«Болашақ» колледжі
БАЯНДАМА
Тақырыбы: ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРАКТИВТІ
ОҚЫТУ ӘДІСІН ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ
Дайындаған: Серикбаева С.К.
Тараз – 2015
ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСІН ОҚУ
ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ
Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - әрбір студентке информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, студенттерге осы білімді колледжде оқытылатын басқа ғылымдарының негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатикадан білім негіздерін меңгеру студенттердің жалпы ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.
Информатикадан білім беру негізін түсіну педагогикалық тәжірибенің атап айтқанда, информатикадан сабақ беру кезінде актив және интерактив әдістемелерді қолдануда көптеген маңызды мәселелерін шешу үшін сілтемелер жасайды. Соңғы жылдары колледжде информатикадан сабақ берудің тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік беретін әдістемелерді іздеу және кеңінен қолданыла бастады.
Колледжде оқу үрдісінде оқу пәнінің мазмұнының көлемін анықтаумен және сабаққа қажетті материалды іріктеумен қатар оқыту әдістері де ерекше маңызға ие.
Студенттердің жас ерекшеліктері мен пәннің мазмұнына сәйкес таңдалған әдіс
білімінің саналы да, баянды болуын қамтамасыз етеді.
Әдіс (гректің metodos – «қандай да бір нәрсеге жол» деген сөзіден шыққан) мақсатқа жету тәсілі дегенді білдіреді.
Оқыту әдісі - студент мен оқытушының арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.
Информатика курсының басқа пәндермен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі – ол студенттердің компьютермен жүйелi жұмыс істеуі болып табылады.
«Әдіске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: “белгілі бір мақсатты көздеген оқытушы мен студенттер арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет”. Олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын студенттерге меңгертуде оқытушы мен студенттердің қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Оқытушы оқыту әдістерінің көмегімен студенттерге білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін студенттердің таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқытушы оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады. Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады. Оқу кітаптары - оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б. Көрнекі құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық- географиялық карталар т.б. жатса, ал техникалық құралдарға компьютер, интерактивті тақта және т.б. мультимедиа құралдары жатады.
Студенттердің танымдық белсенділігін құруда сабақтардың дәстүрлі емес түрлері үлкен мәнге ие, қазіргі білім беруді дамыту үрдісі сабақтың түрлі модельдерін және қарқынды дамитын білім берудің әдістерін қолдануды талап етеді. Информатика пәнініңкез келген оқытушыі өз қызметінде студенттерді оқытудың дәстүрлі емес әдістерін қолданады.
Информатика сабағында студенттердің өзара қарым-қатынасын және шығармашылығын арттыру үшін интерактивті әдістің ролі ерекше. Сол себепті осы әдіске толығырақ тоқталып өтелік.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене білу.
Информатика сабағын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттырады, өздігінен оқу ынтасын дамытады, ұжыммен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, қарым-қатынас дағдысын қалыпастырады және дамытады, ал ең бастысы оқуға деген белсенділікті көтереді.
Сонымен қатар компьютерлік интактивті оқыту әдістері білім алушы мен оқыту жүйесі арасында өзара қарым-қатынасты тудырады. Осының негізінде оқыту жүйесі ретінде видео (аудио) сабақтарды, бұрын алған білімдерін жетілдіру үшін мультимедиалық тренажер мен компьютерлік тестерді қарастыруға болады. Осыларды қолдану барысында білім алушылардың белсенділіктерінің артуын байқауға болады. Шындығында қандай да бір тақырып бойынша видео сабақтың материалын көру арқылы білім алушының есте сақтау қабілеті артып, сабақ барысында оқытушы берген тапсырманы қатар орындау мүмкіндігі туады. Сонымен қатар, пән бойынша білімін жетілдіру үшін білім алушы мультимедиалық тренажерды қолдану арқылы берілген сұрақтарға жауап береді және дұрыс берілмеген жауапқа қайта оралып барлық сұрақтардың жауаптары дұрыс болғанша орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |