Химиялық элементтер — ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі заттар химиялық элементтерден түзіледі. Элементтер химиялық әдістер арқылы әрі қарай қарапайым затқа бөліне алмайтын химиялық заттар болып табылады. Олар белгілі атом саны бар біртекті атомнан тұрады. Жер қыртысында металдардың таралуы əртүрлі. Металдар табиғатта, көбінесе қосылыстар түрінде кездеседі. Белсенділігі тым төмен металдар (Cu, Ag, Au, Pt) ғана сом күйінде кездеседі. Кернеу қатарындағы литийден магнийге дейін орналасқан ең белсенді металдар табиғатта тұздар: хлоридтер, сульфаттар, карбонаттар, фосфаттар, əсіресе силикаттар түрінде кең таралған. Орташа белсенділігі бар металдар (магнийден сынапқа дейін) жер қыртысында, көбіне оксидтер мен сульфидтер түрінде кездеседі, бірақ олардың тұз тектес минералдары да бар. Өнеркəсіптік əдіспен металдар алынатын минералдарды кендер деп атайды. Егер кеннің құрамында бірнеше металдың қосылыстары кездессе, оларды полиметалл кендерге жатқызады. Қазақстанның жер қойнауында қорғасынды, мырышты, мысты, т.б полиметалл кендер өте көп
Пайдаланылған әдебиеттер
Интернет желісі:https://kk.wikipedia.org/wiki/
С.Ж.Пірәлиев,Б.М.Бутин,Г.М.Байназаров,С.Ж.Жайлау.Жалпы химия.-Алматы,2003 ж.483 бет
Бейорганикалық химия курсы. Оқу құралы / Г.Ш. Тлепиева. – Ақтау : Ш. Есенов атындағы КМТжИУ, 2010. – 137 б.
«Химия» Усманова М.Б. Сақариянова Қ.Н. Алматы, Атамұра, 2018. – 384 бет.
Бейорганикалық химия. Оқулық / М.Р. Танашева,. – Алматы : "Дәуір", 2007. – 455 б.