Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас Ұлан» мектебі
Күні: 11.02.2016
Сыныбы: 10 «Д»
Сабақтың тақырыбы: Натрий және калийдің физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы және қосылыстары.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға натрий мен калийдің физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы және қосылыстары изотоптары туралы түсіндіріп, білім беру.
Дамытушылық: Oқушылардың іскерлігін, өз бетінше ізденуін, ой – өрісін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.
Тәрбиелілік: Өз еркімен жұмыс жасауға, шапшаңдыққа, уақытты үнемдеуге, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар топта бірлесіп, қауымдасып жұмыс жасайды, өз
ойларын ортаға салып, тапсырманы өз бетінше, топта талдау жасап ойларын еркін жеткізеді, бір-біріне сенімділікпен қарайды.
Сабақтың типі: Аралас, ойын сабағы
Сабақтың әдіс тәсілдері: Іздену, топтық жұмыс, сурақ – жауап, түсіндіру.
Пән – аралық байланысы: Физика, медицина, география, биология.
Көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта, слайд, суреттер.
Сабақ барысы
|
№
|
Уақыт
|
Сабақтың бөлімі
|
Іс-әрекет
|
Оқушының іс-әрекеті
|
1
|
3 мин
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушыларды түгендеу.
Топқа бөлу: І топ – литий, ІІ топ – натрий, ІІІ топ – калий, IV топ - кальций.
Бағалау жүйесін түсіндіру
Бағалау парағын тарату.
|
Топқа бөліну
|
2
|
7 мин
|
ІІ. Өткенде ұмытпа, ол – болашақтың ұстазы.
|
Үй тапсырмасын
1. Тест тапсырмалары
2. Мағынаны тану
|
Сұрақтарға жауап беру.
S-элементтеріне қосымша мәліметтер оқу
|
3
|
12 мин
|
ІІІ. Білгенің – бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз
|
Жаңа сабақ: атом құрылысы, физикалық, химиялық қасиеті,қолданылуы, қосылыстары.
|
Дәптерге кесте арқылы жазып отыру.
|
4
|
8 мин
|
IV. Білім алар баланың оқу болар ермегі
|
3. Карточкалар арқылы деңгейлік есептер
|
Дәптерге есептер шығару
|
5
|
7 мин
|
V. Талаптыға нұр жауар
|
4. «Қай топ жылдам?» ойыны. Натрий мен калий қосылыстарын сурет арқылы табу.
|
Натрий мен калийдің қосылыстарының қолданылуын, қасиеттерін түсіндіру.
|
6
|
4 мин
|
VІ. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
|
Қорытынды жасау
|
Топ басшылардың қорытынды сөзі.
|
7
|
2 мин
|
VІІ. Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.
|
Бағалау топ бойынша
|
Топ басшылар 4 сайыс бойынша бал санын есептеу
|
8
|
2 мин
|
Үй тапсырмасы
|
§ 6.5, 149 бет, №5 жаттығу. §6.3, 155 бет, №7 жаттығу.
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу, сыныпты топқа бөлу.
ІІ. Өткенде ұмытпа, ол – болашақтың ұстазы.
Тест тапсырмалары.
І - топ
1. Периодтық кестеде неше металл неше бейметал бар? (88м, 22бм)
2. Металдар қандай топтарда орналасқан? (І, ІІ, ІІІ)
3. Ең ауыр металл? (осмий)
4. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)
ІІ - топ.
1. Ең жеңіл металл? (литий)
2. Ең қатты металл? (хром)
3. Атом радиусының өлшем бірлігі? (нм)
4. Металдарға тән қасиеттерді ата.
ІІІ -топ
1. Ең жұмсақ металдар? (сілтілік м)
2. Ең иілгіштік металл? (алтын)
3. Тығыздығы жоғары металдар? (тантал, вольфрам)
4. Шаршамайтын металл? (бериллий)
IV - топ
1. Өнеркәсіптің негізгі металы? (темір)
2. Металдардың кернеу қатарын кім жасады? (Н.Н. Бекетов )
3. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл? (иод)
4. Ең қатты металл? (вольфрам)
Мағынаны тану
Оқушылар өз бетімен кеңінен қолданылатын металдар жөнінде мағлұмат жинап дайындалып келеді.
І топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы химиялық элементтер (натрий, иод, кальций, алтын, селен, қорғасын, т.б метал үлгілері)
ІІ топ тапсырмасы. Металдардың адам өміріндегі маңызы(өнеркәсіпте, техника, шаруашылықта, күнделікті тұрмыстағы бұйымдар)
ІІІ топ тапсырмасы. Металдарға бай тағамдар туралы мәлімет(алма, банан, алмұрт, құрма, киви, анар, сүт өнімдері, қырыққабат, балық, жұмыртқа, қара нан т.б)
IV топ тапсырмасы. Металдар және оларды өңдеу, кен орындары.
ІІІ. Білгенің – бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз.
Периодтық жүйедегі орны.
Реттік нөмірі 11
|
Nа
|
Тобы І
Негізгі
Валенттілігі І
|
К
|
Реттік нөмірі 19
|
Аr ₌ 23 г
|
Аr ₌ 39 г
|
Периоды ІІІ
|
Периоды ІV
|
Қатары 3
|
Қатары 4
|
Натрий, калий металының алынуы
Өнеркәсіпте: электролиздеу әдісі арқылы 1807ж ағылшын ғалымы Г.Дэви алды
2NаСІ→ 2Nа + СІ2
|
КСІ+ Nа→NаСІ + К (800◦С)
|
Физикалық қасиеттері.
Химиялық қасиеттері
1.Жалынға әсер ету.
|
Натрий – сары түс береді.
|
Калий – күлгін түс береді
|
2. Жану реакциясы.
|
4Nа+О2→2Nа2О
|
4К+О2→2К2О
|
3.Бейметалдармен әрекеттескенде тұз түзеді
|
2Nа+СІ2→2NаСІ
|
2К+СІ2→2КСІ
|
4.Сутекпен әрекеттескенде гидрид түзеді.
|
2Nа+Н2→2NаН
|
2К+Н2→2КН
|
5.Сумен әрекеттескенде
|
2Nа+2Н2О→2NаОН+Н2
|
2К+2Н2О→2КОН+Н2
|
6.Қышқылдармен әрекеттескенде
|
Nа+Н2SО4→Nа2SО4+Н2
|
К+Н2SО4→К2SО4+Н2
|
Натрий және калий қосылыстарының қолданылуы.
Қосылыстардың атауы
|
Формуласы
|
Оларды қолдану
|
Натрий хлориді
|
NaCl
|
Тағамға салынады, консервілеуші зат қызметін атқарады, себебі шірітетін бактериялар мен көгерткіш саңырауқұлақтарды өлтіреді.Химия өнеркісібінде: натрий, хлор, натрий гидроксиді, сода алуға қажетті шикізат ретінде көп мөлшерде қолданылады.
|
Натрий сульфаты
|
Na2SO4
|
Шыны, сода өндіруге жұмсалады.
|
Глаубер тұзы
|
Na2SO4*10H2O
|
Медицинада
|
Натрий карбонаты
|
NaCO3
|
Сабын шылау, мата, былғары, фармацевтика өнеркәсібінде, шыны, тағы басқа өндіру үшін қажет
|
Натрий гидрокарбонаты
|
NaHCO3
|
Медицинада және түрлі нан өнімдерін пісіргенде қолданылады.
|
Натрий нитраты
|
NaNO3
|
Азот тыңайтқышы ретінде пайдаланады.
|
Калий немесе чили селитрасы
|
KNO3
|
Күрделі тыңайтқыш, құрамында екі қоректік элемент
- азот және калий бар.
|
Бертолле тұзы
|
KClO3
|
Сіріңке шырпыларының басында болады, оны химиялық өнеркәсіпте күшті тотықтырғыш ретінде қолданылады.
|
Калий перманганаты
|
KMnO4
|
Кез – келген дәріханаларда бар, лабораторияда оттек алу үшін қолданады.
|
IV. Білім алар баланың оқу болар ермегі
Карточкамен жұмыс
Есептер шығару
І- литий тобы
NaCl, Na2SO4 натрийдің массалық үлесін пайызбен есептеңдер?
NaCL => Na => NaOH => Na2Co3=>NAHCO3
2NaCl = 2Na + Cl2↑
2Na + 2H2O = 2NaOH + H2↑
2NaOH(конц. ) + CO2 = Na2CO3 + H2O
H2S(насыщ. ) + Na2CO3 = NaHS + NaHCO3
40г 10% - тті мыс сульфаты натрий гидроксидімен әрекеттескенде түзілген мыс (ІІ) гидроксидінің массасы?
ІІ- натрий тобы
NaCO3 , KClO3 калий мен натрийдің массалық үлесін пайызбен есептеңдер?
Na=NaOH= Na2CO3=NaCl=Na2
Na+2H2O=2NaOH+H2
2NaOH+CO2=Na2CO3+H2O
Na2CO3+2HCl=2NaCl+CO2+H2O
2NaCl=2Na+2Cl2
200г 20%-ттік калий гидроксидінің ерітіндісі мен 200 г 10% - ті тұз қышқылының ерітіндісімен әрекеттескенде түзілген тұздың массасы.
ІІІ - калий тобы
KNO3, KMnO4 калийдің массалық үлесін пайызбен есептеңдер?
K-->KOH -->K2CO3-->KNO3-->KNO2
2K+2HOH=2KOH=H2
2KOH=CO2=k2CO3=H2O
K2CO3+2HNO3=2KNO3+CO2+H2O
2KNO3=2KNO2+O2
20г 49%-тті күкірт қышқылын бейтараптауға жұмсалған 10 %-тті натрий гидроксидінің массасы.
IV- кальций тобы
NaNO3 , NaHCO3 натрийдің массалық үлесін пайызбен есептеңдер?
K->KOH->K2CO3->K2SO4->BaSO4 өзгерістерді жүзеге асыр.
2K+2H2O=2KOH+H2
2KOH+H2CO3=K2CO3+2H2O
K2CO3+H2SO4=K2SO4+H2O+CO2
K2SO4+BaCl2=BaSO4+2KCl
Массасы 316 г 25% - тті KMnO4 ерітіндісі тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген хлордың (қ.ж) көлемі
V. Талаптыға нұр жауар
«Қай топ жылдам?» ойыны. Натрий мен калий қосылыстарын сурет арқылы табу.
І- литий тобы ІІ- натрий тобы
Достарыңызбен бөлісу: |