Тақырыбы: хіү-ХҮІ ғасырлардағы орта ғасырлық мемлекеттер


Мұқан Айтпенов, Көлбай Тоғысов



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі219,5 Kb.
#80245
1   2   3
Мұқан Айтпенов, Көлбай Тоғысов
  • Мақсаты:
    • 1918 ж. қаңтарынан Кеңес өкіметін нығайтуға белсене араласты;
    • 1918 ж. басынан большевиктердің алашордашыларға қарсы күресінде одақтасы болды.
    • “Кадеттер”
    • (конституцияшыл демократтар)
    • 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер ұйымы құрылды.
    • Мақсаты:
    • - бөлінбес, біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру;
    • Қоныстандыру саясатын қолдау.
    • Бұл партия Семейде “Свободная речь” газетін шығарып тұрды.
    • “Эсерлер”
    • (социал-революционерлер)
    • 1917 ж. көктемінде эсерлер ұйымы құрылды.
    • Мақсаты:
    • “ Жерді шаруаларға беру, жер – бүкіл халықтың меншігі – деген ұран көтеру;
    • патша өкіметінің отарлау саясатын айыптау.
    • 1917 ж. жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа Кеңестер эсерлердің қолында болды.
    • Мұсылман бағытындағы партиялар
    • 1917 ж. қыркүйек – Түркістан федералистер партиясы құрылды;
    • “Иттифок – и- муслимин” (мұсылмандар одағы) партиясы құрылды;
    • 1917 ж. наурызда “Шура - ислами” саяси ұйымы;
    • Мұсылмандар қозғалысы негізінде “Шура и Ислам” партиясы құрылды, Семейде, Гурьевте, Ақтөбеде, Қазалыда, Павлодарда, Верныйда халық комитеттері пайда болды.
    • 1917 ж. сәуір –Қазақтардың Жетісудағы облыстық съезі. Қаралған мәселелер:
    • -Халықты азық-түлікпен жабдықтау;
    • Өзін-өзі басқару;
    • Сот ісі;
    • Салық салу;
    • Білім беру және ағарту;
    • аграрлық мәселе;
    • Босқындарды Қытайдан қайтару;
    • қазақ-орыс қатынасын реттеу.
    • 1917 ж. 27 сәуір –7 мамыр -қазақтардың Семей облыстық съезі. Қаралған мәселелер:
    • - Автономия құру;
    • Ресейдегі ұлыстардың еркіндігі, теңдігі және ерекшеліктеріне сәйкес қайта құру мүмкіндігін беру;
    • Дала генерал-губернаторлығы және приставтарды тарату.
    • 1917 ж. 21 -26 шілде – Орынбор жалпықазақ съезі. Қаралған мәселелер:
    • Мемлекеттік басқару;
    • Автономия құру;
    • Жер мәселесі;
    • Халық милициясын құру;
    • Білім беру;
    • Сот ісі;
    • Дін мәселесі;
    • Құрылтай жиналысын шақыру;
    • Жетісудың ашыққан халқына көмек көрсету
    • 1917 ж. мамыр – мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі. Қаралған мәселелер:
    • Соғысты тоқтату туралы бітім жасау;
    • ұлттық-аймақтық федерациялық негіздегі демократиялық республика құру;
    • мұсылман әйелдерінің саяси және азаттық құқықтары жағынан ерлермен тең құқылы болуы;
    • көп әйел алушылық пен қалың малға қарсылық;
    • 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу;
    • міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру
    • 1917 ж. 5-13 желтоқсан – Орынбордағы жалпы қазақ съезі. Қаралған мәселелер:
    • территориялық-ұлттық автономия құру;
    • Қазақ (қырғыз) облыстарының автономиясына Алаш атауын беру;
    • Автономиялы Алаш облыстарының территориясын Алаштың мемлекеттік меншігі деп жариялау;
    • Алаш автономиясының Конституциясын Бүкілресейлік құрылтай жиналысында бекіту және т.б.
    • ХХ ғ.басындағы қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы
    • Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы ХХ ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты.
    • -1902 ж.қазақ тіліндегі мерізімді баспасөздің алғашқы басылымдары “Түркістан уәлаятының газетін” , “Дала уәлаятының газетін” отаршылдық өкімет органдары құрды.
    • 1907 жылғы наурызда Троицкіде “Қазақ” газетінің бірінші нөмері шықты.
    • -1911 ж. 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді “Қазақстан” газеті шықты.
    • 1913 ж. қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда “Ешім даласы” газеті шығып тұрды.
    • 1911 ж. 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап” ұлттық журналының бірінші нөмері шықты. Бұл журналдың 1915 ж. қыркүйекке дейін айына бір рет, 88 нөмері мен 1000 дана таралымы болды.
    • “Қазақ ” газеті 1913 ж. ақпаннан 1918 ж. қаңтары аралығында 3000 дана таралым мен 265 нөмері жарық көрді.Ал, жекелеген нөмерлері 8000 данаға дейін жетті.
    • “Қазақ” газеті ХХ ғасырдың басындағы азаттық қозғалысының стратегиясын анықтап берді.
    • Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі үлесі
    • ХХ ғасырдың басында зиялылар салауаттылық қоғамдары мен халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі қоғамдардың ашылуы туралы шешім қабылданды.
    • Осылайша, ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары орыс географиялық қоғамы жергілікті бөлімшелерінің жұмысына белсене араласты.
    • Мәселен, көрнекті қазақ жазушысы Ш.Құдайбердиев Семей бөлімшесіне материалдық қолдау жасады. Онда Ж.Ақбаевтың, Ә.Бөкейхановтың еңбектері басылып шықты.
    • Сонымен қатар, 1905-1907 жж. революциядан кейін Жетісу облысында Орыс географиялық қоғамы белсенділік көрсетті.
    • Қазақстанның және қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге В.В. Радлов, Г.Н.Потанин, Н.Я.Коншин, Н.А. Аристов және т.б үлес қосты.
    • ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанның табиғи жағдайлары мен әлеуметтік мүмкіндіктерін зерттеу жөніндегі экспедициялар жұмыс істеді.
    • Осылайша, Қазақстанды зерттеу жөніндегі әртүрлі ғылыми мекемелердің қызметі ғылым тарихын зерттеу нысанына айналды.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет