1. Бастапқы немесе іштен туа пайда болған гидронефроз,астауша-несепағар сегмент тұсындағы іштен туа пайда болған кедергілердің салдарынан дамып,бүйректен зәр шығуын бұзады.
2. Ақырғы немесе жүре пайда болған гидронефроз,белгілі бір аурулардың несеп-тас ауруы,несепағар ісігі,несеп жолдарының зақымдануы салдары болып табылады.
Н.А. Лопаткин мен А.В. Люлько ( 1987 ) субүйректің даму барысын 3 сатыға бөледі.1 – сатыда тек астауы ғана кеңиді ( пиелоэктазия ) сонымен бірге бүйректің қызметі аздап нашарлайды; 2- сатыда астауы (пиелоэктазия) мен тостағандары да (гидрокаликоз) кеңиді, сонымен бірге бүйректің паренхимасы жұқарады және функциясы өте қатты нашарлайды;3-сатыда бүйрек паренхимасының мүлдем семіп қалатындағы соншалықты, әбден жұқарып, іші зәрге толған дорбаға айналып қалады

Клиникасы
Гидронефроз көбінесе белгілерсіз өтеді және көбіне асқыну дамығанда немесе бүйрекке профилактикалық УДЗ жүргізгенде анықталады. Мұнда бел тұсының ауырсынуы секілді шағымдар жиі кездеседі,ол үнемі ұйып ауырады. Бір жақты гидронефроз жасырын өтуі мүмкін,бүйректегі патологиялық процестің үдеп бара жатқанына қарамастан,науқастар ұзақ уақыт бойы өздерін сау адамдар ретінде есептейді. Екі жақты гидронефроз біртіндеп созылмалы бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі мен уремияны күшейтеді.
Диагностикасы
Гидронефроздығ дианостикасында аурудың анамнезінің маңызы зор,ол белдің ұйып қалуының немесе бүйректің шаншуын дәлелдейді.Анамнез жинау кезінде бір иаңызды белгіге назар аударады-гидронефрозбен ауыратын науқастар көбіне етпетінен жатып ұйықтайды,өйткенібұл жағдайда құрсақ ішіндегі қысым көтеріледі және осының есебінен астаушадан тарылған астауша-несепағар сегменті арқылы несеп пассажы күшейеді.
Диагностикада рентгенологиялық зерттеулер, компьютерлік томография,бүйрекке ультрадыбыстық сканирлеу жүргізудің маңызы зор. Соңғы жылдары ультрадыбыстық доплерография кеңінен қолданылуда,ол аурудың дамуының себебі болып табылатын қосымша қан тамырларының бар екендігін анықтауға көмектеседі.