сабақ жоспары, 3-сыныпқа арналған
Тақырыбы: Қыс мезгілі.
Оқыту мақсаты: Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру.Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, білім деңгейін көтеру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың «Қыс» тақырыбына байланысты сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс айтуын талап ету.
Кезең
|
Уақыт
|
Ресурстар
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
2 мин.
әріптер
|
Шаттық шеңбері:
|
1. Амандасады.
2. Психологиялық дайындық
Тренинг:
өздеріне бағыт беріндер.
Мен үлгілі оқушымын.
Мен әдепті оқушымын
Мұғалімді ықыласпен тыңдаймын.
Қазақша көп сөз жаттаймын.
|
1. Амандасады.
2.Тренинг
|
Білу
Кіріспе бөлімі.
Қызығушылықты ояту.
Жаңа тақырыпқа шығу
|
3мин
|
Интербелсенді тақтада кілті.
|
Ал енді балалар, мына жұмбақты шешімін табыңдар.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қыс», мақсатымыз «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді білу, ол сөздерді дұрыс оқып, айта білу.
|
|
Түсіну
Мағынаны тану
|
10 мин
|
Сөздер
Бағдаршам
сәйкестендір
|
Сөздік: қыс-зима, ауа райы-погода, кию-одевать, лыжи –шаңғы,санки-шана,снеговик-аққала.
|
Сөз тіркестерін құрастырады
|
Қолдану
|
15 мин
|
Жазбаша жұмыс
|
«Орфография мұражайы».Мұражай қызметкерлері мынадай тапсырма дайындап қойыпты. Сөйлемдерге қажетті сөздерді тауып, дұрыс қойыңдар.
Қыс айлары: желтоқсан,......, ақпан.
Адамдар үстіне… киеді.
Адамдар қолына……… киеді.
Адамдар аяғына… киеді.
Қыста…… жауады.
Қыста…… қатады.
|
|
|
|
Интерактивті тақта
|
Сергіту сәті. «Көңілді күн»
|
Жаттығуды қайталайды
|
Талдау
|
7мин
|
Жазбаша жұмыс
|
Оқушылардың ойлау қабілеттерін және сөз мағыналарының түсінуін тексеру. Жұмбақтарды шешеміз.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады? (қыс)
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады. (күз)
|
Дәптерлеріне жазып, жауаптарын табады.
|
Синтез
|
10мин
|
Жазбаша жұмыс
|
Сұрақтарына жауап беріңдер.
Кестені толтыр
Көптік жалғаулар қандай?
2. Мына сөздерді аудар: лыжи, санки, снеговик, зима.
3. Қыс айларын ата:
а) маусым, шілде, тамыз
ә) жұма, сенбі, жексенбі
б) желтоқсан, қаңтар, ақпан
4. Мына сөздерден сөйлем құра: киінеді, адамдар, жылы, қыста.
3. Бұл қай кезде болады?Әр біреуіне жауап бер.
а) өсімдіктер гүлдейді
ә) жаңбыр жауады
б) қар жауады
в) қар ериді
|
|
Бағалау
|
3 мин
|
Стикер
|
Алма ағашына қызыл алма-түсінікті , ұнады, сары алма түсініксіз, ұнады. Жасыл алма түсініксіз, үнаған жоқ. Осылай сабаққа қатысты көңіл күйін білдіреді.
|
Үй жұмысы: 148 бет, 4 тапсырма (әңгімелеу).
|
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Усина А.А
Достарыңызбен бөлісу: |