Тақырыбы: хіү ғ ХҮ ғ/ң бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы хандықтар Сабақтың мақсаты



Дата14.04.2017
өлшемі84,76 Kb.
#13812
Тақырыбы: ХІҮ ғ - ХҮ ғ/ң бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы хандықтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан аумағында ХІҮ-ХҮ ғасырларда құрылған хандық мемлекеттердің әлеуметтік, экономикалық жағдайын, әкімшілік құрылысы туралы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру, ізденіске баулу;

Тәрбиелілік:Оқушыларды өз елінің тарихына құрметпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакат, кубик, карта т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққааудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:



1-тапсырма:

2-тапсырма: Қағанаттың әлеуметік құрылымы



  1. Қаған 2. Қаған сайлаған ұлықтар 3. Ябғу, шад, елтебер, бұрықтар мен тархандар 4. Бектер 5. Қара бұдун 6. Тат



ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспар:



  • Қазақстан аумағында мемлекеттердің құрылуы

  • Мемлекеттердің әлеуметтік дамуы.

  • Экономикалық даму

  • Мемлекеттердің әкімшілік құрылысы және этностық құрамы

Шыңғысхан жаулап алған жерін өзінің балаларына бөліп бергенде, оның ұлдары Жошыға, Шағатайға және Үгедейге Қазақстанның орталығы, солтүстік – батысы, Сыр және Арал теңізінің аймағы тиіп, бұл жер Жошы ұлысы аталды.

Жетісу және Оңтүстік Қазақстан аймағын екінші баласы Шағатай еншілеп, ол Шағатай ұлысы аталған. Ал Жетісудың солтүстік – шығыс бөлігі Шыңғыс ханның үшінші баласы Үгедейге тиген. Шыңғыс ұрпақтары келе-келе бір-бірінен оқшауланып, Моңғол империясына бағынудан бас тартады. Жошы қаза болған соң, оның баласы Бату ханның кезінде Алтын Орда құрылды. Алтын Орданың астанасы алғашында Сарай Батуда, кейін Сарай Беркеде болған. Батудан кейін билікті Берке хан жүргізді. Алтын Орда Бату ханның тірі кезінде «оң» және «сол» қанат болып екіге бөлінді. Оң қанатын (солтүстік – батыс ) Батудың өзі билеп, бұл кейін Көк Орда аталған, ал сол қанатын (бұл бөлік Шығыс Дешті Қыпшақ деп те аталған) Орда Ежен билеген. Кейін ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап Ақ Орда аталған Орда Еженнің жері жеке мемлекет болып, өз алдына жеке билік жүргізген.

Кейбір деректерде ХІҮ ғасырдың соңғы кезінен Ақ Орда Өзбек ұлысы деп аталған. Орданың жері шығысында – Алтай тауларынан Сырдарыяның төмеңгі ағысы Арал теңізіне дейін, ал терістігі – Орал тауынан Жетісу жеріне дейінгі аймақты алып жатты. Осындай кең байтақ жерді алып жатқан Ақ Орда ұлысы Алтын Ордаға бағынудан бас тартады. Әсіресе өз аттарынан ақша шығарған Мүбарак пен Орыс хандарының кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан Мүлде бөлектенген. Орыс ханның немересі Барақ ханның кезінде Ақ Орданың жағдайы біраз жақсарады. Барақ ханның алдына қайған басты мақсаты- Сырдария бойындағы қалаларда өз билігін нығайту болды. Ол өзінің Ұлықбекке жолдаған хатында Орыс ханның мұрагері ретінде бұрыны Ақ Орданың иелігінде болған жерді алуға құқығы бар екендігін ашық айтып: «Менің атам Орыс хан Сығанақта тұрып, сонда құрылыс салғандықтан, Сығанақ жайылымдары заң бойынша да, әдеттегі құқық бойынша да маған тиесілі,»-дейді. Сөйтіп ол Ұлықбекке қарсы 1426-1427 жылдары жорыққа шығып, жеңіспен оралады. Ал ХҮ ғасырдың 20-жылдарының соңында Барақ ханның қаза болуына байланысты билік Шайбани (Жошының бесінші баласы) ұрпағы Әбілхайыр ханның қолына көшеді.

Сонымен ХҮ ғасырдың екінші ширегінде Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы құрылады. Шайбани ұрпағы Жұмадық хан 1428 жылы Маңғыт әмірлерімен және Жошы ұрпағы Қажы-Мұхаммедпен болған шайқаста қаза тапқаннан кейін Әбілхайыр (1428-1468 жж.) хан сайланады. Махмұд ибн Уәлидің дерегіне қарағанда, Әбілхайыр 17 жаста хан болған. Оның хан болуын ру-тайпалардың 200-ден астам ірі өкілдері қолдаған. Хан шежірешісінің жазуына қарағанда, Екіретүпте, Атбасар маңында, Орталық Азияда, Сыр бойындағы қалаларды өзіне бағындыруда жеңіске жеткен ол Сығанақ қаласын өзінің астанасына айналдырған. Әбілхайыр хандығы 40 жылға жуық өмір сүрген.

Алтын Орданың ыдырауының нәтижесінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында құрылған ірі мемлекеттік бірлестіктердің бірі – Ноғай Ордасы болды. Орданың негізі ХІҮ ғасырдың соңында Едігенің кезінде (1396-1411 жж.) қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік – шығысында да айтарлықтай тарихи өзгерістер болып жатты. Бұл аймақ Шағатай ұлысының қарамағда болатын. Ұлыстың ыдырауына байланысты Оңтүстік – Шығыс Қазақстан жері жаңа құрылған Моғолстан мемлекетінің құрамына енді. Мемлекет Жетісу мен Шығыс Түркістан және Қырғыз жерін алып жатты. Мемлекеттің алғашқы ханы Тоғылық Темір болды. Оның орталығы – Алмалық қаласы. Тоғылық – Темір ислам дінін енгізудің жолында көп әрекет жасаған хандардың бірі.

Мемлекеттердің әлеуметтік дамуы. ХІҮ – ХҮ ғасырларда мемлекеттердің қоғамдық дамуы таптық құрылымның өсіп – жетілгендігін көрсетеді. Жоғары таптың өкілдеріне Шыңғыс тұқымдарынан шыққан ақсүйектер мен жергілікті ру-тайпа көсемдері – хандар, сұлтандар, ірі байлар жатты. Хан үстем тап өкілдерінің қатынасуымен, хан кеңесінде сайланды. Хан кеңесі хандық өкіметтің жалпы жұмыстарына басшылық етті. Олардың ішінде, әсіресе диуан қызметкерлерінің рөлі күшті болды. Алтын Ордада олар басқару жұмыстарымен айналысқан. Олар алым – салық жинаумен де айналысты. Диуандардың жұмысын реттеп отыратын білікшілері болған. Хан кеңесінің тағы бір көрнекті қызметшілері – даруғалар. Бұларды ханның өзі моңғол тұқымдарынан сайлаған. Бұлар салық жинаушы мәліктердің үстінен бақылау жүргізді. Ақ Орда мен Әбілхайыр, Моғолстан хандықтарында отырықшы және мал өсірумен айналысатын халықты қараша деп атаған. Бұл сөз ерте орта ғасырларда түркілерде қарапайым халықтың қарабұдын деген атауынан қалған болуы мүмкін.

М.Х.Дулатидің айтуынша Моғолстан халқы төрт топқа бөлінген:

1. Туман ханның қол астындағы салық төлейтін халықтар;

2. Әскери қызметтегі адамдар;

3. Аймақтағы бағынышты ру – тайпалар;

4. Дін қызметшілері және жер иеліктерін ұстаушылар.

Бұл топтардың әрқайсысының атқаратын қызметтері болды.

Экономикалық даму. Қандай мемлекет болмасын олардың күш – қуаты экономикасына байланысты. Ал орта ғасырларда экономиканың қайнар көзі – жер мен су байлығы болды. Қазақстанда моңғол шапқыншылығына дейін жерге жеке иеліктің икта деген түрі белгілі болатын. Икта арабтың үлес деген сөзінен шыққан. Ол бойынша мемлекеттің жері феодалдарға шартты түрде беріліп, одан алым – салық алынды.
Жерге иелік түрлері

Икта



Інжу



Сойырғал



Тархандық

1. Мемлекеттік жер (диуандық);



  1. Інжу – ірі жер иелену (үстем тап);

  2. Вакуфтық (дін иелігіндегі);

  3. Миліктік (шаруалар).


ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы салық түрлері



Тағар

Хараж

Құшыр

Соғым

Зекет

Сыбаға

Сауын

қалан



Баж


ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Алайда, Шыңғысхан көзтоймастықпен қаншама жерді аяусыз қантөгіспен, зорлық – зомбылықпен, шапқыншылықпен жаулап алып, балаларына қаратқанымен, оның балалары арасында да, олар басшылық еткен ұлыстардың арасында не саяси, не экономикалық, не бір этникалық байланыс болған емес. Қайта олардың арасында, керісінше, билікке талас-тартыс күшейе түсті. Туыстық қарым – қатыстары да мезгіл өткен сайын суи түсті. Дегенмен, оқушылар, моңғол шапқыншылығының тұсында жасаған ата – бабаларымыздың ерлігін, Отан қорғау жолындағы қанкешті іс – әрекеттерін ұғынып, бағалау біздің парызымыз екенін естен шығармағанымыз абзал.



Ү. Бекіту сұрақтары:

1. Ұлықбекке жазған хатында «Сығанақ жайылымдары заң бойынша, әдеттегі құқық бойынша да маған тиісті» деп қай орданың ханы жазды? Ж. Ақ Орданың ханы Барақ

2. Ақ Орда деп қай ғасырдың ортасында аталды? Ж. ХІІІ ғасырдың жартысында

3.Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрылды? Ж. Жошы ұлысы

4. Алтын Орда мемлекеті кімнің басқаруымен құрылған? Ж. Батыйдың

5. Қай ханның тұсында Ислам мемлекеттік дін болып жарияланды? Ж. Өзбек ханның

6. Алтын Орданың орталығы? Ж. Сарай-Бату кейін Сарай-Берке

7. Ақ Орданың орталығы болған қала? Ж. Сығанақ

8. Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылды? Ж. Шағатай ұлысының

9. Әбілқайырдың хан сайланған жылы? Ж. 1428-1468ж.ж.

10. Әбілқайыр қанша жыл хандық етті. Ж. 40жыл

1 – тапсырма Топтастыру:




Салық түрлері

2 – тапсырма: Тарихи сынақ хат

Сонымен ХҮ ғасырдың екінші ширегінде .............. орнына Әбілхайыр хандығы құрылады. (Ақ Орданың) Алтын Орданың астанасы алғашында ............ кейін ......... болды. Батудан кейін билікті ....... жүргізді. (Сарай Батуда, Сарай Беркеде, Берке хан) Моғолстан мемлекетінің алғашқы ханы ......... болды. Оның орталығы - .... қаласы. (Тоғылық Темір, Алмалық) Икта арабтың ....... деген сөзінен шыққан .

3 – тапсырма:

«Жылдар сөйлейді»

1426-1427 жылдары........................................................................(Барақ Ұлықбекке қарсы жорыққа шығып, жеңіспен оралады.)

1428-1468 жылдары.......................................................................(Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы құрылады)

1327 – 1328 жылдары ........................................................................(Мүбәрак хан өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған. )

1227-1255 жылдары .........................................................................(Батый хан Алтын Орданы билеген)

Үйге тапсырма: №



Оқушыларды бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0f56
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f56 -> Сабақ Пәннің аты Уақыты: Кабинет: 14 Мұғалім Сабақтың атауы Білім керек бәріне Ф. Оңғарсынова
0f56 -> Ұлылар үндестігі әдеби сазды іс – шара Мақсаты
0f56 -> Сабақ жоспары. 11 сынып. Сабақтың тақырыбы: Бата. Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік
0f56 -> Сабақтың тақырыбы: «Бала Тұрар» Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»
0f56 -> Сабақ жоспары физика және техника 10 «К» сынып Факультатив физика қызықтары физика пәні мұғалімі : Умурзакова С. К
0f56 -> Сабақтың түрі: бекіту сабағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет