Тақырыбы: «Гериатриялық пациенттердің өзін-өзі сезіну динамикасын бақылау» АҚпарат блогы шағын дәріс: Жоспар



бет27/51
Дата25.01.2022
өлшемі73,42 Kb.
#114354
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Байланысты:
8 інші

Аяқтағы тырнақты қиып алу

Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа арналған кремді, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

Науқасқа алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз.

Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.

Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар легенге, науқастың аяқ басын салыңыз.

Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістеуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз.

Тырнақтарды егеуішпен және тістеуікпен өндеңіз.

Науқастың аяқ басына және табанына крем жағыңыз.

Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні – киімге арналған қапқа салыңыз.

Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет