті тегіс координат жүйесінде жобалық деректерді пайдаланады