Көптеген химиялық өнімдер қайтымды химиялық реакциялардың нәтижесінде алынады. Сондықтан химиялық тепе-теңдік кезінде өнімнің шығымы қандай жағдайда артатынын білудің маңызы зор. Химиялық тепе-теңдік күйдегі реакцияның жүру жағдайларын өзгерткенде өнімнің шығымы артса, онда тепе-теңдік оңға қарай, ал кемісі солға қарай ығысты деп есептеледі. Көптеген зерттеулер химиялық тепе-теңдіктің ығысуы Ле Шателье- Браун принципі деп аталатын ережеге бағынатынын дәлелдеді.