Тақырыбы: Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы



бет1/5
Дата24.11.2023
өлшемі49,25 Kb.
#193292
  1   2   3   4   5
Байланысты:
тұлғаға бағарланған


"М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.








Тақырыбы: Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы.

Орындаған: Сапар А.


Тобы: МТП 23-2нк1
Қабылдаған:Жораева С .
Шымкент 2023


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының мәні.
2.Жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар шеңберіндегі дербес бағыттар:
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» деген Жолдауында «ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы білім беру саласында жаңаша көзқарас, кәсіби қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.
Қазіргі үдемелі, индустриялы, жаһандану заманында білім беру жүйесінің мақсат-міндеттері, мазмұны және жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің мазмұны түбегейлі өзгерді. Жаһандану заманындағы барлық қоғамдық жүйенің өзгеруі орай, оның басты нысаны «адам» болғандықтан, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени салалардың басты бағдары мен құндылықтарының өзгеруі, жаңа ғасырда білім беру жүйесінде демократия мен ізгілік ұстанымдарының қалыптасуына ықпал етуде.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті – «ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» екендігі атап көрсетіліп, онда білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасын ұсынды. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет