Тақырыбы: «Химия сабағында әр деңгейлі тапсырмалар беру арқылы шығалмашылық кабілеттерін дамыту»



Дата18.08.2020
өлшемі27,25 Kb.
#76292
Байланысты:
баяндама тапсырма


Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Киев орта мектебі

Тақырыбы: «Химия сабағында әр деңгейлі тапсырмалар беру арқылы шығалмашылық кабілеттерін дамыту»

Орындаған: химия пәні мұғалімі : Алимова Г. Е.

2020 ж


Жалпы білім беру қызметінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғамда жүргізілген жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу, сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау, оқушының түрлі дара қаблеттерін арттыру.

Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, логикалық ойлау, шығармашылық қаблеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қаблеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыруға негізделеді.

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалімнің бойында мынадай қасиеттер болуы керек:


  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

  • Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

  • Білімді, іскер, шебер болу керек.

Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы-өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:



  • Дүниетаным қабілеті жоғары;

  • Дарынды, өнерпаз;

  • Ізденімпаз, талапты;

  • Өз алдына мақсат қоя білуі керек.

Қазір еліміздегі оқу орындары педагогикалық ұжымдар ұсынып отырған елуден астам педагогикалық технологияны қолданылып жүр, әрбір мұғалім өзінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша сабақ беруіне мүмкіндік алған. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қолдану қажет.

Химия – биология пәндерін оқытуда оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыстану, қызығушылықтарын артыру, теориялық білімдерін, практикада жүйелі түрде меңгерту мақсатында «Химия пәні сабақтарында оқушыларды деңгейлеп-саралап оқыту, ойлау қабілетін арттыру және дүниетанымын кеңейту» атты әдістемелік тақырыпта жұмыстанамын.

Оқушылардың білім – білік дағдыларын жетілдіру үшін деңгейлеп саралап оқыту технологиясын өз тәжірибеме енгіздім. Саралаудың негізгі ұстанымы оқыту мазмұнын тарылту емес, ол мұғалім тарапынан оқушыларға берілетін көмек болуы тиіс. Сондықтан деңгейлеп саралап оқыту технологиясын енгізу-оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді. Ол үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймай, тың ізденістер жасауы тиіс. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің шығармашылық белсенділігі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Өз пәндерімді оқытуда алдыма қойған мақсаттарым:



  • Оқудың мазмұнын және сапасын жетілдіру;

  • Әр күнгі сабағыма «деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын» кеңінен пайдалану;

  • Алған теориялық білімді саралап практикада қолдана білу;

  • Жай есептен күрделі есепке жылжи отырып, тұрақты және жүйелі түрде дамыту;

  • Ойлау қабілеттерін арттыра отырып, түрлі тапсырмалар арқылы, өз беттерімен жеке жұмыстануға ықпал ету,

  • Сынып ұжымы мен оқушының шығармашылықтарын арттыру мақсатында жұмыс істеу.

Деңгейлік саралау – оқушылардың бір сыныпта бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі. 
Оқушылардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Деңгейлеп оқытудың мақсаты – әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. 
Оқыту технологиясын пайдалану – оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді. Таным процесі үстінде кез келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар.  Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен бағаланады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығушылығы мен қажеттігін көтермелеу құралына айналады.

Химиялық білім беруде есептер шығару маңызды рөл атқарады, себебі, бұл оқу материалын неғұрлым терең және толық меңгеруді қамтамасыз ететін және алған білімдерін өз бетімен қолдана білуге үйрететін оқытудың бір түрі. Бұл туралы әйгілі ғалым-әдіскер Дьëрдь Пойа: «Есеп шығара білу практика жүзінде алынатын өнер», – деп айтқан. Есепті шығара білу біліктілігін тек қана бір жолмен – жай есептен күрделі есепке жылжи отырып, дамытуға болады.

Күрделілік дәрежесі бойынша есептер үш деңгейге бөлінетінін білесіздер.

Стандарттық және алгоритмдік деңгейлерді орындауға оқулық материалы жеткілікті болса, эврикалық деңгейдегі есептерді шығару үшін анықтамалық, оқу – әдістемелік құралдар, ғылыми әдебиеттер, химия пәніне арналған хрестоматиялар сияқты қосымша материалдарды пайдалану керек.

Алғаш оқушылар назарын химиялық элементтердің таңбаларын дұрыс жазу және оларды атай білу қажеттігіне аударам. Соның ішінде химиядан мемлекеттік стандарт талабына сәйкес, міндетті түрде меңгеруі қажет 20 химиялық элементке ерекше көңіл бөлем. Одан соң есепті шығару алгоритмін үйрете отырып, қарапайым тапсырмадан, күрделіге қарай дамыта беремін.

Оқушының алған білім сапасы мен деңгейіне көз жеткізу үшін әр тақырып соңындағы тапсырмалар мен есептерді, жұмыс дәптері мен есептер жинағын, дидактикалық материалдарды пайдалана отырып түгел орындатуға тырысам, сондай – ақ тапсырмалардың орындалу барысы, есептердің шығарылуын жұмыс дәптерлеріне жазғызып отырамын. Жаңа материалды терең түсіну үшін карточкалар, кестелер, тірек – сызбалар, электронды оқулықтар, көрсетілімді эксперименттерді қолданамын.

Бұдан деңгейлеп-саралап оқытудың тиімділігі:

- оқушының психологиялық танымы, теориялық дайындығы есепке алынады;

- сыныптағы барлық оқушы бірдей жұмыс жасайды, бос отырытын оқушы болмайды;

- деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі. Соның нәтижесінде оқушыда намыс оты оянады, басқалардан қалып қалмауға тырысады;

- есеп шығарудың әр түрлі тәсілдерін меңгереді,  әр түрлі деңгейдегі есептерді шығаруды үйренеді;

- дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға көмектеседі, өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін көтереді. Әрі оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндік береді;

- сыныпты ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

Әр сабағымда оқушылардың ой-пікірлерін, практикалық есептер шығару сабақтарында, есептерге талдау жасап барып, шығаруға және химия сабағында логикалық есептерді көбірек шығартуға көңіл бөлемін.        Сабақ беруде топпен жұмыстану технологиясын басшылыққа ала отырып, оқушыларды топпен ұйымдасып жұмыстануға, жүйелі ойлай білуге үйретемін. Әр өтетін сабағымда осы әдісті жиі пайдаланып отырамын.

Оқушылардың тиянақты білім алып, химия-биология пәндеріне қызығушылықтарын ояту бағытындағы, «Пияз, інжугүл туыстастар» тақырыбындағы бекіту, «Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының алдын алу»  «Қышқылдар құрамы, алыну жолдары», «Сутек және оның алыну жолдары», тақырыбында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясымен өткізген сабақтарымды айтуға болады.

«Жаңа технология-заман талабы» атты семинар-тренингта, «Химия сабағындағы деңгейлік тапсырмалар-нәтижеге бағытталған білім беру құралы» тақырыбындағы іс-тәжірибем, мектепішінде таратылды.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалана отырып, жұмыс жасаған уақыт ішінде байқалған оңды өзгерістерді өзім сабақ беріп жүрген 8 сынып оқушыларының 3 жыл көлемінде мынандай нәтижесінен көруге болады: 35%-дан - 40%-ға; 45%-48%; 50-52%-ға білім сапасы артты. 
Менің тәжірибемдегі деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланған сабақтарды дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда, білім сапасының өскендігін байқауға болады, сабақ беретін 72 оқушының 68-і (50%) химия пәні бойынша, «4-5»ке оқиды.

Жалпы осы технологияның жетістіктері мынандай болып табылады: 


- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;

- оқушының ынталандыруға;

- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;

- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;



- баға әділдігіне;

Қорыта айтқанда, болашақтың  бәсекесіне қаблетті ХХІ-ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай әр ұстаз - ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғары мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары деңгейлі жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенім білдіремін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет