Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ауаның барлық жерде бар екендігін анықтау үшін тәжірибе жасайды;
Түсінеді: адамның табиғатты таза ұстаудағы негізгі рөлін; тіршілік үшін таза ауаның қажет екенін;
Қолданады: сурет бойынша қорытынды ой айтуды; өз пікірін білдіруді.
Тақырыбы: Ағаштар, бұталар, өсімдіктер.
Мақсаты:
Өзін қоршаған ортадағы өсімдіктерді үш топқа ( ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер) жіктей білуге үйрету. Оларға тән сыртқы белгілерді атай білу. Өзінің туған өлкесінде өсетін өсімдіктермен таныстыру.
Табиғат туралы алған білімдерін дамыту. Сөйлеу, ойлау, зейінін аудара білу қабілеттерін жетілдіру.
Туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: слайдтар, әртүрлі өсімдіктер бейнеленген карточкалар, бөліктерге бөлінген өсімдік суреттері, жұмыс дәптер.
Сөздік жұмыс: өсімдіктер.
Билингвальды компонент: ағаштар-деревья, бұта-куст, шөптесін өсімдіктер-травянистые растения.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
-Балалар, бүгін сабаққа қандай көңіл күймен келгеңдерінді, бүгінгі оқу іс-әрекетінің қалай өтетінін ым-ишарамен көрсетіңдерші.
-Сабақтың соңына дейін осындай көңіл күйде отыратын болайық.
|
Балалар күлімсірейді, өз көңіл күйін қалауынша көрсетеді.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
№1 слайд. Балаларға таныс қайың, терек, алма ағашы, итмұрын, қарақат бұталары, бақ-бақ, қызғалдақ суреттері көрсетіледі.
-Осы суреттерді бір сөзбен қалай атауға болады?
-Өсімдіктер қандай табиғатқа жатады?
-Дәлелдеңдер.
Балалар үш топқа бөлінеді.
1-топқа шөптесің өсімдіктің (мысалы, қызғалдақ) суреті беріледі. Тамыры, сабағы,жапырағы,гүлі, тұқымы анық нөмірленіп көрсетілген.
2-топқа алма ағашының суреті беріледі(тамыры, жуан діңі, бұтақтары, жапырағы, жемісі, тұқымы нөмірленіп көрсетілген).
3-топқа итмұрын немесе қарақат бұтасының суреті беріледі(тамыры, бұталары, жапырағы, тұқымы, жемісі анық көрсетілген).
-Қолдарыңа берілген сурет бойынша осы өсімдікті жақсылап зерттеңдер. Өсімдік қандай мүшелерден тұрады, ол мүшелері не үшін керек екеніне назар аударыңдар. Нөмірі бойынша атаңдар.
№2 слайд. Ағаш, бұта және шөптесін өсімдіктің мүшелері көрсетілген сурет.
Осы суреттер бойынша балалар салыстыру жұмысын жүргізеді. Өсімдіктің қандай мүшелері барлығына тән екенін айтады. Содан соң айырмашылығын айтады. Ол үшін балалардың назарын ағаштың діңіне аударады.
-Ағаштың діңі қандай? Діңінен не тарайды?
-Енді ағаш пен итмұрын өсіп тұрған өсімдікті салыстырыңдар.
-Олай болса, бірінші өсімдік ағаш деп аталады, ал екіншісі бұта деп аталады.
-Осы өсімдіктер мен бақбақты салыстырыңдар. Қандай айырмашылығы бар?
-Ал діңі, бұтағы жоқ өсімдіктерді шөптесін өсімдіктер деп атаймыз. Демек өсімдіктер үлкен үш топқа бөлінеді. Олар: ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер.
Билингвальды компонент: ағаштар-деревья, бұта-куст, шөптесін өсімдіктер-травянистые растения.
Содан соң әртүрлі өсімдіктердің суреті бейнеленген карточкалар таратылады.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
«Не екенін тап!» дидактикалық ойыны.
№3 слайд.
Өсімдіктер тобының бір-бірінен айырмашылығын көрсететін мүшелері бойынша қандай өсімдік тобы екенін табады.
«Бұл өсімдіктің жапырағы бар».
Қандай өсімдік тобы туралы айтып тұрғанымды табу мүмкін бе?
«Оның тамыры мен жапырағы бар».
Бұл не?
«Бұл өсімдіктің қалың қабықпен жабылған жуан діңі, жапырағы, тамыры, бұтағы бар».
Осылайша қалған өсімдіктер тобына талдау жұмысы жүргізіледі.
Жұппен жұмыс.
-Қазір сендерқастарыңда отырған баламен жұмыс істейсіңдер.
Сендерге хатқалта беріледі. Оның ішінде суреттердің бөліктері бар. Суреттерді біріктіріп, қандай өсімдік екенін анықтап, оның ағашқа, бұтаға немесе шөптесін өсімдікке жататынын дәлелдейсіңдер.
|
Балалар алдымен өсімдіктердің атауын жеке-жеке атайды.
-Өсімдіктер деп атайды.
-Өсімдіктер тірі табиғатқа жатады.
-Олар өседі, көбейеді, қоректенеді, тіршілігін тоқтатады. Балалар топта қолдарына берілген өсімдік туралы не білетіндерін ортаға салады.
Анық көрсетілген өсімдік мүшелеріне назар аударып, сол туралы сөйлеуге дайындалады. Балалар толық зерттеу жұмысын жүргізіп болғаннан кейін, өсімдік мүшелерінің атауын, атқаратын қызметін шамасы келгенше айтады(тамыры арқылы қоректенеді, су ішеді,қорек сабағы арқылы жапырағына, гүліне барады, гүлде тұқым пайда болады).
Балалар зерттеп, әрқайсысы өз ойларын ортаға салғаннан кейін,біреуі топ атынан сөйлейді.
-Өсімдіктердің барлығында тамыры, жапырағы, гүлі, тұқымы болады.
-Ағаштың діңі жуан, мықты. Діңінен бұталар тарайды.
-Бұл өсімдіктің діңі жоқ, тамырдан кейін жер бетінде бірден бұталар таралып кеткен.
-Бақбақтың діңі де, бұтағы да жоқ. Оның жұмсақ, иілгіш сабағы бар.
Балалар сурет бойынша ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер болып үшке бөлініп тұрады.
Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктердің атын педагогтің көмегімен атап, өз жерінде өсетін өсімдік атауларымен танысады.
Ағаштар: емен, терек, қарағаш, қайың, үйеңкі.
Бұталар: итмұрын, қарақат, долана, қожақат.
Шөптер: бақбақ, қызғалдақ, түймедағы, жолжелкен т.б.
Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Дәптердегі тапсырманы орындайды.
Баолық өсімдіктердің жапырақтары бар, таба алмаймыз.
Не екенін айта алмаймыз.
-Бұл-ағаш.
Балалар өсімдік бөліктерін дұрыс орналастырып, атауын айтады. Оның мүшелерін атап көрсетеді. Қай өсімдік тобына жататынын дәлелдеп айтып береді.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Бір бет қағаз алыңдар. Сол жақ жоғарғы бұрышына күннің суретін салыңдар.
Егер саған бүгінгі іс-әрекетіміз ұнаса, күннің суретін көңілді, егер шаршаған болсаң, көңілсіз түрде сал.
|
Тапсырманы орындайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындадйы: өсімдіктерді өзіне тән белгілері бойынша үш топқа жіктейді; туған өлкесінде өсетін өсімдік түрлерін атайды;
Түсінеді: өсімдіктердің әртүрлі болатынын, бір-бірінен айырмашылығы барын; өсімдік мүшелерінің атқаратын қызметі туралы қарапайым түсінікті;
Қолданады: өздеріне таныс өсімдік түрлерінің қай топқа жататынын анықтауды.
Тақырыбы: Қазақстанда өсетін өсімдіктер.
Мақсаты:
1.Өсімдіктердің әр алуан жерде (дала, шалғын, орман, тау, бау-бақша т.б.) өсетіні туралы түсінік қалыптастыру; Қазақстанда өсетін өсімдіктердің кейбір түрімен таныстыру.
2.Аймақтық табиғат ерекшеліктеріне тән өсімдіктер туралы түсініктерін кеңейту.
3.Өсімдік әлеміне ұқыпты қарауға тәрбиелеу; өсімдіктерсіз тіршілік атаулы өмір сүре алмайтыны туралы ұғым беру.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: өсімдіктердің әртүрлі жерде өсіп тұрғанын бейнелейтін табиғат көрінісі, жантақ, сексеуіл, селеу, жусан, бетеге өсімдіктерінің суреті, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: жантақ, боз, жусан, бетеге.
Билингвальды компонент: жантақ-верблюжья колючка, боз-ковыль, жусан-полынь, бетеге-типчак.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
1
|
2
|
3
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
«Өсімдікті жина» ойыны.
Шалғын бейнеленген үлкен сурет( шөп, өсімдіктері жоқ ) және бөліктерге бөлінген өсімдік мүшелері (тамыры, жапырағы, гүлі, жемісі).
Педагог:
-Балалар, мына шалғында бір кездерде түрлі өсімдіктер мен гүлдер өсіп тұратын.Бірде қатты дауыл тұрды.Дауылдан кейін шалғында түк қалған жоқ(көк аспан астындағы сары қоңыр жерді көрсетеді). Сендерге бұл жер ұнай ма? Бұл жерді шалғын деп айтуға бола ма? Оны қалай әдемі көрсетуімізге болады?
-Дұрыс айтасыңдар.Шалғынға жан бітірейік.Гүлдер өсірсек, бұл жерге көбелектер, аралар, түрлі жәндіктер ұшып келетін болады.
Балаларға бөліктерге бөлінген түрлі өсімдіктер жинағы ұсынылады.
Сондай-ақ қажетсіз заттар бөліктері де беріледі.
Жұмыс соңында шалғынның әдемі көрінісі пайда болады.Оған түрлі жәндіктерді де орналастырады.
-Егер өсімдіктер болмаса, бұл жерге жәндіктер ұшып келер ме еді?
-Өсімдіктер тағы кімдерге және нелерге қажет?
|
Балалар ойынға кіріседі.
-Жер беті өсімдіктер болмаса, әдемі көрінбейді. Шалғын деп атау үшін, ол жерде түрлі өсімдіктер, гүлдер өсуі тиіс. Бұл жер әдемі болу үшін өсімдіктер өсіруіміз керек.
Балалар өздеріне қажетті бөліктерді таңдап алып, өсімдікті құрастырып, атауын айтып, шалғынға орналастырады.
-Жәндіктер өсімдіктерсіз тіршілік ете алмайды?
-Өсімдіктер адамдарға да, жан-жануарларға да қажет.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Қазақстан өсімдіктерінің алуан түрлілігін көрсететін суреттер көрсетіліп, әңгіме жүргізіледі.
Билингвальді компонент.
Жантақ-верблюжья колючка, боз-ковыль, жусан-полынь, бетеге-типчак.
-Балалар, біз осы алуан түрлі өсімдіктердің тек кейбір жиі кездесетін түрімен танысамыз.Педагог өсімдіктер суреттерін көрсете отырып түсіндіреді.Картадан өсетін орындарын көрсетуге болады.
Жантақ Қазақстанның шөл далаларында өседі. Оның биіктігі 30-100см. Тамырының ұзындығы 10 м-ге дейін жетеді.Сабағы тікенді болады.Мамыр, маусым айында гүлдеп, тамызда жеміс береді.Жантақ-дәрілік өсімдік.Оны түйе сүйсініп жейді.Сексеуіл-ағаш тұқымдас өсімдік.Біздің жерімізде ақ және қара сексеуіл өседі.Ол құмдауыт жерде өседі.Оның тамыры 10-11 м терңдікке дейін жетеді.Ол суды өте тереңнен тартады.Оның бұтақтарын түйе жақсы көреді.Ұсақ малдар оның жердегі сынық бұтақтары мен қураған жапырақтарын жейді.Сексеуіл жақсы жанады, қызуы жоғары.Сондықтан оны отын ретінде кесушілеркөбейіп кетті.Жалаңаш қалған өлкелерден құмдар көшіп, аңдары басқа жаққа ауып кетті.Сондықтан ол Қызыл кітапқа енгізілген.Селеу-көпжылдық шөптесін өсімдік.Қазақстанның барлық облысында,әсіресе оңтүстік аймақта жиі кездеседі.Мамыр, маусым айында гүлдейді.Ол құнарлы мал азығы ретінде пайдаланылады. Биіктігі30-40 см.Тамыры шашақталып өседі. Жусан Қазақстанда көп өседі.Оның таулы, шөлді жерде өсетін түрлері көп.Ұсақ гүлдері бар.Әбден піскен кезде сыпырғыш сияқты гүлшоғырын құрайды.Жусан құнарлы мал азығы.Бір,екі жыл тіршілік етеді.Мысыр елін билеген Бейбарыс сұлтан сан жылдар бойы жусан иісін аңсағаны белгілі.Ол-дәрілік өсімдік.Ата-бабаларымыз жусанның қасиетін ертеден білген.
Бетеге далалық, шалғындық жерлерде ,тау бөктерінде өседі.Сабағынжа жапырағы сирек орналасқан.Қазақстанда оның 20 түрі бар.Мал үшін құнды азық.Биіктігі 30-60см. Жапырақтары жіңішке болады.Оны жылқы,қой,ешкі сүйсініп жейді.Суыққа,қуаңшылыққа төзімді.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
|
Балалар әңгіме барысында Қазақстан жерінде өсімдіктердің түрі өте көп өсетінін түсінеді.
Балалар әңгімеге кіріседі.
Тапсырмаларды орындайды.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
-Бүгін, балалар, біз өз жерімізде өсетін өсімдіктермен таныстық.Енді сендер осы өсімдіктерді көретін болсаңдар, ол туралы айтатын боласыңдар және олармен амандасып, қамқорлықтарыңа алып жүретін боласыңдар.
|
Өздеріне таныс өсімдіктерді атайды,естеріне түсіреді.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: өсімдік әлеміне ұқыпты қарауды;
Түсінеді: әр аймақтың ерекшелігіне қарай өзіне тән өсімдіктері болатынын; өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын;
Қолданады: Қазақстанда өсетін өсімдіктердің кейбір түрлері, оның атауы; қайда өсетіні, ерекшеліктері туралы білімді.
Тақырыбы: Жас экологтар.
Мақсаты:
Проблемалық жағдайларжы шешуді үйрену. Тірі организмнің қоршаған ортамен байланысы туралы түсініктерін нығайту. Сөздік қорларына « эколог», «экологиялық апат» сөздерін нығайту.
Қыстап қалатын және жыл құстары туралы түсініктерін нығайту. Қоршаған орта, оны қорғау туралы білімдерін дамыту.
Табиғатты қорғауға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.Бір-бірін тыңдай білуге, бір-бірінің пікірін құрметтеуге үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: жоспар-сызба, қыстап қалатын және жыл құстарының суреті, су қоймасын мекендеушілердің муляждары, мольберт, көк түсті мама (өзен), қорап, сым, қайшы, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: эколог.
Билингвальды компонент: шымшық-синица, тоқылдақ-дятел, қайшыауыз торғай-клест, үкі-филин.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Педагог топқа ішінде жоспар-сызба бар хатқалтаны әкеледі. Хатты ашып оқиды: «Құрметті, балалар! Мен сендерді саяхатқа шығуға шақырамын. Бізге қайда жүру керектігін жоспар-сызба көрсетеді.
Сендерді алда қызықты кездесулер мен шешілмеген мәселер күтіп тұр. Тиін».
|
Балалар «Өзен», «Орман», «Зертхана», «Шеберхана» деген аялдамалар белгіленген саяхат жоспарымен танысады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
1-аялдама. «Өзен» аялдамасы. Педагог балаларды саяхатқа шығуға шақырады.
Балалардың алдынан Тиін шығып, не болғанын айтады: «Бір бала мені орманда көріп, ақырын келіп, ұстап алды. Мені осында әкеліп тастап кетті. Жан-жағыма қарасам, маған таныс емес жер. Мұнда су, жер, мен білмейтін өсімдіктер. Менің өз үйіме қайтқым келеді. Бірақ менің айналамдағылардың не нәрсе екенін білгім келеді. Маған сендер айтып беретін шығарсыңдар».
Педагог балалардың назарын экрандағы өзен бейнеленген көрініске аударады.
-Балалар, өзенде нелер өмір сүреді? (Әңгіме иллюстрациялар, ойыншықтар көрсету арқылы жүргізіледі(.
-Өзенді мекендейтіндер табиғаттың жанды, жансыз денелерінің қайсысына жатады? Тиінге дәлелдеп беріңдер.
«Жанды табиғат» сызба-үлгісімен жұмыс жүргізу.
Педагог балалардың назарын еденге төселіп дайындалған көрініске аударады (онда қоқыстар көп).
-Не көріп тұрсыңдар? Не істеуіміз керек?
-Жарайсыңдар, балалар! Сендер өзенді қоқыстан тазарттыңдар. Табиғаттың таза болуына көмектесетін адамды кім дейтінін білесіңдер ме?
-Сендер бүгін жас экологтар болдыңдар. Мен сендерге арнайы экологтар галстугын тапсырамын. Неге оның түсі жасыл деп ойлайсаңдар?
Судың сылдыраған дыбысы естіледі (аудиожазба).
-Балалар, не естіп тұрсыңдар? Өзен сендерге рақметін айтып жатыр. Енді сендер су қоймасын мекендеушілерді өзенге қайтаруларыңа болады.
-Біз Тиінге үйіне қайтуына көмектесуіміз керек. Ол қай жерді мекендейді?
-Балалар, сызбаны мұқият қарап, әрі қарай көрсетілген бағыт бойынша аттанамыз.
«Орман» аялдамасы
Жүргізуші:
-Тиін, бұл жер саған саған таныс па?
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр? Тиін қыс мезгіліне дайын ба?
-Тиінді осы жерге, орманға қалдырып кетеміз. Жинаған жаңғақтары мен саңырауқұлақтарын жеп жатады.
-Орманда құстардың даусы естілмейді. Олар қайда кеткен?
-Олар неге ұшып кетті?
-Бірақ кейбір құстар осы жерде қыстап қалыпты.
Экраннан қыстап қалатын құстардың бейнесі көрінеді.
-Өздеріңе таныс құстардың атын атаңдар.
Билингвальды компонент:
шымшық-синица, тоқылдақ-дятел, қайшыауыз торғай-клест, үкі-филин.
-Бұл құстар неге жылы жаққа ұшып кетпейді?
Сергіту жаттығуы.
«Зертхана» аялдамасы.
-Балалар, қыстап қалатын құстардың аттарын естеріңе сақтап алыңдар. Енді өзіміздің «Зертханамызға» қайтып, сол жерде жұмыс істейміз. Орманда көрген құстарды естеріңе түсіріп, дәптерлеріңе суретін салындар.
-Енді сендердің зейендеріңді тексеріп көрейік. «Не артық?» ойынын ойнаймыз. Мен бірнеше құстың атын атаймын. Солардың ішінен сол қатарға сәйкес келмейтін артық құсты тауып айтасыңдар.
(Ойын жылдам жүргізіледі).
-Балалар, енді жанды табиғатты жансыз табиғаттан қалай ажыратуға болатынын қалай түсінгендеріңді тексеріп көрейік (карточкалар теріс қаратып қойылған).
«Шеберхана» аялдамасы
-Сызба бойынша келесі аялдама-«Шберхана». Біз онда жемсауыт жасаймыз.
-Біз қыстап қалатын құстарға жем беруіміз керек. Бос қораптардан жемсауыт жасаймыз.
Экранда жемсауыттың жасалу жолы көрсетіледі.
-Серуенге шыққан кезде жемсауытты ағаштарға іліп, құстарға жем береміз.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізеді.
|
Балалар саяхатқа( топ бөлмесінде) шығуға дайындалады.
Тиінмен амандасады, қызығушылығын білдіреді.
Балалар Тиннің сөзін тыңдайды.
-Балалар экраннан не көріп тұрғандарын әңгімелейді.
-Өзенде балықтар, шаяндар, жәндіктер, өсімдіктер өседі.
Жануарлар өзенге су ішуге келеді.
-Олар жанды денелерге жатады. Өйткені олар көбейеді, өседі, қозғалады, тыныс алады, қоректенеді, өледі. Балалар сызба бойынша жұмыс істеп, олардың тірі табиғатқа жататынын дәлелдейді.
Балалар қолдарына қолғап киіп, қоқыстарды пакетке салады.
-Табиғаттың тазалығын бақылайтын адамдарды экологтар дейді.
-Экологтар табиғатты қорғайды, сондықтан галстук жасыл түсті болады.
Балалар өзенде тіршілік ететіңдерің (муляж) атын атай отырып, өзенге орналастырады.
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалар топтағы орман көрінісі бейнеленген бұрышқа қарай жүреді.
-Қазір күздің соңғы айы. Күн суытып, өзенге мұз қата бастады. Тиін сұр тонын ақ тонға ауыстырады.
-Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
-Олар үшін қыста қорек аз.
Балалар экранда көрінген құстардың атын атайды (торғай, шымшық, қарға, тоқылдақ, қайшыауыз, үкі).
Балалар бұл құстардың қыста азық тауып жей алатындығын атайды.
Балалар орындарына келіп, сурет дәптерлеріне қыстап қалатын құстардың өзі қалаған бір-екеуінің суретін салады.
Балалар педагогтің атаған құстар қатарын мұқият тыңдайды. Сол қатарға сәйкес келмейтін құсты тауып атайды.
Әр бала екі карточкадан алады. Онда бейнеленген суреттердің тірі емесе өлі табиғатқа жататынын анықтайды. Тиісті қалташаға салып, өз шешімін түсіндіреді.
Балалар «шеберханаға» келеді. Үстелдің үстінде сүттен босаған қораптар тұр.
Балалар бо пакеттен үлгі бойынша жемсауыт жасайды.
Тапсырмаларды орындайды.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
-Міне, біздің саяхатымыз да аяқталды. Сендерге не ұнады? Біз құстарға қалай көмектестік? Енді сендер табиғатты қалай қорғау керек, су қоймасында, орманда тіршілік ететін жануарлар мен құстарға қалай көмектесу керек екенін білдіңдер.
|
Балалар өздеріне не ұнағанын айтады. Орман көрінісінің алдында естелік үшін суретке түседі.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: проблемалық жағдайларды шешеді; тірі организмнің қоршаған ортамен байланысын түсіндіреді.
Түсінеді: табиғатты қорғау қажеттігін, қыстап қалатын және жыл құстары туралы білімді.
Қолданады: қоршаған орта мен табиғатқа қамқоршы болуды, бірін-бірі тыңдауды, өз пікірін білдіруді.
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың тіршілігіндегі күзгі және қысқы өзгерістер.
Мақсаты:
Жануарлардың тіршілігіндегі күзгі, қысқы өзгерістермен, тіршілігімен таныстыру; жануарлардың қысқа қалай дайындалатыны туралы түсінік беру.
Жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: түлеу.
Билингвальды компонент: түлеу-линка, көртышқан-крот, азық қоры-провизия.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
-Мен сендерге әңгіме оқып беремін. Әңгімеде не туралы және қай мезгіл туралы айтылғанын табыңдар: «Ол ағаштан ағашқа секіріп, бір нәрсені ағаштың қуысына жинап, тыным таппай жүр. Өзі әбден семіріп алыпты, денесін көтере алмай, мамаң-маймаң етеді».
|
Әңгімеде тиін туралы айтылады. Ол күзде қысқа дайындалады, ағаш қуысына қорек жинайды. Ал аю жеміс-жидектерді жеп, денесіне май жинайды. Әңгімеде күз мезгілі суреттеледі.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
-Бізге бүгін қонаққа не келетінін өздерің табыңдар.
Жұмбақ
Үстінен тоны түспеген
Сонда да араз қыспенен.
-Аю бізге жалғыз келмепті, қасына аңдарды ертіп келіпті. Қандай аңдар екенін айтыңдар.
-Аңдардың түрі, көлемі әртүрлі. Бірақ бәріне ортақ бір белгіні атаңдар.
Суретпен жұмыс.
Аңдардың күзгі тіршілігі бейнеленген сурет көрсетілелі. Сурет бойынша аңдардың күзде қысқа қалай дайындалатыны туралы түсінік беріледі.
Билингвальды компонент. түлеу-линка, көртышқан-крот, азық қоры-провизия.
«Аю күні бойы орман кезіп жүріп, жеміс-жидектер мен еменжаңғақтарды жеп, денесіне май жинайды, апанының ішін дайындайды. Тиін мен қоян түлейді, яғни жұқа жүндері қалыңдайды және түстері өзгереді. Тиін ағаш қуысына азық қорын жинайды. Тышқан мен көртышқан ініне егістіктен масақ дәндерін жинайды.
Борсық інінің ішін тазалап, қысқа дайындап, ағаш тамырын, саңырауқұлақ жинайды. Қасқыр мен түлкі қысқа азық жинамайды».
-Ал үй жануарлары қысқа қалай дайындалады?
Жануарлардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суретпен жұмыс.
Сергіту сәті:
«Аңдар қысқы суықтан қорықпайды. Оларды суықтан жылы, жұмсақ терілері сақтайды. Қоян мен тиін жауларынан қорғану үшін, терілерінің түсін ақ түске өзгертеді. Тиін өзінің жазда, күзде жинаған азығын іздеп табады. Ал аю болса, қыс бойы апанында ұйықтайды. Олардың денесіне жиып алған майы олардың аш болуына көмектеседі.Ал қоян, қасқыр, түлкі, бұлан қысқа азық жинамайды. Қоян ағаштың қабығын кеміреді. Бұлан да ағаш бұтақтарымен қоректенеді. Түлкі үнемі қар бетін иіскелеп жүреді. Ол қар астынан тышқанның інін іздейді. Бірақ қыста жануарлар үшін азық азайып кетеді. Сондықтан қыста оларға қосымша азық берген дұрыс. Орманға жем-шөп, орамжапырақ, жаңғақ, емеежаңғақ апарып төгу керек».
-Ал үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы не білесіңдер?
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
|
Жұмбақтың шешуі:аю.
Балалар аңдардың атын атайды.
-Аңдардың денесін түк басқан.
-Үй жануарлары үшін жем-шөпті адамдар дайындайды. Қораны жөндейді.
-Үй жануарларына адамдар қыста жем-шөп, су береді. Қораны күніне тазалайды. Олар қыстай жылы қорада тұрады.
Тапсырмаларды орындайды.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
-Естеріңде не қалды?
-Қандай тапсырманы орындау саған ұнады?
-Ата-аналарыңа не туралы айтасыңдар?
|
Балалар қандай тапсырманы орындау ұнағанын естеріне түсіреді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |