1 тапсырма. Температураның әсері. Сынауыққа 3 мл натрий ацетатының ерітіндісін құйыңдар. Оған 2-3 тамшы фенолфталеин тамызып, ерітіндіде түс пайда болғанға дейін сынауықты қыздырыңдар. Түсті ерітіндісі бар сынауықты суық судың ағынында суытыңдар. Ерітінді түсінің әлсірегеніне немесе жойылғанына көңіл аударыңдар.
Екі сынауыққа 2мл-ден аммоний гидроксидінің ерітіндісін құйып, әр сынауыққа фенолфталеиннің бір тамшысын қосыңдар. Бір сынауыққа микроқалқашамен аммоний хлоридінің кристалдарын салыңдар. Екі сынауықтағы ерітінділердің түсіне көңіл аударыңдар.
Тәжірбиенің нәтижелері бойынша тепе-теңдіктің ығысуы жөнінде қорытынды жасаңдар.
№7 зертханалық тәжірибе
Қорытынды
Бүгінгі сабақта:
химиялық тепе – теңдік күйіне және химиялық реакция
жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін түсіндім және ажыраттым