Имиджді қалыпатстыру бойынша психологиялық немесе психотерапиялық бағыттар бойынша ө



Дата04.12.2019
өлшемі25,33 Kb.
#52998
Байланысты:
имиджді қалыптастыру психотехникалары

Имиджді қалыпатстыру бойынша психологиялық немесе психотерапиялық бағыттар бойынша өткізілетін психотехникалар көбінде гештальттерапия, арт-терапия, психодраммалар, ойын психотерапиялары қолданылады. Және де психотехникалардың көбісі бихевиоризмге негізделіп келеді.

Имидж қалыптастырудың маңызы қандай? Кез келген адамның белгілі бір имиджі болады. Имидж сөзінің өзі ағылшын тілінің «image» сөзінен шыққан. Оның мағынасы белгілі бір тұлғаның болмысын көрсететін бейнесі. Нақтырақ айтқан кезде сыртқа ортаның сіз туралы жинақталған ойы. Қоғамда белсенді болу, адамдармен қарым-қатынас орнату. Олармен тығыз байланысты болу үшін имидж қалыптастыру маңызды.

Ал оны қалыптастыру үшін не істеу керек? Алдымен сыртқы имиджді қалыптастырыңыз. Киіміңіз, түр-әлпетіңіз, сыртқы көріністің талабына сай түрлі аксессуарлар пайдалану.

Мимикалық имидж арқылы қарсы беттегі адаммен қалай сөйлесу керектігін аңғарыңыз. Бұл имиджді қалыптастыру үшін күнделікті айнаға қарап жаттығу жасаңыз. Көзіңізге, түріңізге, қолыңызға қараңыз. Олар қалай қозғалады – бәріне мән беріңіз. Кинетикалық имидж. Бұл – сіздің жүріс және отырыс кезінде өзіңіздің денеңізді ұстау әдісіңіз. Мәселен, бір шынтақтап отыру, шалқадан түсіп жатып алу әдепсіз көрінеді. Әсіресе иықты кең әрі тік ұстаңыз. Бүкірейіп жүрудің өзі адамға әсер етеді. Бейварбалды имидж. Сіз жақсы сөйлей аласыз ба? Бұл жерде тек дауыс, ырғақ емес, сөздік қорыңыз да маңызды. Сұлу сөйлей білу, адамның тілін табу – үлкен өнер. Ал сұлу сөйлей тұрып паразит сөздерді де көп пайдалансаңыз, одан ешқандай нәтиже шықпайды. Ескеріңіз!

Рухани имидж. Тұлғаның өмірге деген, қоғам деген ойы, көзқарасы. Бұл жағынан, ең бірінші, білім керек. Білімді игеру арқылы сіз бұл имиджді қалыптастыра аласыз. Сондықтан барынша сауатты болыңыз.

Материалдық имидж. Мұның артында ақша, көлік және үй тұр. Бұл – міндетті емес имидж түрі. Дегенмен, бұл шыңға да жетуге болады. Ол үшін жоғарыда аталған имидждерді қалыптастыру керек. Сол кезде ғана сіздің толыққанды тұлғалық имиджіңіз пайда болады.



Сырт   —   бейнелік (габитарлық)   имидж   туралы   түсінік. Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus – сыртқы пішін, көрініс) имидж. Оның құрылу принциптері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс - тұрысы. Егер конституциямен басқару қиын болса, сыртқы пішіннің өзге жақтарын басқару жеңіл. Атап айтатын болсақ, дұрыс таңдап алынған макияж образдың мақсатты - тиімділігін арттырады, қоғамдағы әлеуметтік топтың ассоционациясы арқылы габитарлық имиджді ынталандырады. Имидждің осы аталған түрі қазіргі кезеңде теледидарда қалыптасуда. Имидж сыртқы киімді таза, тартымды киінумен айшықталады. Іскер әйелдің киім кию стилі - консервативті, қызмет  бабында қолданылатын киімде түсті ғана қолданылуы тиісті. Габориттік имидж адамның мәдениеттілігін сипаттайды. Оның киім киісі мен сыртқы формасы мен көрінісі тартымды, мақсатты болса, этикеттік ережелерге жауап бере алады

  Киім   кию   мәдениеті  мен  макияж    стратегиясы. Тартымды, қарапайым стильде таңдап алынған киім оны сенімділікке, жинақылыққа белсенділікке жетелейді. Киімнің әсемдігімен әдемілігі оның сыпайылығы мен тағайындалуына байланысты: қызмет, спорт ойындары, үй шаруасы, мейрамдар үшін. Әйел кісілердің киімдері түрлі аксессуарлы сипата жасалынады: шляпа, аяқ-киім, сөмкелері, шарфтары. Этикеттік ережелер әйел кісілерден элегантты киім киюлерін талап етеді. Ер кісілердің қазіргі заманның талаптарына сәйкес костюм, көйлектер, галстуктармен сәнделе киіністері элегантты көрсетеді. Элегантты киіне отырып мінез-құлықтарға ие болу, габаритті сыртқы көріністі имидж тұлғаны қоршаған ортаға тиімді және тартымды көрсетеді. Жекелей тұлғалар мен кездесу, қабылдау кезеңдерінде, қолды алға созып емес, соңғы кезеңде амандасуға созу қажет. Қолды қатты қыса отырып амандасу шарт емес. Әйел кісілермен амандасуда бас киімді шешуді ұмытпау қажет. Егер әйел кісі бөлмеге кірген сәтте, ер кісі орнынан тұрып амандасуы қажет. Әйел кісілерге пальтосын, сыртқы киімдерін әперу, ұсыну сыпайлықтың белгісі. Ер кісі бас киімін бірінші шешіп, соңынан киеді. Бөлмеге кірген адам оның дәрежесінен тыс бірінші болып амандасуы тиісті. Танысыңызды кездестірген сәтте бөлменің, коридордың ортасында тұрып алмай, шеттей тұрып әңгімелесіңіз. Сөйлесу, сұхбаттасуда әңгімелеушінің сөзін бөлуге, өзге обьектілерге саусақты ұштап көрсетуге болмайды. «Сіз деп сөйлесу сыпайылыққа жатады. өз-өзіңізге басқылау жасап өзге сұхбатнамаларға араласпау, әріптесіңіздің оқып отырған кітабына қарамау қажет. Мәжіліс, жұмыс барысы басталып кеткен жағдайда, кешігіп келіп қалсаңыз үстел басындағы тұлғаларға өзіңізді таныстыру, қолдарын алып амандасу қажет емес. Жалпылай басыңызды изеп отырып амандасып, тиісті орныңызға отырыңыз. Қолды қалтаға салып жүру әдептілікке жатпайды. Метро, троллейбусқа, автобусқа мінуде немесе түсуде әйел кісілерді, ересек адамдар мен балаларды алдымен жол беріңіз. Жеңіл автокөлікке отыруда ер адам соңынан мініп, ең бірінші болып түседі. Қоғамдық транспортарда ер адам әйел кісілерге, ересек адамдар мен балаларға орын беруі тиісті. Егердің сіздің тарапыңыздан орындалатын іс-қимылдар мен әрекеттер тұлғаға ұнамаса оны жайына қалдырыңыз. Өте қатты сөйлеуге, сұхбаттасуға болмайды. Косметикалық әсем заттарды қолдануда сенімділікті сақтау қажет. Өте өткір иісті суларды, қоршаған ортаға тартымсыз, иіс суларды қолдану қажет емес. Қоғамдық транспортта, жолда, көшеде тамақтану немесе шайнау тартымсыз. Сіз өз киіміңізді, немесе отырған орыныңызды ластауыңыз мүмкін. Саябақтарда қағаздарды, тамақтың қалдықтарын, консерваның банкаларын және өзге де лас қалдықтарды тастамаңыз.

 

Тұлғаның рухани келбеті-тұлға имиджінің негізгі көрсеткіші ретінде. Тұлғаның  рухани  келбетінің аяқтан тұрып қалыптасуы, зерделіліктің дамуымен, тұлғалық мінез - құлық мәдениеттілігін тәрбиелеуменен, рухани дүниесін байытумен тікелей байланысты. Қазіргі заманда этикалық мінез - құлықтар үшін тұлғаға  қажетті білімдер жетіспейді. Ол экономимкалық, гуманитарлық, жалпы мәдениеттілік. Тұлға  имиджін қалыптастыру мақсатында - азаматтарды мәдениеттілік мінез - құлықтарды дамыту мақсатында тарихи іс -тәжірибелерге, өркениетті даму нормаларына, жалпы адамгершілік құндылықтарына оқыту, тәлім - тәрбие беру жүйелерін қамтамасыз ету қажет. Мәдениеттілік барлық адамзаттың өндірістік және өндірістік емес салалардағы кәсіпкерлік, нормалары мен мұрағаттылықтарын меңгере алулары үшін қажетті. Осы проблемадағы ең басты көрсеткіш ол жеке тұлғаның моралдық принциптері мінез - құлықтың жалпы адамгершілік кодексі: ұрлама, алдама, мұң - мұқтажды адамдарға көмектес. Ар - ождандылық заңдылықтары бойынша іс - әрекеттелетін осы кодекс, шет мемлекеттердегі іскер әлемде аса құнды. Бір мезгілде өз тұтынушысы мен клиентін алдаған кәсіпкер екінші рет оның сеніміне табыс ар - ождандылықты, іскер моралдылықты, өнегелілік пен ізгі - ниеттілікті жоғалтпауы тиісті. Ұжым имиджін құрудағы табысқа жетудің басты шарты жекелей және жалпы қоғамдық көзқарастарды біріктіре, жүйелей білу. Адамгершілік, сенімділік - кәсіпкерліктің құнды капиталы. Кәсіпкерліктегі жаңаша типті қарым - қатынастылықтың және жаңа кәсіпкердің аяқтанып қалыптасуындағы бір шарттарының бірі меценаттылықты, мейірімділік пен шапағаттылықты қайта жаңғырту, қалыптастыру. Атап айтатын болсақ, «Жаңажылдық қоңырау» акциясында Ростов Дон қаласының 43 мектеп оқушылары қатынасты. 114 мерейлі іс - шаралар орындалды. Осы іс - шаралар арқасында балалар үйіне, облыстық аурухана, клиникаларға, әскери госпиталдардағы солдаттарға, нашар тұрмысты жанұяларға, соғыс ардагерлеріне, төмен табысты азаматтарға, әлеуметті және материалды көмектер көрсетілді. Шапағаттылық пен мейірімділік, мұң - мұқтажды адамдарға көмек көрсетуге дайын болу – ұжымның өнегелі, мерейлі имиджін құрудағы ең маңызды құралы болып табылады. Этикалық факторды кәсіпкерлік іс - әрекеттіліктер, формалары, әдістемелері мен нәтижелік көрсеткіштерін анықтайтын құнды құрал ретінде қарастыру қажет. Өнегелі фактор – қандай да бір сала мен шарттар болсын кәсіпкерлік мақсаттылығының критериясы болып табылады. Өтірік пен өнегесіздік бағытында сәттілікті құруға болмайды. Кәсіпкерлікте жетістіктер мен табысқа жету үшін, кәсіпорындар мен мекемелер белгілі бір өнегелі ортаны атмосфераны құра отырып, елді халықты қызмет етудің жоғарғы деңгейіне жете білуі тиісті. Этикалық фактор - қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға жетілдіруге жетелейді, ол оның қызмет көрсету саласында болмауы оның тиімділігін төмендетеді.

Имидж-техникасы "Шетелдік сияқты көріну"

Атауы. Имидж-техникасы "Шетелдік сияқты көріну"

Мақсаты.

Техника өзіндік имеджді құрудағы икемділікті дамытуға, имидждің негізгі компоненттері туралы түсінікті кеңейтуге көмек береді.

Қасиеттер. Имидж

Мазмұны.


Шетелдік сияқты көрінуге тырысыңыз. Ол сіздің қолыңыздан келе ме әлде жоқ па? Мұнда көп адамдарға ең жеңіл тәсіл - шет тілде өзін таныстыру. Бұл өте жеңіл тәсіл, соның ішінде шетелдік лексика мен оның айтылуын жетік білетін адамдарға. Сізден бұл техникада дәл шетелдік сияқты көріну үшін тырысу талап етіледі.

Визуалды бейненің кез-келген өзгеру амалдарын қолдануға болады:

- өзіңіздің гардеробынызды жаңарту;

- шаш үлгісін өзгерту және т.б.;

- жүрісіңізді өзгерту;

- шетелдіктерге арналған бір ерекше өзін ұстау мәнерін бойынызға сіңіру;

- жаңа бет-әлпетін игеру.

Шетелдіктер әр-түрлі болатыны түсінікті. Бір уақытта қытайлық және ағылшын адамын салу өте қиын. Сондықтан сізге, қай шетелдік адамды сомдайын деп жатқанынызды бірден анықтап алу, талап етіледі. Егер де кем дегенде бір адам сіздің кішігірім алдауыңызға "сеніп" қалса, онда өзіңізді сәттілігінізбен құттықтай берсеңіз болады.

Бұл жаттығу өзіндік имедждің икемділігін дамытуға, өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге деген сенімді жоғарлатуға тікелей бағытталған. Егер сіз өзіңіздін қайталанбас имеджінізді құрып жатсаңыз, онда сізге міндетті түрде шетелдік сияқты көрінудің қажеті жоқ. Бірақ, сіз шетелдік сияқты көріне алмасаңыз, онда сізге өзіндік имедждің иесі болу өте қиын.
Имидж-жаттығуы "Валет - Дама - Король"

Атауы. Имидж-жаттығуы "Валет - Дама - Король"

Мақсаты.

Жаттығу өзіндік имедждің икемділігін дамытуға және де басқа адамдардың имеджін қабылдауға көмегін тигізеді.

Қасиеттер. Имидж. Бақылағыштық.

Мазмұны.


Егер сіз сәл байқағыш немесе өзіңіздің өзіндік имеджінізді дамытқаныз келсе, онда сізге келесі жаттығу үйлеседі.

Бос уақытынызда далада немесе қоғамдық орындарда демалыныз. Кездестірген әр ересек адамды, бір типке енгізуге тырысыңыз(ойын карталарына байланыты):

"Түйе Дама" - тартымды бикеш

"Қиық Дама" - жақсы бикеш

"Крест Дама" - салмақты бикеш

"Қарға Дама" - жаман бикеш

"Түйе Валет" - тартымды жас (жастау) жігіт

"Қиық Валет" - жақсы жас (жастау)жігіт

"Крест Валет" - салмақты жас (жастау)жігіт

"Қарға Валет" - жаман жас(жастау)жігіт

"Түйе Король" - тартымды кісі

"Қиық Король" - жақсы кісі

"Крест Король" - салмақты кісі

"Қарға Король" - жаман кісі

Демалудың соңында мына сұрақтарға жауап берініз:

- Қандай белгіге байланысты мен адам имеджін қай типке жатқазамын?

- Менің көзіме қандай типтегі адам жағымдырырақ?

- Маған қандай типтегі адам бәрінен де жоғары үйлесімді?

- Осы немесе басқа типтегі адамға жақындау үшін, мен өз бейнемді қалай өзгерте аламын?
Имидж-техникасы "Қайталап сұрауға мәжбүрлеме"

Атауы. Имидж-техникасы "Қайталап сұрауға мәжбүрлеме"

Мақсаты. Техника басқа адамдармен сөйлескенде жағымдырырақ болуға көмектеседі.

Қасиеттер. Имидж

Мазмұны.

Адамның имеджі оның өзін білдіру ерекшелігі бар жағдайды өте қатты құртады, сондықтан сіз одан қайтадан сұрауыңыз керек:

- Сен нені мензеп тұрсын?

- Сен не дедін?

Сіз 3 жағдайда өзіңізден қайталап сұрауға мәжбүрлейсіз:

- сөзді анық емес қылып айтқан кезде,

- сөздің мағынасы шиеленіскен кезде(термин сөздерді мен өзара ұқсас сөздерді қолданғанда және грамматикалық шатасу болған кезде),

- сіздің сөзініз өте контекстті болған кезде(өте түсініксіз ым-ыширадан құралған кезде).

Сізбен сөйлесіп отқан адам қаншалықты мәдениетті болса, сіздің түсініксіз сөзініз соншалықты өзіңіздің имеджнізге кері әсерін тигізеді. Сондықтан да, әңгімені аяқтағаннан кейін, өзіңізге 3 сұрақ қойыңыз:

1. Мен, әңгімелескен адамды анықтамалық сұрақ қоюға мәжбүрлндім бе?



2. Осы сұрақ төңірегінен қашып кетуге мүмкіндік болды ма?

3. Әңгімені мүлдем қысқартып тастауға мүмкіндік болды ма?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет