Тақырыбы: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар әдісі тақырыбына есептер шығару



Дата07.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#94469
Байланысты:
9 кл ашык

Тақырыбы: “Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар әдісі” тақырыбына есептер шығару

Бақылау сұрақтары

  • Декарттық координаталар жүйесінде неше ширек бар және градустарымен ата
  • Кесіндінің ортасын қалай табамыз, мысал келтіріңіз
  • Екі нүктенің ара қашықтығынының формуласын жаз
  • Шеңбердің теңдеуі қандай формуламен өрнектеледі?
  • Абсцисса, ордината сөздерінің мағынасы
  • aх+ву+с=0 түріндегі теңдеу қандай теңдеу?

1. Декарттық координаталар жүйесі

1. Декарттық координаталар жүйесі

(-4; 3) нүктесі қай ширекте жатқанын табыңыз.

2. Екі нүктенің ортасы

А(3;4) В(1;-2) нүктелері берілген. Осы екі нүктенің ортасы болған С нүктесінің координатасын тап.

3. Екі нүктенің арасындағы қашықтығын табу

А(3; 4) В(1; -2) нүктелері берілген. Осы екі нүктенің

арасындағы қашықтықты табыңыз.

4. Шеңбердің теңдеуін табу

Центрі (4; 5)нүктесінде және радиусы 5 см болған

шеңбердің теңдеуін жазыңыз.

5. Шеңбердің теңдеулерін анықтау

5. Шеңбердің теңдеулерін анықтау

у2+х2-2х-3=0 шеңбердің теңдеуі екенін дәлелдеңіз. Оның центрі мен радиусын табыңыз

6. Түзудің бұрыштық коэффициентін табу

хОу координаталар жүйесінде А(3; 4) және В(5; 5) нүктелері берілген, осы нүктелер арқылы жүргізілген түзудің бұрыштық коэффициентін табыңыз. k=?

7. Түзудің теңдеуін табу

хОу координаталар жүйесінде А(3; 4) және В(5; 5) нүктелері берілген, осы екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін табыңыз

8. Түзудің жалпы теңдеуі

хОу координаталар жүйесінде А(3; 4) және В(5; 5) нүктелері берілген, осы екі нүкте арқылы өтетін түзудің жалпы теңдеуін табыңыз

Деңгейлік тапсырмалар

20 ұпай(А) №226

2х+3у+6=0 түзу теңдеуімен берілген. Түзу координаталық осьтерді қандай нүктелерді қиып өтеді?

30 ұпай(В) №232

А(11; 15) В(2;3) нүктелерінен өтетін түзу бойынан абциссасы 5-ке тең С нүктесінің ординатасын тап.

40 ұпай (В)

х+2у=3 2х-у=1 және теңдеулерімен берілген, түзулердің бір нүктеде қиылысатынын дәлелде.

50 ұпай (С)

Центрі у=х+2 түзуінде жатқан А(3; 0) В(-1; 2) нүктелері арқылы өтетін шеңбердің теңдеуін жаз.

Жеке жұмыс


Берілген теңдеулердің формуласын жазыңыз

Шеңбердің теңдеуі
Түзудің теңдеуі
Екі нүктенің арақашықтығы
Екі нүктенің ортасы

Тест тапсырмалары

1. Координаталық осьтер бір-бірімен неше градус жасап қиылысады А)600; Ә) 1800; Б) 900; В)3600 2. Көлденең орналасқан осьті қалай атаймыз А)ордината; Ә)санақ басы; Б) ширек; В) абсцисса 3. (-; +) мына таңбалармен берілген координаталар қай ширекте жатады А)І; Ә)ІІ; Б) ІІІ; В) ІV; 4. Нүктенің координатадағы орны неше санмен анықталады А)2; Ә)4; Б) 6; В) 8; 5. Координаталық осьтер бөлген жазықтықтың бөлігін қалай атаймыз А) санақ басы; Ә) абсцисса; Б) ордината; В) ширек

6. Екі осьтің қиылысқан нүктесін қалай атаймыз А) абсцисса; Ә) ширек; Б) санақ басы; В) ордината 7. Координаталық осьтер жазықтықты неше бөлікке бөледі А)2; Ә)4; Б) 6; В) 8; 8. Тігінен орналасқан осьті қалай атаймыз А) ширек; Ә) абсцисса; Б) ордината; В) санақ басы 9. (+; -) мына таңбалармен берілген координаталар қай ширекте жатады А)І; Ә)ІІ; Б) ІІІ; В) ІV; 10. Қай координаталардың жазылуы дұрыс А)(х); Ә)(у); Б) (х; у); В) ( у;х);

Шығармашылық әрекет

І топ. Екі нүктенің ортасы, екі нүктенің арасындағы қашықтықты табуды қорытындылап беру.

ІІ топ. Шеңбердің теңдеуі

ІІІ топ. Түзудің бұрыштық коэффициенті мен түзуін қорытындылау



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет