Тақырыбы: «Жазылар естеліктер мен туралы…» Мұқағали әлеміне саяхат Мақсаты: Білімділік



Дата28.11.2016
өлшемі48,78 Kb.
#2712
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

№13 бастауыш мектебінің мұғалімі

Жидебаева Маржан
Тақырыбы: «Жазылар естеліктер мен туралы»

Мұқағали әлеміне саяхат
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың өмірімен таныстыру. Өздері білетін , оқып , танысқан ақын өлеңдерінен , шығармашылығынан жан – жақты деректер беру.

Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа жетелей отырып , мәнерлеп оқу , есте сақтау қабілеттерін , ой – өрісін , зейінін дамыту.

Тәрбиелік: Мүқағали ақынның өлеңдерін , әндерін , толғау , дастандарын сабақта қамти отырып , оқушылардың рухани танымдарын кеңейту.Туған еліне , жеріне , ұлтына деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер жинағы , слайдтар , буклеттер , қима қағаздар , т.б.

Әдіс – тәсілдер: қайталау , топтық жұмыс
Жүру барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды үш топқа бөлу.

І – топ: «Халық»

ІІ – топ: «Отан»

ІІІ – топ: «Тіл»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Балалар , бүгінгі «Жазылар естеліктер мен туралы...» атты тәрбие сағатымыз қазақ аспанында ерекше нұрланып , жарқырап өткен сыршыл , дарынды ақын Мұқағали Мақатаевқа арналады.Алдымен ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы дайындалған сюжетке назар аударайық.

(Интербелсенді тақтадан ақынның өмірбаяны жазылған слайдтар көрсетіледі.Ән орындалады «Есіңе мені алғайсың»)

Мұқағали Мақатаевты еске ала отырып , Мұқағали әлеміне саяхатымызды бастаймыз.Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді.Олай болса осы сайыстың шартымен таныстырайын.

1.«Үш бақытым» өлеңін жатқа айту.

2.Мақал құрастыру.

3.«Мақал – сөздің мәйегі».

4.«Шатасқан шумақтар».

5.«Сұраққа жауап күтеміз»

Сайыстың әрбір бөлімінен кейін топтың алған ұпайлары тақтадағы бағалау бетшесіне қойылады.

Мұғалім:

-Балалар , сендер сабақтың басында үш топқа бөлініп отырдыңдар. Топтарыңыз «Халық» , «Отан» , «Тіл» деп аталады.Бұл сөздер М.Мақатаевтың қай өлеңінде кездеседі?

Оқушылар:

- Бұл сөздер Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінде кездеседі.

Мұғалім:

-Дұрыс таптыңдар.Ендеше осы өлеңді жатқа айтайық.

(Оқушылар өлеңді жатқа айтады)

1 – оқушы:

Ең бірінші бақытым – Халқым менің ,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса , мен бармын , қор болмаймын ,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

2 – оқушы:

Ал екінші бақытым – Тілім менің ,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де ,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

3 – оқушы:

Бақытым бар үшінші – Отан деген ,

Құдай деген кім десе , Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Мұғалім:

-Сайыстың екінші бөлімі «Мақал құрастыру» деп аталады.

(Оқушылар берілген әріптерден халық , Отан , тіл туралы мақалдар құрастырады)

Мұғалім:


-Балалар , ана десе толқымайтын жүрек , тасымайтын қан , сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!Ана деген сөздің өзі ыстық.Баланың анаға деген махаббаты құндақта жатқан күнінен басталады.Олай болса , біз де аналарымызға деген құрметімізді , махаббатымызды ән арқылы жеткізейік.Сөзі М.Мақатаевтыкі , әнін жазған Нұрғиса Тілендиев

Ән: «Құттықтаймын , мама , туған күніңмен!»

-Сайыстың үшінші бөлімі «Мақал – сөздің мәйегі».Оқушылар халық , Отан , тіл туралы мақалдар айтып жарысады.

-Келесі кезекте «Шатасқан шумақтар» - сайыстың төртінші бөлімі.Бұл жерде оқушылар Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін , өскен Отаным» өлеңіндегі орындары ауысқан өлең жолдарын мағынасына , ұйқасына қарап қайта жазып , құрастырады.

І – топ.

Топырағын , тасын да.

Кәрісін және жасын да.

Сүйемін думанды елімнің ,

Сүйемін мен жерімнің

ІІ – топ.

Сүйемін салқын кештерін.

Толассыз соққан ескегін.

Бетті аймалап уілдеп ,

Бұлтсыз , айсыз , жылы леп ,

ІІІ – топ.

Жылқы ойнаса біріндеп.

Жылқышының күлімдеп.

Мен сүйемін тұрғанын

Шаңдатып жота , қырларын
Сайыстың соңғы бесінші бөлімі «Сұраққа жауап күтеміз»

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

І – топ. Лирика дегеніміз не?

ІІ – топ. Автордың көзқарасы дегеніміз не?

ІІІ – топ. Кейіптеу дегеніміз не?

Сайыс рет – ретімен өтеді.

Бағалау бетшесіне топ оқушыларының алған ұпайлары қойылады.

Сабақ соңында көп ұпай жинаған топты мадақтау.

Қорытынды.

Мұғалім:


-Балалар , бүгінгі тәрбие сағатымызда біз кім туралы әңгімелестік?

Оқушылар:

-Біз бүгін Мұқағали Мақатаев туралы әңгімелестік.

Мұғалім:


-Олай болса , бүгін тәрбие сағатта білгенімізді ортаға салайық.

Топтастыру.


Туған жылы Ол кім? Туған жері

Әкесінің аты Мұқағали Мақатаев Анасының аты


Шын аты Шығармалары

Мұғалім:

Жазылар естеліктер мен туралы ,

Біреулер жан еді дер ер тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін



Бүтінделмей кеткен бір ер – тұрманы. –
дегендей ұлттың мақтанышы Мұқағали Мақатаевтың келешекте әлі де көптеген өлең , жырларымен танысасыңдар.Келесі жыр додамызда жүздескенше сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет