Тақырыбы: «Қыз баланың абыройы, ұл баланың намысы» Мақсаты: Білімділік



бет2/2
Дата05.12.2022
өлшемі20,67 Kb.
#161202
1   2
Байланысты:
Қыз баланың абыройы, ұл баланың намысы тәрбие сағаты

Ибалы ұлдар
Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды.
Ал имандылық қасиеттерге
● қарапайымдылық
● сыпайылық
● мейірімділік
● кішіпейілділік
● ізеттілік
● адалдық жатады


Ибалы қыздар
Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)
3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)
4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)
5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса, сыпайы, биязы болса )
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны)
2. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл, 
адамгершілігі мол),
3. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?
(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)
Аң жортар аяғымен, жер еркесі,
Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, Сендерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл –қызы болып өсіңдер деп тілек айтамын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет