Әріп Тәңірбергенов өмірі мен шығармашылығы Әзірлеген: Роза Кенжебаева Жоспары: 1. Ә. Тәңірбергеновтың өмір жолы 2. Ә. Тәңірбергеновтың өлеңдері, тақырыптары мен идеялық көркемдігі 3.Ә.Тәңірбергеновтың қисса - дастандары, мазмұны, жанрлық өзгешеліктері 4.Ә. Тәңірбергенов шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері 5.Ә. Тәңірбергенов творчествосының әдебиетімізден алатын орны - ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы демократ - ағартушы әдебиеттің көрнекті өкілі - Әріп Тәңірбергенов.
- Әріп ( шын аты- Мұхаметғарып) 1856 жылы Семей облысы Жарма ауданында дүниеге келген. Оның отбасында көп адам екен. Әріп алғаш ауыл молдасынан сауат ашып , 11-12 жасында Семейдегі миссионерлік мектепке оқуға түседі.
Әріп Тәңірбергенов өмірі - Өз тұсындағы алуан қырлы әлеуметтік оқиғаларға араласып, сан түрлі қызмет атқарған. Мұсылманша да, орысша да білім алған.Өз кезіндегі өрелі жанның бірі ретінде бағаланып, көп тілді игерген (орыс, түрік, араб, фарсы, қытай).
Шығармашылығы - Әріп шығыс әдебиеті үлгісінде қиссаларда жазған («Зияда-Шамұрат»). Абай мен Әріп арасында ұстаздық, шәкірттік қарым-қатынастар болған. Жалпы шығармашылығын тақырыбына, көтерген мәселелеріне орай шартты түрде төрт салаға бөлуге болады. Сатиралық өлеңдері, ағартушылыққа үндеген өлеңдері, адам баласына тән сезім күйлерін жырлауы, өмір жайлы өсиет-өнеге сөздері.
Шығармашылығы - Ақынның төңкеріске дейін «Зияда - Шамырат» атты кітабы басылған, көптеген өлеңдері жинақтарда және жеке кітап болып, 1920-1940 жылдар арасында бірнеше рет басылды. Кейін ақын шығармалары «Ұмытпаңыздар, мені» деген атпен жеке кітап болып және бірнеше жинақтарда үзбей жарияланып келеді.
- «Зияда - Шамырат» Шығыстың қиссашыл ақындарының әсерімен жазылған туынды. Автор мұнда Шығыс халықтары арасында көп тараған «Мың бір түн», «Сейфіл - Мәлік», «Жүсіп - Зылиқа» сияқты атақты дастандардағыдай таза махаббатты, шынайы достықты мадақтайды.
- Ақын өлеңдерінің тақырыптары сан түрлі. «Ғылым туралы» деген өлеңінде ақын қайшылығы мол өмірді тынымсыз теңізге баласа, ғалымды теңіздің асау толқындарын жарып өтіп, аман алып шығатын, қиындықты жеңетін күшті кемеге меңзейді. Ғалымды кемені ақыл - айламен басқаратын ысылған, шебер теңізші бейнесінде суреттейді.
өнеге-өсиетті
«
«
«
«
«Нәпсіге»
Алаң да алаң, алаң жұрт Алаң да алаң, алаң жұрт, Атамыз біздің бұ Сүйініш Күйеу болып барған жұрт, Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жұрт, Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт, Кір-қоңымды жуған жұрт, Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, Жанға сақтау болған жұрт. Салп-салпыншақ анау үш өзен, Жабағылы жас тайлақ Жардай атан болған жер, Жатып қалып бір тоқты Т а п с ы р м а 1. Әріп қай жерде туып өскен - Т а п с ы р м а 1. Әріп қай жерде туып өскен
- 2. Әріптің дидактикалық сарындағы өлеңдерінің идеясы қандай
Т а п с ы р м а 1.Әріп Тәңірбергеновтың білім дәрежесі мен чиновтиктік қызметтері қандай дәрежеде? Т а п с ы р м а 1.Әріп Тәңірбергеновтың білім дәрежесі мен чиновтиктік қызметтері қандай дәрежеде? 2.Әріп өлеңдеріндегі негізгі тақырыптар мен идеялық көркемдік қай дәрежеде? 3.Ә.Тәңірбергенов поэзиясында шығыс сюжеттері, діни тақырыптар қалай жырланған? 4.Әріптің дүниетанымы мен философиялық көзқарастары туралы айтыңыз?
Әдебиеттер тізімі:
1. “ Бес ғасыр жырлайды. 1989ж I-II том
2.”Қазақ әдебиетінің тарихы” ІІ том, І – кітап
3.Өмірхан Әбдираманұлы. “ ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. Алматы Қазақ университеті ” 2002 ж
4.Ә. Тәңірбергенов. “Ұмытпаңыздар, мені” Жинақ.1987ж
5.Б.Кенжебаев. Ө.Есназаров ” ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті “
6.А. Нұрқатов. “Абайдың ақындық дәстүрі”
Назарларыңыз үшін рақмет
Достарыңызбен бөлісу: |