Тақырыбы: «Қыз еркем, анасымен көркем» Мақсаты


Каусар: Менің әжем,ақ әжем Нұрислам



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі20,03 Kb.
#89666
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қыз еркем-анасымен көркем

Каусар: Менің әжем,ақ әжем Нұрислам:Ана біздің күніміз,
Ұл мен қыздың бағы әжем Ана біздің гүліміз.
Ертегі айтып бер десең, Балаларды қуантып
Айтып берер тағы әжем. Ұзақ өмір сүріңіз 

2- бөлім. «Шебердің қолы алтын» жұптардың бірлесе отырып жасаған жұмысы
Көп жасаған аналар,
Мейірімі күнге пара-пар
Қолдарымен өнерлі
Жасамақ түрлі бұйымдар.
Жұптар тапсырма бойынша өз шеберліктерін көрсетеді.
Тәрбиеші: Ендігі кезекті әнге берейік.
Бүлдіршіндердің орындауында «Анажаным» әнін қабыл алыңыздар.
3-бөлім. «Дәмді және тез»
Тәрбиеші:
Қазақ халқы үшін дәмнен, дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. Бір дастарқанда дәмдес болғандар өзара жамандыққа бара алмаған. Дастарқан-қазақ халқының дәм-тұз, ас деген киелі ұғымға балайтын барлық тағамдардың,атап айтқанда, қонаққа немесе күнделікті ас қабылдауда да таратылатын ас мәзірін қамтиды.
Тәрбиеші:
Арайлап атты таңымыз,
Жайнайды бақша – бағымыз,
Гүлдердей құлпырып,
Би билейміз тағы біз.
«Испан» биі биленеді
Ән: «Топ-топ балақан» Дулат Нұрәлидің орындауында
4-бөлім. «Білімдіге дүние жарық» (сұрақ-жауап)
1-сұрақ.Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп ойлайсыз?
2-сұрақ. Бала үшін ата – ананың қайсысының беделі күшті деп ойлайсыз ?
3-сұрақ. Дені сау тәрбиелі, өнегелі бала өсіру үшін не қажет деп ойлайсыз ?
4-сұрақ. «Бақытыңды балаңнан ізде»деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз ?
5-сұрақ. Аласа ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.
Жауабы:Қой.
6-сұрақ. Мысықтан бұл қорқады, Бұдан піл қорқады.
Жауабы:Тышқан
7-сұрақ: Жазда жайнайды. Қыста болмайды.
Жауабы: Гүл.
8-сұрақ: Жазда тұрып жоғары ,күзде жерге қонады.
Жауабы: Жапырақ.

Тәрбиеші:
Байыптасаң өмір мен өнер егіз,
Ән-күй тыңдап рахатқа кенелеміз
Бабалар аманатын аман сақтап,
Қазақша ән шырқасын балаларымыз.-деп «Ақ мамам!» әнімен аналарымыз бір демалып алсын. 
5-бөлім. «Өнерлі өрге жүзеді»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі күн сайыста бәйге алуға
Қыздар аянбай- ақ жан салыпты.
(Жұптар өз өнерлерін көрсетеді)
Тәрбиеші: Қазылар алқасы өз шешімдерін айтқанша тағы да балаларымыздың биін тамашалайық.
«Айгөлек» шағын орталық бишілерінің орындауында «Испан» биін қабыл алыңыздар
Тәрбиеші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Әділқазыларға төрелік берейікші,
Жеңіп шыққан Анамен қызымызға,
Құттықтап сәттілікті тілейікші.
Келесі сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.
Қорытынды. Сайыс соңында қазылардың шешімімен жұптарға «Асыл ана, Ақылды қыз», «Өрісті ана,Өнерлі қыз», «Мейірбан ана, Әдемі қыз», «Шебер ана,Сүйкімді қыз» деген атақтар беріледі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет