- химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарымен таныстыру;
- химиялық реакция жылдамдығы және оған әсер етуші факторлар жайлы түсінік беру.
2. Білімдік сипаты:
- сабақ барысында дәстүрлі оқыту мен жаңа технологиялардың кейбір элементтерін пайдалана отырып оқушылардың бойында химияға деген білімді қалыптастыру.
3. Тәрбиелік сипаты:
- оқушылардың бойына химия ғылымына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Отаншылдық рухтағы жас жеткіншектерді тәрбиелеу;
- сынып оқушыларының ортақ мүддеге деген қызығушылығын арттыру.
З е р т т е у
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі
- орта мектеп бағдарламасындағы 10-сыныптың химия пәнінде 4 сағатқа берілген “Химиялық реакцияның жылдамдығы мен оған әсер етуші факторлар” тақырыбында өткен сабақта оқушылардың ғылыми ізденісін дамыту көзделді;
- аталған сабақта оқушыларға жеке тапсырмалар беру жүзеге асты. Сабаққа арнайы мониторинг жүргізілді;
- жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушыларды сабаққа қызықтыру (топқа бөлу, деңгейлік тапсырмалар т.б қолданылды).
З е р т т е у
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні :
Мектеп оқушыларына химия сабағында жаңа әдіс-тәсілдермен “Химиялық реакцияның жылдамдығы мен оған әсер етуші факторлар” бөлімі бойынша терең түсінік беру. Сабақты ғылыми жұмыстармен, шығармашылық жетістіктермен байланыстыру – ғылыми жұмыстың ғылыми мәні ретінде танылады.
Сабақ барысында оқушылардың өзіндік жұмысы оқушылардың пәнге деген ынтасын арттыру, өзіндік жұмысқа бейімдеу – практикалық мәні болып табылады.
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
Химиялық кинетика – реакцияның жүру механизімін, жылдамдығын және жылдамдықта әрекеттесетін заттардың концентрацияларының, температураның, қысымның, катализаторлардың әсерлерін зерттейтін химияның бөлімі.
Химиялық реакцияның жылдамдығы деп - уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының өзгеруін айтады.
Реакция жылдамдығы
Гомогенді реакция жылдамдығы деп – жүйенің белгілі бір көлемінде уақыт бірлігі ішінде реакцияға қатысқан немесе реакция кезінде түзілген заттың мөлшерін айтады:
Vгом = ±
Гетерогенді реакцияның жылдамдығы деп – фаза бетінің аудан бірлігінде белгілі бір уақыт ішінде реакцияға қатысатын немесе реакция кезінде түзілетін заттың мөлшерін айтады:
Vгетерог = ±
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
Реакция жылдамдығы
Орташа жылдамдық:
А+В=С+Д теңдеуі бойынша өтетін реакцияның жылдамдығын жалпы түрде қарастырайық. А заты жұмсалған сайын реакция жылдамдығы кемиді.(1сурет), А затының концентрациясы белгілі бір t1уақыт кезеңінде с1шамасымен өлшенеді, ал t2 кезеңінде с2 – ге тең, сонда ∆t = t2 - t1 уақыт аралығында заттардың концентрациясының өзгеруі ∆с = с2 - с1 құрайды, осыдан реакцияның орташа жылдамдығы (ν) мынаған тең:
«минус» белгісі А затының концентрациясы кемігеніне сай, яғни с2 - с1 айырмасы теріс мәнді болғанда қойылады, өйткені реакция жылдамдығы тек оң шамалы болады.
Лездік жылдамдық:
Берілген уақыттағы (сол сәттегі) реакция жылдамдығын лездік (шын, нағыз) жылдамдық
дейді, ол тең:
Реакция жылдамдығы әркез оң мәнде қабылданады, сондықтан әуелгі концентрациялар туындысы «минус» белгісімен, ал реакция өнімі «плюс» белгісімен алынады.
Орта мектептің “Жаратылыстану-математика” бағытындағы химия пәніне 10-сынып бойынша жылдық жүктеме 102 сағат. Оқулықта
IV тарау ”Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары” деп аталады. Тақырыпты меңгеру барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы анағұрлым өсе түсті. Бұл сабақты өту барысында жаңа технологиялардың кейбір элементтерін пайдалана отырып оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға тырыстым.
Осы сабақты өту барысында сабақты жаңашылдықпен өту қажет екенін түсіндім. Химия сабағына деген оқушылардың ынтасы жаңа міндеттер қойды. Белгілі бір технологияға сертификат болмағандықтан бұл зерттеуде “Назарбаев” университеті мен Кембридж университетінің үш айлық курсының тыңдаушыларынан көмек алдым. Сабақтың барысында бұл әдістерді тиімді пайдалануға тырыстым. Негізгі мақсатым оқушыларға теория мен логикалық ойлауды ұштастыра отырып терең білім беру.
ІІ. Зерттеу бөлімі 1. Дайындық кезеңі
Егемен еліміздің жас жеткіншектерін тәрбиелеу барысында жаңа технологияларды, заманауи үрдістерді пайдалана отырып әлемдік деңгейде білім беруіміз қажет. Бұл істе жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесімен таныса отырып, үнемі ізденісте болуымыз керек. Тәуелсіз қазақ еліндегі білім жүйесінің алға дамуы ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзінде айқын көрсетілген. “Экономикалық көрсеткішіміздің өсуіне орай біздің қоғамымыздағы мәдени және білім деңгейінің артуына, жаңа қазақстандық зияткер ұлт қалыптасуына ерекше назар аудару қажет” деп атап көрсетуі, білім беру саласының еліміздегі даму үдерісіне атсалысатын жаңашыл, білікті мамандарды дайындау қажеттігін міндеттейді.
Білім және ғылым министрлігінің химия және биология пән мұғалімдерінің Республикалық I съезінде білім беруді дамытудың
2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беруді дамыту айқын көрсетілген.
Жоғарыда аталған факторларды негізге ала отырып зерттеу тақырыбымды §§ 4.1, 4.2 “Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер етуші факторлар” сабағы деп алдым.
1. Сабақ өту барысында оқушылардың ақпаратпен өздері танысып ізденуіне жол ашу.
2. Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер етуші факторлар жайлы деңгейлік тапсырмалар беру.
3. Зерттеу жұмысты мектеп бағдарламасын негізге ала отырып жүзеге асыруда жаңа ақпараттармен(ғаламтор, ғылыми әдебиеттермен) үзбей танысып отыру.
4. Негізгі бөлім 4.1. Ақпаратты сараптау, жүйелеу
Химия пәнінің ерекшеліктерін ескере отырып сабақ барысында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар беру арқылы үйлестіру көзделген. Топтық жұмыстармен қатар деңгейлік тапсырмалар беру арқылы да ақпаратпен таныстыру қамтылды. Мұндай тәсілдерді жүйелі пайдалану өз жемісін береді деген үміттемін. Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер етуші факторлар (катализатор, температура, концентрация, әрекеттесуші заттар табиғаты, әрекеттесуші заттардың жанасу беті) жайлы түсінікті қамти отырып сынып оқушыларын сабақ пен өзіндік ізденістерін дамыту көзделді.Оқушылар бойындағы ерекшеліктеріне қарай химия пәніне деген қызығушылығын арттырып, тұлғалық қасиеттерін жетілдіріп отыру ұстаз есебінде біздің парызымыз.
Сабақтың өтілу барысы
Сабақтың тақырыбы:Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етуші факторлар.
Жалпы мақсаты:Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етуші бес фактор туралы терең түсінік беру. Оқушылардың бойына химия ғылымына деген қызығушылықты арттыру.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:әрекеттесуші заттар табиғаты, температура, концентрация, катализатор, заттардың жанасу бетіне сипатын ашу.
Негізгі идея:Топқа бөлу, АКТ
Сабақта қолданылатын материалдар:постер, презентация
Оқу әдістері:топтық жұмыс, деңгейлік тапсырма (А,В,С)
Негізгі түсіндірулер (термин):гомогенді, гетерогенді жүйе
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.(3мин). Оқушылармен сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару, топқа бөлу (сандар бойынша 5 топқа).
Үй жұмысын бағалау: (8 мин).§ 4.1 Химиялық реакцияның жылдамдығы тақырыбы бойынша деңгейлік сұрақтар.
А деңгейі сұрағы: Гомогенді,гетерогенді реакциялардың жылдамдығының айырмашылықтары, математикалық өрнектерін жазу.
В деңгейі сұрағы: Химиялық реакциялардың жылдамдығын зерттеу не үшін қажет?
С деңгейі сұрағы: Гомогенді, гетерогенді жүйелерге анықтама беру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:(3 мин).
Реакция жылдамдығына әсер етуші факторлар
Әрекеттесуші заттар
табиғатының әсері
Температура
Концентрация
Катализатор
Заттардың жанасу бетіне әсері
Топтарға тапсырма.(5 мин).
I топ: Әрекеттесуші заттар табиғаты.
II топ: Температура.
III топ: Концентрация.
IV топ: Катализатор.
V топ: Заттардың жанасу беті
Флип чартта постер жасау арқылы сабақты суреттеу.(5 мин).
Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етуші 5 факторды қалай суреттейсіңдер?
Әр топ өз ішінде постер жасап оны қорғауы керек.
Жаңа тақырыпқа байланысты есептер шығару (7 мин).
Мұғалім интерактивті тақтада концентрацияның екі деңгейі мен температураға қатысты есептер шығарады.
1. 2SO2+O2→2SO3 реакциясындағы күкірт (IV) оксидінің концентрациясын 3 есе көбейткенде реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
2. C2H4+3O2=2CO2+2H2O реакциядағы оттек концентрациясын 3 есе азайтқанда реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
3. Температуралық коэффициенті 2-ге тең болған жағдайда температураны 20 C – ден 80 C-ге дейін көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы неше есе артады.
Тест жұмыстары (10 мин).
1.Бір фазадан тұратын жүйе:
А) гетерогенді В) жанасу беті
С) гомогенді Д) лимиттеуші саты
2.Келтірілген формулалардың қайсысы масса әрекеттесу заңының математикалық өрнегі:
1. Зерттеу жұмыстарын жаңадан бастағандықтан, тәжірибемнің аз болуы.
2. Көптеген материалдың ішінен өзіме керектісін таңдау қиынға түсті.
3. Таңдауымның түпкі нәтижесі не беретінін болжай алмадым.
Осы қиыншылықтарды жеңу үшін жетекші апайым жұмысты жоспарлауға көп көмегі тиді. Педагогикалық оқуға тақырып таңдау кезінде сабақ өту технологиясының зерттеу кезеңдерімен танысуды ұсынды. Оның маған көмегі мол болды. Мен ол бойынша зерттеу жұмысымның кезеңдерін белгіледім.
4.1. Қорытынды
Бірінші кезең. Дайындық жұмыстарын жасадым. Кітап-журналдарды қарадым.
Екінші кезең. Жоспарладым. Жұмысымды ұйымдастырдым.
Үшінші кезең. Зерттедім, материалдарды жинақтадым.
Төртінші кезең. Қорытындыладым. Есеп беруге дайындалдым.
Осы жұмысты жасау барысында өз-өзімді тәрбиелейтін төмендегідей дағдыларды бойыма қалыптастыру мүмкіндігін алдым:
Мектеп кітапханасына барып сыныптағы оқулықтан басқа материал іздеп, олармен таныстым.
Сабақты қызықты өткізу мұғалімнің ізденісіне байланысты екенін білдім.
Өз пәнімді сүйіп, құрметтеу керек екенін түсіндім.
Ғылыми жұмысқа икемі бар оқушылармен жеке жұмыс жасап ғылыми жұмыспен айналысамын.
4.2. Ұсыныс
Осы сабақты өту барысында дәстүрлі сабақ пен жаңа технологиялардың кейбір элементтерін ұштастыра білдім. Осындай сабақтарды басқа химия пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып ары қарай дамытсам.
Мектеп оқушылары мен химия пәні мұғалімдері арасында облыс көлемінде байқаулар, ғылыми жобалар жиі ұйымдастырылса.
4.3. Ақпарат көздерімен жұмыс
Мектептің химия сабағында “Химиялық реакцияның жылдамдығы мен оған әсер етуші факторларды” оқыту тақырыбында дайындаған жұмысым аудандық педагогикалық оқуда аудандық білім бөлімінің құрмет дипломына ие болып, облыстық педагогикалық оқуға жолдама алды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Исабаев Н.Н., Исмайлов Т.М. Химия пәніндегі есептерді шешудің әдіс-тәсілдері мен мысалдары (Әдістемелік оқу құралы)