Тақырыбы: Жапырақ Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата19.04.2018
өлшемі27,58 Kb.
#40233
Тақырыбы: Жапырақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : оқушыларды өсімдік мүшелерінің ішіндегі жапырақтың атқаратын қызыметімен таныстыру, өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсінігін кеңейту, қосымша мәліметтер беру.

Дамытушылық: оқушылардың өсімдік туралы білімдерін кеңейту дамыту, өздігінен ізденіске, ойын тұжырымдап жеткізе алуға үйрету. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелеік : оқушыларға табиғатты қорғауға, аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу, топтық жұмыстар. СТО

Көрнекілік: слайд, қима қағаз, оқулық, сызбалар, жапырақ,

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу

Сабақтың барасы:

1. Ұйымдастыру:

Оқушылардың оқу құралдарын толықтау, тексеру, тәртіпке келтіру.



Психологиялық дайындық

Балалар ортаға шығады, мұғалім қолындағы түсті лента қағаздарды түсіне қарай таңдап бір ұшын ұстап тұрады. Мақалды бірге айтады.



Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ.

Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

Ынтымақ болмай іс оңбас.

  • Балалар, барлығымыз жұмылған жұдырықтай бірлікте болып бірлікте, ынтымақтса отырып бүгінгі сабағымызды сәтті өткізейік. Ендеше таңдаған түстер бойынша топқа отырайық.

2. Өткенді қайталау: Өткенді қайталауға арналған топтық тапсырмалар беріледі.

1-топ: өсімдік топтарын жаз.

2-топ : Тамырдың қызыметін жаз.

3-топ: Сабақтың қызыметін жаз.

4-топ: Өсімдікке қажетті жағдайды ата.

3. Миға шабуыл.

Балалар, осы топтардағы оқылған өлеңдердің бәрінде ортақ не айтылған? (жапырақ) мақал айту адам көркі –шүберк, ағаш көркі-жапырақ.

Жапырақ сөзін үш тілде айту. (орысша, қазақша, ағылшынша)Жапырақ, лист, laef

Сабақтың тақырыбы, Сабақтың мақсаты айтылады.

Жапырақ туралы білетіндерін сызбаға жазу. Әр топтың жауабын оқыту.

- Балалар, біз бүгін сабақта жапырақ туралы білімімізді одан әрі кеңейте түсеміз. Ендеше оқулықтағы мәтінді оқып, талдайық.

4. Оқулықпен жұмыс: мәтінді тізбектей оқу. Талдау. Тақтада түсіндіру.

Топпен жұмыс.

1-топ: жапырақтың атқаратын қызыметін жаз.

2-топ: өсімдік жапыраға қандай газбен тыныс алады? Адамдарға қандай пайдасы бар?

3-топ: жапырақ күзде неге сарғаяды?

4-топ: жапырақ туралы білгендеріңді топтасыр.

Сергіту сәті:

5. Дәптермен жұмыс: күн ретін жазу. Жапырақ, лист, laef жазу Жапырақ қызметін жазу.

6. Тосын сый: әр топтың топ басшысы сыныптан жасырынған топтың түсіне сәйкес жапырақты табады, қосымша мәліметтерді топта оқиды, талдайды.

1-топ: жапырақ құрлысы 2-топ: жапырақ пішіні



3-топ : жапырақтың өсуі 4-топ: қызықты жапырақтар

7. Қорытынды және бағалау : «Жарық жұлдыз» әр топ бүгін сабақта не түсінгендерін, не оқығандарын жұлдызға жеткенше сызыққа жазады. Жазғандарына қарай бағаланады.

8. Үй жұмысы. Жапырақ сызу, атқаратын қызметін жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет