Тақырыбы: Ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралау барысында кездесетін қиындықтар


НЕГІЗГІ БӨЛІМ Ұйымдасқан қылмыстылықтың қазіргі таңдағы көрінісі



бет2/4
Дата29.04.2022
өлшемі43,15 Kb.
#141372
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
2шы реферат
6-сынып Қ.ТАР ТЕСТ, жемістер мен көкеністер, Математика нег. лек., Қатемен жұмыс

НЕГІЗГІ БӨЛІМ




Ұйымдасқан қылмыстылықтың қазіргі таңдағы көрінісі


Қазақстан Республикасы қоғамы үшiн ұйымдасқан қылмыстылық ұғымы салыстырмалы түрде жаңа пайда болған ұғым, бұрындары ол тек маман криминологтарға ғана белгiлi болған жəне ол туралы мəлiметтер қоғамнан жасырын түрде ұсталған. Қайта құру кезеңi ұйымдасқан қылмыстылықты күресуге мүмкiндiк бердi. Ол əлеуметтiк-құқықтық құбылыстың қоғамға ашық енуi қоғамдық сана үшiн байқалмай қалмады. Зерттеу көрсеткендей, ұйымдасқан қылмыстылық орын алып, өзiнiң қоғамдағы орнына ие екендiгiн мойындатпай қоймады, себебi ұйымдасқан қылмыстылықты заңдастыруға талпынған үрдiстер де жүрiп жатыр жəне ол қоғам мен мемлекеттiң барлық салаларын бақылауға алуға бағытталған. Ұйымдасқан қылмыстылықтың құқыққа қайшы қызметi мемлекеттiк билiк негiздерiн шайқалтып, қоғамдық қауiпсiздiкке қол сұғу қаупін төндіріп отыр. Сондықтан ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы тұру бойынша ең қатаң шаралар қолдану қажет жəне ең қысқа мерзiмдерде, себебi қазiргi кезде ұйымдасқан қылмыстылық өршiп бара жатыр.
Бүгінгі таңдағы заңдарға сəйкес ұйымдасқан қылмыстылықтың екi нысаны бар: ұйымдасқан топ жəне қылмыстық қауымдастық (ұйым).
Егер ол бiр немесе бiрнеше қылмысты жасау үшiн алдын ала бiрiккен тұрақты тұлғалар тобымен жасалса, ҚР ҚК-нің 31-бабының 3-бөлiгiне сəйкес қылмыс ұйымдасқан топпен жасалған болып саналады. Сөйтiп, заңда қылмыстың ұйымдасқандығына қоса оның тұрақтылығы жəне мақсаты сияқты белгiлерi келтiрiлген.
Егер ол ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды жасау үшiн құрылған, бiрiгiп ұйымдасқан топпен немесе сол мақсаттарда құрылған ұйымдасқан топтар бiрлестiгiмен жасалса, ҚР ҚК-нің 31-бабының 4-бөлiгiне сəйкес қылмыс қылмыстық қауымдастықпен (ұйыммен) жасалған болып табылады.
Қылмыстық қауымдастық (ұйым) ұйымдасқан топтан бiрiгiп ұйымдасу белгiсiмен жəне мақсаты бойынша (ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды жасау үшiн құрылу) ажыратылады. Қылмыстық қауымдастықтың (ұйымның) əдетте ұйымдасу деңгейi жоғары жəне жекелеген қылмыстық бiрлестiктер немесе ұйымдасқан топтардан құралады [1].
Ұйымдасқан топқа жəне қылмыстық қауымдастыққа (ұйымға) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 35-бабының 3 жəне 4-бөлiктерiнде нақ осындай анықтама берiледi.
Дегенмен ТМД-ның барлық елдерiнiң қылмыстық заңнамасы ұйымдасқан қылмыстылықты анықтаудың бұл жолымен кеткен жоқ.
Мəселен, Украина қылмыстық заңы ұйымдасқан қылмыстылыққа бiршама басқалай анықтама берген. Егер дайындауда немесе жасауда белгiлi бiр қылмысты немесе бiр жоспармен жəне топтың барлық қатысушыларына белгiлi сол жоспарды жүзеге асыру үшiн топ қатысушылары қызметтерiн бөлумен бiрiккен өзге қылмыстарды жасау үшiн алдын ала тұрақты ұйымға бiрiккен бiрнеше тұлғалар (үш жəне одан көп) қатысса, Украина ҚК-нің 28-бабының 3-бөлiгi бойынша қылмыс ұйымдасқан топпен жасалған болып саналады.
Егер оның мүшелерi немесе құрылымдық бөлiмдерi алдын ала сөз байласу бойынша ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды бұл ұйым мүшелерiмен тiкелей жасау, өзге тұлғалардың қылмыстық қызметiн үйлестiру мен басқару немесе қылмыстық қауымдастықтың өзiнiң жəне өзге қылмыстық топтардың қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында бiрiккен бiрнеше тұлғалардың (үш немесе одан көп) тұрақты иерархиялық бiрлестiгiмен жасалса, Украина ҚК-нің 28-бабының 4-бабы бойынша қылмыс қылмыстық қауымдастықпен жасалған болып есептеледi.
Д. Алешин пiкiрiне сəйкес украиналық заңғарушы позициясы бұл жағында тиiмдiрек болып табылады. Мұндай шешiм негiзiне тек қана заңнаманы талдау мен елдiң қылмыстық заңнамасының теориялық негiздерi, Украина сот тəжiрибесiн жалпылау ғана емес, сонымен қатар шетелдердiң iстегi қылмыстық заңнамасын салыстырмалы талдау, ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу саласындағы халықаралық нормативтiк-құқықтық актiлердi талдау жəне əлеуметтiк, психологиялық ғылымдар мəлiметтерi салынды [3].
Бұл жерде Д. Алешин 2000 жылдың 12-15 желтоқсанында итальяндық Палермо қаласында өткен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы өткен конференцияда қол қойылған БҰҰ Конвенциясына сүйенедi. Ұйымдасқан қылмыстылықтың сандық құрамы арнайы комитеттiң жұмысы барысында жан-жақты қарастырылған, нəтижесiнде ұйымдасқан топты үш немесе одан да көп тұлғалар құрай алады деген қорытынды жасалған.
ҚР қылмыстық заңнамасы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ екi тұлғадан тұра алады жəне оны жалпы қылмыстық iстер бойынша сот тəжiрибесi растайды.
Маман-криминалистермен берiлетiн ұйымдасқан қылмыстылық анықтамалары iшiнде Б. Нұрғалиев жəне В. Татарян берген анықтама неғұрлым толық болып табылады. Олардың ойынша, ұйымдасқан қылмыстылықтың көрiнiсiне жататын қылмыстар ретiнде ҚР ҚКмен қарастырылған ұйымдасқан, жай топпен қылмыстық қауымдастықпен немесе ұйыммен жасалған барлық қасақана қылмыстарды жатқызуға болады, егер олар:

  • мемлекеттiк органдардың, кəсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының лауазымды тұлғаларының өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, жасалса;

  • экономикалық немесе өзге қызметтi монополизациялаумен ұштасса;

  • оқ-қаруын, оқ-дəрiлердi жəне адамдарға зиян келтiруге арналған өзге заттарды пайдалану арқылы жасалса;

  • шетелдегi қылмыстық байланыстарды пайдаланумен ұштасса;

  • ұйымдасқанқылмыстыққауымдастықтың қылмыстық табыстарын заңдастыру жəне көбейтумен ұштасса;

  • ұйымдасқан қылмыстық қызмет фактiлерi бойынша анықтама немесе тергеу жүргiзетiн лауазымды тұлғаларға қарсылық көрсетiлсе [5].

ҚР ҚК-нің 235-бабына сай аталған қылмыс құрамының қоғамға қауiптiлiгi күшiне орай бұл бап бойынша қылмыстық жауапкершiлiк ұйымдасқан топты, қылмыстық қауымдастықты құрған сəттен бастап аяқталған болып табылады. Сондықтан оның құрамында əртүрлi қылмыс жасаған тұлғалар əрекеттерi ҚК-ніңң сəйкес баптары бойынша жеке саралануы керек.
ҚР Жоғарғы Соты 21.06.2001 күнгi “Бандылық жəне өзге қатысушылықта жасалған қылмыстар үшiн жауапкершiлiк жөнiндегi заңдарды соттардың қолдануы туралы” нормативтiк қаулысында келесi түсiндiрме бередi: Егер ол қылмыстар оның ниетiмен қамтылса, “ҚК-нің 31-бабының 5-бөлiгiнiң талаптарына сай ұйымдасқан қылмыстық топты, қылмыстық қауымдастықты жəне банданы құрған, оған басшылық еткен тұлға əрекеттерi ұйымдасқан қылмыстық топпен, бандамен немесе қылмыстық қауымдастықпен жасалған қылмыстар үшiн жауапкершiлiкті көздейтiн 235-баптың сəйкесiнше 1-шi немесе 2-шi бөлiгi немесе 237 баптың 1-шi бөлiгi бойынша саралануға жатады [4]. Егер ұйымдастырушы қоса орындаушы болып табылмаса, қылмыстық кодекстiң сəйкес бабы бойынша саралау 28-бапқа сiлтемемен сараланады.
Бандамен немесе қылмыстыққауымдастықпен жасалған қылмыстарға тiкелей қатысқан ұйымдастырушы немесе банда не ұйымдасқан топ жетекшiлерiнiң əрекеттерi 235-баптың 3-шi бөлiгi немесе 237-баптың 2-шi бөлiгi бойынша қосымша саралануға жатпайды. Қылмыстық қауымдастық немесе банда мүшелерi əрекеттерiн сəйкесiнше 235-баптың 3-шi бөлiгi немесе 237-баптың 2-шi бөлiгi бойынша, сонымен қатар жасауына немесе дайындалуына қатысқан қылмыстар Ерекше бөлiмнiң сəйкес баптары бойынша сараланады.
Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу өздiгiнен жауапкершiлiкке алып келмейтiн болғандықтан, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерiнiң əрекеттерi жасауына немесе дайындалуына қатысқан қылмыстар Ерекше бөлiмнiң сəйкес баптары бойынша сараланады”.
Сонымен, ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрамында қылмыс жасау 235-бап бойынша жəне нақты жасаған қылмысы үшiн жауапкершiлiк көздейтiн Ерекше бөлiмнiң бабы, қылмыстар жиынтығы бойынша саралауда белгiлену керек.
ҚК-нің 235-бабының 1, 2, 3 бөлiктермен қылмыс субъектiлерi ретiнде 16 жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға болады. 235-баптың 4-бөлiгiнде арнайы субъект қарастырылған қызмет жағдайын пайдалану, ол қылмыс құрамын сараланған етедi. Сөйтiп, заң шығарушы ұйымдасқан қылмыс мүддесiнде қызметтiк жағдайын пайдаланатын тұлғалар үшiн қатаң жауапкершiлiк көздеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет