Зертханада натрий гидроксидін натрийді және оның оксидін сумен әрекеттестіру арқылы алады:
2Na + 2Н20 = 2NaOH + Н2
Na2O Н2O = 2NaOH
Өндірісте натрий гидроксиді оның тұздарының ерітінділерінің электролизі нәтижесінде түзіледі.
Физикалық қасиеттері
Натрий пышақпен оңай кесілетін жұмсақ металл (р =0,97, г/см3), жаңа кескен кезде жылтырап тұрады, бірақ ауада оңай тотығып күңгірт тартады, сондықтан ол барлық сілтілік металдар сияқты сусыз керосиннің астында сақталады. Электр тоғы мен жылуды өте жаксы өткізеді.Натриймен жұмыс істегенде аса сақ болу керек, оның түйірін қолмен ұстауға болмайды, себебі ол терідегі сумен әрекеттесіп, оны күйдіреді. Металдың қалдығын кез келген жерге тастауға болмайды.