Мейірімді,сымбатты, Қадірменді,қымбатты, Ең жақын жан балаға Кім десеңдер-ол Ана Тәрбиеші: -Балалар, әр халықтың өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің ұлттық тәрбиеміз де ананың әлдиі мен ақ сүтінен, ата-әженің қасиетті сөздерінен бастау алады. Үлкен кісілерді тыңдап оларды еске сақтап, құрметтеу парыз.
Қазағымның салт- дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт – дәстүрді ардақтайық ағайын,
«Қазақ» атты үлкен –кіші балдырған, – деп сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі сайыскер аналар мен кішкене аруларды қол соғып ортаға шақырамыз.