Мәтін көлемі бойынша жұмыс істеңіз
Мәтін көлемі туралы нақты анықтама
жоқ. Ең бастысы, хаттың мәнін
көрсету және оқырманды қызықтыру.
Құттықтау хаттар
Ақпараттық бюллетеньдер
Қызмет тәртібі, жұмыс уақыты
өзгеруі және т.б.
Басты мақсат – ескерту.
Жарнамалық хаттар
Ескерту:
Стоп-сөздерді қолданбаңыз
Жүйе спам деп таныған сөздер.
Re префиксін қоспаңыз
Оқырман бұл жеке хабарлама деп
ойлау мүмкін.
@ MAIL
ХАТТЫ
ЖАЗУ ӘДІСТЕРІ
@ MAIL ТАРАТУ МӘТІНІН
ҚАЛАЙ ЖАЗУ КЕРЕК?
ПОШТА ХАТТАРЫНЫҢ
ТҮРЛЕРІ
28
Сәлемдесу
хат жолданып отырған адресаттың аты-
жөні
Сәлеметсіз бе, қадірлі, сәлем, қымбатты,
ардақты....
Кіріспе
адресаттың өміріне деген қызығушылықты
көрсететін сұрақтар
Мен өте ризамын, үлкен рақмет, ...... үшін
сізге алғысым шексіз...
Негізгі бөлім
(хаттың жалпы мазмұны) -
адресатты қызықтыратын ақпаратты ұсыну
Сізге ... айтқым келеді.
Қорытынды
- құрмет, сүйіспеншілік,
адалдық, кешірім білдіру
Жауабыңызды күтемін, сау болыңыз,
кездескенше...
Жіберушінің қолы:
Мерзімі:
Хат жазу алгоритмі:
21.11.1944 ж.
Қадырлы Ғабит! Жас бала үлкен ағасын «ағай» десе
жарасып, сыпайы көрініп-ақ тұрады. Мен Сізді «ағай» дейтін едім,
оным дұрыс та еді. Осы ашық хатымды «ағайсыз» ақ бастадым,
айып етпеңіз. Олай еткенім – үлкен ағам болдым дегендігім емес.
«Зеркало и мартышка» деген мысал бар ғой. Сондай-ақ бүгін
айнаға қарасам, сақал-мұртым бедірейіп тұр екен. Аздап қылаңдап
шашыма ақ еніп қалыпты. Бұл – бір. Екінші, жуырда бір жақын
жолдасты «ағай» деп атаймын деп оның өзінен ұрысу көріп
қалдым, «қартайып, сақал-мұртың қағыс айналғанша, ағай деуді
қоймайды екенсің» дегені ғой. Сондай сөзді сізден де естіп қалам
ба деп хатымды ағайсыз жаздым. Мұныма қарсы болсаңыз,
ағайлау оңай емес пе? Мен аман саумын, осы айдың 16-нан бері
жаңа қызметке кірісіп істеп жатырмын, жұмыс көп. Қызметті
бір
қалыпқа келтірген соң майданнан әкелген қолжазбаларымды
реттеймін. Сіздің очеркіңізбен оған қарсы жазылған мақаланы
оқыдым. Ол жөнінде үлкен мақала жазып отырмын, жақында
жіберем. Бұл хатпен жаңа адресімді білдіріп отырмын.
Хусниға, балаларға көп сәлем. Хат күтем.
МӘЛІК
Хат
5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат құрастырып жазу
Жанр түрлері мен ерекшеліктері:
29
О
қиғаны қара сөзбен
баяндайтын шағын көркем
шығарма.
Мақсаты:құбылыстар мен
заттарды суреттеу, жанды
суретін көрсету, бейнелеу
арқылы оқырман сезіміне әсер
ету.
Образды;
эмоционалды;
экспрессивті.
Образды сөздер (суреттеме
құралдары:теңеу, метафора
т.б.) мол қатысады;
мезгілді, мекенді, оқиғаны,
детальді сипаттау болады;
экспрессивті сөздер мол
қолданылады;
ритм, интонация әсерлілік
құру үшін көп қатысады;
синоним сөздер,
грамматикалық амалдар
(сөздердің, сөз тіркестерінің
мақсатты түрде қайталанып
берілуі).
ӘҢГІМЕ
ЕРЕКШЕЛІГІ
СТИЛЬГЕ ТӘН
ТІЛДІК ТҰЛҒАЛАР
(ҚОЛДАНЫСТАР)
|