2. Қарапайым және күрделі ұнтақтар. - Қарапайым ұнтақтар технологиясы күрделі емес. Егер дәрілік зат жеткілікті мөлшерде майда дисперсті болса (крахмал, тальк, глюкоза), онда олар ауруға ұнтақталмаған күйде босатылады. Қалған барлық жағдайда дәрілік заттар ұнтақталады.
2.1. Қарапайым ұнтақтар технологиясы
Жай ұнтақтар технологиясы келесі сатылардан тұрады:
1.Ұнтақтау
2.Дозалау
3.Орап,безендендіру.
2.1. Жай ұнтақтар технологиясы - Жұмыс орнын дайындайды: 20,0 қол таразы және 1,0 қол таразы, келі-келсап, капсулаторка, өлшегіш тастар, қағаз капсула, балауыз капсуласы, спирт-эфир қоспасы, салфетка, мақта, дәке тампоны, қағаз қорап, негізгі этикетка және қосымша этикетка.
2.1. Жай ұнтақтар дайындау технологиясы - Жұмыс орнын дайындап болғаннан кейін 6,0 қол таразыны спирт-эфир қоспасымен сүртіп алып, онда 6,0 глюкозаны өлшеп алып келіге саламыз, келсаптың көмегімен ұнтақтап, дәрілік заттың жақсы ұнтақталуын қамтамасыз ету үшін капсулаторка көмегімен келінің қабырғасынан қайта-қайта түсіре отырып ұнтақтаймыз. Ұнтақтап болған соң ұнтақталу дәрежесін тексереміз. Егер ұнтақ толығымен майдаланса, дозалаймыз. Ол үшін 1,0 қол таразымен дайын болған ұнтақты 0,5 №12 капсулаға мөлшерлейміз. Әр капсуланы орамдап, 3-5 жинақтап қағаз қорапқа салып, безендіреміз. Негізгі этикетка:”Ішке арналған” жасыл түсті, қосымша этикетка:”балалардан сақтаңыз”,”салқын жерде сақтаңыз”
2.2. Күрделі ұнтақтарды дайындау технологиясы - Күрделі ұнтақтар құрамына әртүрлі заттар әртүрлі қоспа ретінде және әртүрлі мөлшерде енгізілуі мүмкін. Әр уақытта күрделі ұнтақтың технологиясының жалпы ережесін сақтау қажет:
2.2. Күрделі ұнтақтарды дайындау технологиясы
1.Рецепте берілген дәрілік заттың сиымдылығын тексеру.
2.Улы және күшті әсер ететін дәрілік заттар дозасын тексеру.
3.Рецепте берілген дәрілік заттың жазылу әдісін тексере отырып (бөлінген, бөлінетін) жалпы мөлшерін есептеу және бақылау паспортын жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |