1. Бедеулік және қысыр қалу туралы түсінік. Гинекологиялық диспансеризация.
2. Туа пайда болған және кәріліктен пайда болған бедеулік.
3. Туа пайда болған бедеуліктің түрлері (гермафродитизм, фримартинизм, инфантилизм).
4. Туа пайда болған және кәріліктен пайда болған бедеуліктің алдын алу.
Ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ мал бедеулігінің алдын алуда ең алдымен бедеулікке әкелетін факторларды және бедеулік түрлерін анықтап алған дұрыс деп есептейміз. Бүгінгі таңда теориялық және тәжрибелік тұрғыдан алғанда профессор А.П. Студенцовтың мал бедеулігі туралы ілімі негізге алынады. Профессор А.П. Студенцов бедеулікке байланысты төмендегі ұғымдарды ұсынады және ол туралы жақсы мәлімет бере білген :

Бедеулік - дегеніміз малдың уақытша ұрықтанбай,төл береалмай қалуы, бағып –күтудің нашарлығынан, жыныс мүшелерінің ауру салдарынан туындайтын күрделі биологиялық құбылыс.
Қысыр қалу – дегеніміз экономикалық тұрғыдан алғанда келесі есеп беру жыл басындағы аналық мал басына шаққандағы алынған төл басының саны. Мысалы есептегі 100 бас сиырдың 80 басы тірі өміршең төл берсе, 20 пайызы қысыр қалды деп есептеледі.
Гермофродитизм - бұл өзгерістер сирек кездеседі,жыныс бездерінде аналық безінің және аталықтың ұлпасының бірдей дамуы,кейбір малдын белгілі бір жыныс мүшесі шамадан тыс дамып кетеді-мал организіміндегі қос жыныстық белгісін көрсетеді және гормоналды тепе-теңдіктің сақталмай қалады.