Іс-әрекет алгоритмі:
Матрасты матрас тысына салыңыз.
Кереуеттің торына тысқа салынған матрасты салыңыз.
Зәрі тоқтамайтын науқастар үшін матрас тысының еніне сәйкестеп, клеенканы жылжымайтындай етіп бекітіңіз.
Матрастың үстіне ақжайма төсеңіз, ол жиырылып, қыртыстанып қалмауы үшін, ақжайманың шеттерін матрастың астына қайырып қойыңыз.
Жастықтарға тысын кигізіңіз, оларды аздап көпсітіңіз, кереуеттің бас жағына қойыңыз.
Астыңғы жастықты тіке, ал үстіңгісін сәл жоғарырақ, кереуеттің арқа сүйенішіне тіреліп тұратындай қылып қойыңыз.
Көрпеге сейсебін кигізіңіз және оны мұқият түзетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |