Тақырыбы: Жер учаскелерін мемлекеттік кадастрлық есепке алу



Дата19.10.2022
өлшемі15,05 Mb.
#153774
Байланысты:
жерді тіркеу және есепке алу 6


Тақырыбы:Жер учаскелерін мемлекеттік кадастрлық есепке алу
Орындаған: Кад 19-3 ,Әби Сандуғаш
Тексерген: Акмурзаева Балжан
Жерді есепке алу сипаты
Жер учаскесін есепке алуда жер өлшемімен,
кеңістіктегі орналасуымен, сапалы жайымен,
пайдаға асуымен сипатталады. Есептеудегі тіркеу
мәліметтері әрбір нақты пайдаланушы (жалгер)
немесе меншік иесінің жер учаскесі мөлшерін жазу
үшін негіз болады.
Мемлекеттік қордағы бос
жерлер бөлек орналасқан жер массивтері тәрізді
тұрған орны бойынша есепке алынады.
Есепке алу барысында есептік көрсеткіштер ғана
емес, өндіріс құралы және табиғи ресурс ретінде
жердің сапалық көрстекіштері де анықталып,
белгіленеді.
Жерді есепке алу және тіркеу мәліметтері жеке
учаскелердің жер қыртысы сапасын бағалап
айыруда, олардың сапалы бағасы және есебін білуде
негізгі ақпарат береді
Жерді есепке алудың түрлері:
Негізгі
Күнделікті
Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара
байланысты және жерді есепке алудың бірыңғай
процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді.
Негізгі есепке алу міндеті:
Есептелінетін территорияның барлық жоспарлы
материалдарын алуды жүйелеу және талдау жасау.
Жоспарлы материалдар мен жер есебі мәліметтерінің қажеті
алғашқы деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс
бойынша тиісті далалық жұмыстарды жүргізу
Барлық есептелінетін территорияның пайдаланатын және
қайта бөлістіретін жердің сапалық жағдайын, өлшемін
анықтау
Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау
және жер-есептік текстік құжаттарға алғашқы жазуларды
енгізу
Күнделікті есепке алу міндеті
Ағымдағы жерді есепке алу жер-кадастрлы
құжаттарға өзгерістер, таратулар, жердің сапалық жайы
мен пайдалануы және жаңа жер учаскелерінің пайда
болуы туралы мәліметтерді анықтау және енгізу болып
табылады.
Негізгі және ағымдағы кадастр арасында байланыс
бар. Біріншісі жерге толық сипаттама береді, екіншісі
жүргізуге негіз береді және оның қызметін анықтайды.
Екіншісі біріншінің мәліметтерін жаңартып және
толықтырып, қазіргі заман деңгейінде біріншісінің
мәліметтерін жүйелі қолдайды.
Назар аударғандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет