Сілтілік металдардың ең көп қолданылатын өкілі - натрий. Сондықтан сілтілік металдардың қасиеттерімен осы металдың мысалында танысамыз. Натрий (лат. Natrіum; Na) — элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нейтрондары 11, атомдық моллекулласы 22,98977; сілтілік металдарға жатады. Табиғатта тұрақты бір изотопы (23Na) бар.Натрий-ды алғаш 1807 жылы ағылшын химигі Г.Дэви (1778 – 1829) күйдіргіш натрийды (NaOH) электролиздеу арқылы бөліп алған. Жер қыртысындағы орташа массалық мөлшері 2,64%.