Біз қазақ баспасөзінің дәлірек айтсақ, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің сипатына тарихи тұрғыдан тоқталып өттік



Дата07.02.2022
өлшемі22,84 Kb.
#91546
Байланысты:
Әдеби сын
21 ғ әдебиет, Әдеби сын, Әдеби сын Жұлдыз


Біз қазақ баспасөзінің дәлірек айтсақ, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің сипатына тарихи тұрғыдан тоқталып өттік. Бұл кезең қазақ баспасөзінің енді-енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақ баспасөзінің қызметі орасан зор болды.Бір жарым ғасырға таяу ғұмыры бар қазақ баспасөзі халқымыздың тағдырымен біте қайнасып, бірге жасасып келеді. Осы мезгіл ішінде түрлі кезеңдерді бастан кешіп, біресе алға басып дамыса, енді бірде жүрісін баяулатып, тіпті тоқыраған тұстары да болмай қалған жоқ. Бір кереметі, қандай жағдайда да қоғамдық ойдың қозғаушы күші қызметін адал атқарып келеді. Оған тарих куә.Ұлтымыздың кейінгі жүз жылдан аса тарихының сырлы шежіресі – қазақ баспасөзі 19 - ғасырдың екінші жартысында «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» болып патшалы Ресей үкіметінің үкімімен дүниеге келді. Бұл басылымдар отарлаушы елдің жыртысын жыртып, жырын жырлау мақсатында шығарылғанымен, шын мәнінде, сол шеңбермен тұйықталып қалмай, ұлтымыздың жоғын түгендеу бағытын да едәуір көп еңбек сіңірді. Баспасөз – халықтың қоғамдық - әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени - әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге әсер ететін бірден – бір құрал.Қазақ баспасөзінің де халықтың саяси ой – пікірін оятып, дүниетанымын байытуға едәуір әсері болды. Газеттің ақпарат жеткізуші, үгіт –насихат саласындағы қызметі жөніндегі А. Байтұрсыновтың: “Газет –халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды” (Қазақ, 1898, №10) –деуі, газеттің әлеуметтік – қоғамдық өмір саласындағы алатын орнын, қызметін нақты бағалаудан туындаған. Азаттық жолындағы қозғалыста орыстың алдыңғы қатарлы жазушылары мен аса көрнекті публицистері баспасөзді күрес құралы етті.Мысалы, 1836 жылы А.С.Пушкин ұйымдастырған «Современник» журналын алпысыншы жылдары А.Г.Чернышевский мен Н.Л.Добролюбов басқарып, оны шаруалар революциясы идеясын насихаттайтын айбынды органға айналдырды. Қазақ ағартушылары қатарлы орыс баспасөзінің тамаша дәстүрлерінен үлгі өнеге ала отырып, қазақтың бұқарашыл публицистикасы мен журналистикасының негізін қалады.Қазақстанның қалаларында патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары болып табылатын газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомстволармен» қатар қазақ тіліне аударылып, Орынборда «Торғай» газеті, Омбыда «Дала уалаяты» газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және басқа кейбір қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды.XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың I жартысындағы қазақ баспасөзі патша үкіметінің екіжүзді мақсатына қарамастан, Қазақстандағы мәдениеттің дамуына елеулі әсер етті. Патша үкіметінің заңдарын, жарлықтарын жариялап, оның реакцияшыл, отаршылдық саясатын уағыздай отырып, сонымен қатар бұл газеттер өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мәселелерін көтеруге мүдделі болды. Газет беттерінде мал шаруашылығы жайлы, мектептер, егіншілік туралы және сауда туралы жазылып тұрды, қазақ халқының тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына, Қазақстанның археологиясы мен пайдалы кен байлықтарына арналған мақалалар басылып отырды.Алдымен аударма ретінде шығып, бірте - бірте дербес газет дәрежесіне дейін жетіп, қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» газеті (1870-1882) мен «Дала уалаяты» газеті (1888-1902) қазақ баспасөзі тарихының алғашқы бет ашарлары деп есептелінеді. Бұл газеттер патша үкіметі қойған міндеттер мен мақсаттарға, оның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға, Қазақстанда капиталистік қатынастарды орнықтыруға қызмет еткенімен, объективтік тұрғыдан қарағанда қазақтың тілі мен жазба әдебиетін қалыптастыруда, ұлттың мәдениеті мен экономикасының тарихын жазу жөнінде белгілі дәрежеде айтарлықтай роль атқарды.Бұл газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени - ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша үкіметінің отаршылдық саясатын күшейте түсу, оның бұйрық - жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын халық арасына кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатын көздеді.Қазақ әдебиеті сынының туу процесі баспасөз орындарының пайда болуымен және жазба әдебиетінің өркендеуімен тығыз байланысты. Әдебиеттің даму процесі өзіне тән ерекшеліктермен көрінеді де, соған орай сыни пікірлерін тудырып отырады. Жазба әдебиеттің идеялық-шығармашылық арнасынан бағыт-бағдар алып, ұлттық ой-сана мен эстетикалық талап-талғам деңгейінен көрінеді. Мәнді шығарманың нәрлі сынының тууына, үлкен дарынды ойлы пікірдің өрбуіне жағдай жасайтынын Абай негізін қалаған реалистік әдебиеттен айқын аңғарамыз. Бұл процесте әлеуметтік-қоғамдық және эстетикалык, жағдаяттар шешуші рөл атқарады. Сондықтан Абай жолымен өркендеген қазақтың жазба әдебиеті өнерпаздық тұлғасы зор сыншыны дүниеге келтірмесе де, эстетикалық құны бар сана-сезімді, ой-пікірді оятты. Мәселенің түйіні — Абай дарынына пара-пар келетін сыншының жеке-дара шығуында емес, Абай салған жаңа, соны жолмен әдебиетті әрі қарай өркендете беруге бас-көз бола аларлықтай ұжымдық сын пікірдің тууы қазақ мәдениеті үшін аз олжа емес. Сондықтан қазақ сынының туу процесін белгілі бір сыншының дүниеге келуімен сабақтастыруға келмейтіні осыдан. Сонымен ана тіліндегі баспасөздің пайда болуы жазба әдебиеттің өркендеуін тездетті, нәрлендірді, ал ол өз тарапынан сын жанрының негізін қалап қана қоймай, оған творчестволық ықпал жасады.Қазақ баспасөзінің дүниеге келуі. «Түркістан уәлаяты газеті», «Дала уәлаяты газетіндегі» сыншылық ойлардың көрінісі. Газеттердің қазақ тілінің тазалығын сақтау, оны орынсыз шұбарламау жайындағы берік көзқарасы. Жарнама, дәйектеме, сындардың пайда болуы. М.-Ж. Көпеевтің газет бетінде Абай өлеңдеріне тұңғыш пікір айтуы. Тұңғыш газеттердің казақ әдебиет сынының тууына тигізген әсер-ықпалы.«Айқап» журналы оқырманның эстетикалық талап-талғамын қалыптастырудағы алғаш қадам жасаған басылымдардың бірі екендігі. Журнал бетінде әдеби-мәдени мәселелерге, аннотация, жарнама-сындарға кеңірек орын берілуі. Журналдың оқу-құралдары жөніндегі көзқарастары. С. Торайғыровтың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «өлең мен айтушылар» атты мақалалары «Айқапта» жарияланған ең құндысы және өнегелісі екендігі. «Айқап» журналының қазақ әдебиет сынын тудырудағы ролі.Әдеби-мәдени мұраны жариялау және оның қадір-қасиетін ел-жұртқа түсіндіре білу саласында «Қазақ» газетінің атқарған істері. Ә. Бөкейхановтың «Қобыланды жыры» сериялы мақаласының өзіндік ерекшелігі А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы қазақ әдебиетіндегі эстетикалық сынның соны сүрлеуі екендігі. Газет бетінде жарияланған А.Байтұрсынұлының, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың, Ғ.Қарашевтің, С.Сейфуллиннің т.б. сыншы ой-пікірлері. «Қазақ» газетінің әдебиет өркендетудегі маңызы.Жазба әдебиет дамуының әдеби сынның өркендеуіне тікелей әсері. Абай, Сұлтанмахмұт, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Ахмет, Міржақып, Шәкәрім т.б. шығармаларының жарық көруі сыншыл көзқарастың өрістей түсуіне жасаған ықпалы. Өлең жинақтарына алғы сөз түрінде жазылған дәйектеме сын әр қилы формада көрінуі. Әдеби ағымдар, әдеби мұра туралы пікір-таластар мен айтыстар. Абай өнері - өсер сынға өрелі өрнек, яғни қазақтың әдеби ой-пікірінің оянуына, сын жанрының тууына жасаған әсері мен ықпалы.Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиеттегі ахуал. Әдебиетке таптық принциптердің қойыла бастауы. ҚазАПП-тың қызметі. Тұрпайы социологиялық сындардың өріс алуы. Жікшілдік, ұлтшылдық туралы айтыс. Абай, Мағжан әдеби сында. А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы», М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы», X. Досмұхамедовтің «Қазақтың халық әдебиеті» еңбектерінің маңызы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет