Тақырыбы: «Ішекқуыстылар типі»



бет12/12
Дата31.03.2022
өлшемі11,09 Mb.
#137430
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
БӨЖ Ішекқуыстылар типі
топырақ эрозиясы (2)

Көбеюі және дамуы

  • Маржан полиптері жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Кейбір жеке тіршілік ететін актиниялар ұзына бойы бөліну, ал колониялы формалары бүршіктену арқылы көбейеді.
  • Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүреді. Полиптің денесінде бүршік пайда болады да, оның ұшында жаңа қармалауыштардың бастамасы түзіледі, бірақ аналық дарабастан бөлінбей көбейе береді. Кейбір жеке тіршілік ететін актиниялар көлденең және ұзына бойына бөліну арқылы көбейеді.

Жынысты көбеюі

  • Көпшілігі дара жыныстылар. Жыныс клеткалары септаның энтодерма мен мезог-лея аралығында дамиды. Аталық клеткалары эпителий қабатын тесіп, гастраль қуысына өтіп, одан ауыз тесігі арқылы су ортасына шығады да, сумен бірге аналық особьтарына өтіп жұмыртқа клетканы ұрықтандырады. Жұмыртқаның алдыңғы даму кезеңі гастраль қуысында өтеді. Зигота толық және біркелкі бөлшектеніп, бластула, гаструла ұрығын түзеп, одан кірпікшелі планула личинкасы пайда болады. Ол анасының ішінен ауыз тесігі арқылы су ортасына шығып, кірпікше-лерінің көмегімен суда жүзіп жүреді де, денесінің кеңейген алдыңғы бөлігімен субстратқа бекініп жас полипке айналады. Кейде планула анасының ішінде жас полип деңгейіне дейін дамып, содан кейін сыртқа шығады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет