Тақырыбы: информатика пәні бойынша интерактивті оқыту әдісін оқУ



бет2/4
Дата21.03.2022
өлшемі40,43 Kb.
#136479
1   2   3   4
Байланысты:
Та ырыбы информатика п ні бойынша интерактивті о ыту дісін о У

Интерактивті оқыту әдістерінің артықшылығы:
- ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді;
- тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады;
- ойлауды белсендіреді;
- әлеуметтік қарым- қатынас тәжірибесін қалыптастырады;
- өз іс-әрекетін талдайды;
- ынтымақтастықпен әрекет етуге уйренеді;
- студенттердің қызығушылығын туғызады;
- әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
- әрбір студентның сезіміне назар аударады;
- оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
- студенттерге көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
- кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
- студенттердің пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
- өмірлік машықтарды қалыптастырады;
- мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Интерактивті оқыту әдістерінің кемшіліктері:
- ұзақ уақытты қажет етеді;
- ойынға мейілінше беріліп, қорытынды жасай алмауы;
- жеке бастық “менің” қақтығысу қаупі;
- студенттердің белгілі санымен өткізгенде ғана тиімді болады.
Информатика сабағын жүргізуде дидактикалық тапсырмаларға сәйкес әдістерді таңдау өте маңызды. Сабақта қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір-талас, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, дәріс, диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық-танымдық оқу, иммитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің белгілері болып табылады. Бұл интерактивті әдіс оқытушы үшін ең қажетті, оқытушы мен тіл үйренушінің қатынасының негізі. Бұл әдісті қолдану кезінде қарым-қатынасты бастаушы оқытушы, яғни оқытушы ақпарат береді, риторикалық сұрақтар қояды, студентның жауабына қарсы шықпай, оны дамытып, толықтырады, бағыт береді. Коммуникативті қарым-қатынас тіл үйренушінің сөздік қорын байытады, дұрыс сөйлеуге бағыттайды. Бұл әдіс бойынша үйретуші де үйренуші де өте белсенді. Белгілі бір тақырыптың негізінде сұхбаттасып, ондағы проблемаларды жеңу жолында бір-бірімен сөз сайысына түсіп, әрі өз ойларын ортаға салады. Мұндай жағдайда бір-бірін тыңдайды, өздерінің ойларын, пікірлерін, білімін өзара қарым-қатынас арқылы әңгіме тақырыбына қолданады. Сабақ үнемі көтеріңкі көңілде, студентның сұраққа дұрыс жауап беруіне, белсенділік танытуына әсер ететіндей болуы қажет.
Сонымен бұл әдісті информатика сабағында қолдануда студенттерді төмендегі
әрекеттерді орындауға міндеттейді:
- ой әрекетін белсенді ету;
- талқылауға қатысу;
- идеялар мен мәліметтерді біріктіру;
- ойлаудың салдарын ойға түйіп, сол салдарды өз жауапкершілігіне алу;
- дағдылы үйренуші болу;
- жеке өзгерістерді жігерлендіру;
- алдын ала қалыптасқан сенімдерге жаңа мәлімет тәрізді ой жүгірту;
- түрлі пікірлерге құрметпен жауап қайыру;
- өздерінің сұрақтарын қою;
- өз пікірлерін құрастырып білдіру;
- сын тұрғысынан және икемді ойлау;
- өзін-өзі бағалау.
Сабақтағы интерактивті әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұстанды.
Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында студенттер сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, ролдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Интерактивтік оқыту формаларына нені жатқызуға болады? Бүгінгі күні әдіскерлер мен шығармашыл – ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары - “үлкен шеңбер”, “аквариум”, “миға шабул” (мозговой штрум), “дебаттар”.
Оқытушының интеракция кезіндегі әрекет жүйесін бес сатыға бөлуге болады: мақсат қою, жұмысты жоспарлау, тапсырманы бөлу, студенттер әрекетін бақылау, бағалау. Сонымен интерактивті оқыту әдістерін атап өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет