Тақырыбы: «Жай және күрделі ұнтақтардың дайындалуы. Улы және күшті әсер ететін дәрілік заттары бар ұнтақтардың технологиясы.»


Жеке ингридиенттердін келіге салу кезектігін анықтау



бет4/6
Дата28.09.2023
өлшемі2,19 Mb.
#182946
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
офт 2 сабақ

4.Жеке ингридиенттердін келіге салу кезектігін анықтау.
5.Күрделі ұнтақтардың ұнтақталуының оптимальді уақытын сақтау.

3.Улы және күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтардың технологиясы.


Улы және күшті әсер ететін заттар деп мемлекеттік фармакопеяның 11 басылымында ұнтақтар статьясында көрсетілгендей (0,05) сантиграммнан кем мөлшерде жазылған улы және күшті әсер ететін заттар тритурациясын айтамыз. “Тритурация” латын сөзінен шыққан ( trituracio-ысқылау) алдын- ала ысқылау, улы және күшті әсер ететін заттардың 1:10 және 1:100 қатынасындағы сүт қантымен дайындалған қоспасы.
1:10 қатынасы дегеніміз -1г улы зат, 9г сүт қанты.
1:100 қатынасы дегеніміз- 1г улы, 99г сүт қанты.

3.Улы және күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтардың технологиясы.

  • Сүт қантының бағалығы ол гигроскопиялық емес және оның тығыздығы 1,52 тең. Ол алкалоид тұздарының және басқа улы немесе күшті әсер ететін заттардың тығыздығына жақын. Тритурация дайындау кезінде сүт қантымен улы затты өте майда бөлшекке дейін майдалау ұнтақтап, ұнтақ дайындаудың жалпы ережесі бойынша дайындайды . Тритурацияны қабатқа бөлініп кетпеу үшін кішкене штангласта сақтап және периодты түрде араластырып отырады. Улы заттарды провизор-технолог, ассистент қатысуымен келіге өлшеп салады. Келіні алдын ала сүт қантымен немесе ұнтақ құрамында көп мөлшерде жазылған басқа заттармен ысқылау керек.

3.Улы және күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтардың технологиясы.

  • Технологиясы: Рецепте күрделі ұнтақ, дозаланған, бөлінген әдіспен жазылған, ішке қолдануға арналған ұнтақ берілген. Келіге алдын-ала спирт- эфир қоспасымен сүртілген қол таразыда 2,25 қантты өлшеп салып ұнтақтап, содан соң қантты келіде 1/20 бөлігін қалдырып, қалғанын қосымша капсулаға төгеміз. Келіге 0,2г папаверин гидрохлоридін салып ұнтақтаймыз, одан кейін провизор-технологтан 0,25г атропин сульфатының 1:100 тритурациясын аламыз. Алдын-ала улы заттарды тіркеу журналында улы заттын қанша мөлшерде босатқан туралы және қанша мөлшерде фармацевт алғаны туралы көрсету керек.Босатқан және алған адамның қолы болу керек. Содан соң басқа дәрілік заттармен жақсылап араластырамыз және капсуладағы қантты бөлшектеп салып, біртекті ұнтақ болғанша араластырамыз. Дайын ұнтақтын біртектілігін тексереміз. 10 капсулаға 0,27г дозалаймыз. Дозаланған ұнтақ капсуланы орап, 5-тен жинап қағаз қорапшаға саламыз. Содан кейін безендіреміз: негізгі этикетка ішуге арналған жасыл түсті, қосымша этикетка «Абайлап қолданыңыз». Содан соң қағаз қорапшаны ақ жіппен байлап, байламның ұшын сүргілейміз. Рецепті дәріханада қалдырамыз. Ауруға рецептін көшірмесін (сигнатурасын) береміз.Улы заттар дәріханада сандық және сапалық тіркеуде тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет