3. Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі үлесі
Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі саяси партиялардың мүшесі болып оралды:
Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының революцияшыл одағы”;
Ақмолада – “Жас қазақ” ұйымы;
Петропавлда – “Талап”ұйымы;
Спасск зауытында – “Жас жүрек ” ұйымы;
Омбыда – “Бірлік” ұйымы” құрылды.
Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ өлкесінде көппартиялы жүйе қалыптасты. Билік жолында күрескен саяси партиялар мен ағымдар дағдарыстан шығудың алуан түрлі бағдарламаларын ұсынды.