Ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралау барысында кездесетін қиындықтар
Криминологиялық тұрғыдан қарағанда ұйымдасқан қылмыстылықтың келесi нысандары орын алады:
Белгiлi бiр аймақта əрекет ететiн ұйымдасқан топтар. Олар жалпы қылмыстық iстермен айналысады, олардың жетекшiлерi, беделге ие жəне бұрын сотталған да, сотталмаған да болуы мүмкiн.
Белгiлi бiр аймақта орналасқан жəне жалпы қылмыстық iстермен қатар экономика саласындағы қылмыстарды жасаумен айналысады жəне шенеунiктермен жемқор байланыстары бар. Ондай топтар мүшелерi қатарына iскерлермен, яғни кооперативтер, кiшi кəсiпорындар, бiрлескен кəсiпорындар, мемлекеттiк кəсiпорындар жəне өзге де ұйымдар басшыларымен қатар жалпы қылмыскерлер де кiредi. Ол топтар коммерциялық ұйымдардың жəне олардың басшыларының пайдақорлық жəне экономикалық мүдделерiне негiзделген аймақаралық байланыстарға ие болады. Топ жетекшiлерi билiк орындарында жауапты қызметке де ие болатын, бұрын сотталған не сотталмаған беделдi тұлғалар болады.
Бас бостандығынан айыру орындарында əрекет ететiн ұйымдасқан топтар. Ол топтар сотталғандар арасында ұры заңдарын енгiзу бойынша жұмыстар жүргiзедi, жазасын өтеп жатқандарға, түзеу мекемесiнiң персоналына қарсы қылмыстардың жасалуын ұйымдастырады жəне кейiннен оларды қорқыту, шабуылдау арқылы қылмыс жасау үшiн пайдаланады.
Қылмыстарды аймақаралық байланыстарды қолдана отырып, жасау үшiн арналған ұйымдасқан топтар. Топтар əртүрлi мекен тұрғындарынан құралады.
“гастролер” деп те алатын ұйымдасқан топтар. Ол топтарға өзге аймақтарға шығумен ұштасқан қылмыстар жасаған тəн. Топтар жергiліктi қылмыстық топтар жəне заңдағы ұрылармен байланыста болады. Оларға келесi қылмыстық қызмет тəн: ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық, кiсi өлтiру.
Көлiкте əрекет ететiн ұйымдасқан топтар. Олар жалпы қылмыстық жəне экономика саласындағы қылмыстарды жасайды.
Бандылық бағыттағы ұйымдасқан топтар. Олар қаруланған, көлiктерi, байланыс құралдары бар, аса қатыгездiкпен сипатталады. Ол бандылық құрылымдар аса қоғамдық қауiптiлiкке ие.
Халықаралық байланыстары бар ұйымдасқан топтар. Ол топтар Қазақстанда орналаса отырып, өзге шетелдермен байланыста болады. Ол бiрлескен топтар үшiн сипатты белгiсі: отандық жəне шетелдiк көлiктердi ұрлау, есiрткi саудасы, қаруды саудалау, пəтер тонаулары жəне қарақшылықтар.
Ауғанстанда, Солтүстiк Кавказда əскери операцияларға, Қазақстан шекараларына жақын орналасқан аймақтардағы шиеленiстердiң болуына байланысты Қазақстанды Еуропаға адамдарды заңсыз өткiзу аймағына айналдыру талпынысы орын алуда.
Адамдарды заңсыз тасымалдау өзiнiң қатыгездiгiне қарамастан, саудалаушыларға жəне қылмыстық синдикаттарға үлкен пайда алып келетiн ауқымды бизнеске айналуда. Ондай тасымалдаулармен айналысатын қылмыстық топтар өте икемдi, жаңа мəн-жайларға тез икемделе алады, жақсы ұйымдасқан жəне бүркемеленген. Қазақстан ортаазиялық аймақтағы аумағы бойынша iрi мемлекет, бес мемлекетпен ортақ шекараға ие. Ол Азиядан есiрткiнi, алдымен, еуропалық елдерге, одан əрi қарай бүкiл əлемге таратудың транзиттiк коридорына айналған. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстанда алынатын есiрткi заттарының 80 пайызына жуығы шетелдік тегi бар. Барлығын алғанда, Қазақстан арқылы есiрткiнi тасымалдау масштабтары жыл сайын 100-150 тоннаға бағаланады.
Құқық қорғау жүйесін реформалауҚазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының негізгі факторларының бірі Президент Н.Ə. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында келтірілген реформаның мақсатыішкі істер органдарының, соның ішінде есірткімен күрес жəне оның алдын алу бойынша маманданған мекемелердің қызметін бағалау критерийлерінің түбегейлі өзгеруін талап етеді жəне олардың жұмыстарының нəтижесін қоғам өзі бағалайтындығы айтылған.
Халықаралық қылмыстық топтар тарапынан Қазақстанға қызығушылық, алдымен, оның ерекше геосаяси орналасуына, кеден жəне шекаралық бақылауды ұйымдастырудағы мəселелердiң жетілмегендігі, визалық режим ерекшелiктерiне, миграциялық үрдiстер күшеюiне, құқыққорғау органдарының өзара əрекеттестiгiнiң қалыптасқан механизмiнiң болмауына байланысты орын алады.
Ұйымдасқан қылмыстылықтың криминалдық əсер ету салаларына келер болсақ, бүгiндерi ол қандай да болсын пайда алып келетiн əлеуметтiк қызметтiң барлық салаларына енiп кеттi. Қылмыстық қызметтi жүзеге асыру барысында ол мемлекет жəне қоғам мүдделерiне үлкен нұқсан келтiруде.
Ұйымдасқан қылмыстылықтың əсер ету саласында шаруашылық субъектiлері, олардың iшiнде, банктер, биржалар, мемлекеттiк сектор кəсiпорындары бар. Аудандарда, қалаларда, базарлардың барлық сатушылары, автокөлiк импортерлары, киоск, магазин, ресторан, кафелердiң барлығына жуық иелерi кіреді, олар белгiлi бiр ұйымдасқан топтарға салық төлеп отырады. Көптеген жерлерде кəсiпкерлер магазин немесе киоск ашу үшiн қылмыстық топтардан рұқсат алу керектiгi жөнiндегi жазылмаған тəртіп орнатылған.
ҚР Жоғарғы Соты 21.06.2001 күнгi “Бандылық жəне өзге қатысушылықта жасалған қылмыстар үшiн жауапкершiлiк жөнiндегi заңдарды соттардың қолдануы туралы” нормативтiк қаулысында келесi түсiндiрме бередi: “ҚК-нің 31-бабының 5-бөлiгiнiң талаптарына сай ұйымдасқан қылмыстық топты, қылмыстық қауымдастықты жəне бандыны құрған жəне оған басшылық еткен тұлға əрекеттерi ұйымдасқан қылмыстық топпен, бандымен немесе қылмыстық қауымдастықпен жасалған қылмыстар үшiн жауапкершiлiкті көздейтiн 235-баптың сəйкесiнше 1-шi немесе 2-шi бөлiгi не 237-баптың 1-шi бөлiгi бойынша саралануға жатады. Сонымен қатар егер ұйымдастырушы қоса орындаушы болып табылмаса, Қылмыстық кодекстiң сəйкес бабы бойынша саралау 28-бапқа сiлтемемен сараланады.
Экономикалық салалардағы ұйымдасқан қылмыстылық ұлғаюда. Қорқыту немесе физикалық күш қолдану арқылы рэкетирлер кəсiпкерлердi əртүрлi сылтаумен ақша төлеуге мəжбүрлейдi.
Трансұлттық операциялар қылмыстық ұйымдарға тиiмдi нарыққа жол тауып, оларға кiру жолдарын табуға мүмкiндiк бередi, олар өздерi үшiн неғұрлым қауiпсiз болып табылатын аумақтан əрекет етедi. Қылмыстық қызметтен алынған табыстар əлемдiк қаржы жүйесiнiң каналдары бойынша жүредi, олар ол үшiн салықтарды айналып өтуге қолайлы аумақтарды таңдайды.
Қылмыстық қызметтi жүзеге асыру барысында ол мемлекет жəне қоғам мүдделерiне үлкен нұқсан келтiредi. Ұйымдасқан қылмыстылықтың криминалдық əсер ету салалары бүгiндерi ол қандай да болсын пайда алып келетiн əлеуметтiк қызметтiң барлық салаларына енiп кеткен.
Қылмыстық ұйымдардың ұлттық шекаралардан шығуы тек қана нарықтың құрылымы өзгеруiне ғана емес, сонымен қатар құқықорғау органдарының бақылауынан ауытқу себептерiне де байланысты. Əртүрлi елдердегi қылмыстық сот əдiлдiгiнiң жəне құқық қорғау органдары жүйесiнiң əртүрлiлiгi əр қылмыстық элемент үшiн неғұрлым қауiпсiз болып табылатын аумақта орналасу мүмкіндігіне ие болады. Сондықтан қылмыстық ұйымдар өздерi үшiн неғұрлым қауiпсiз аумақта орналасуға тырысады.
Қылмыстық топтар жəне қауымдастықтар өздерiнiң əсер ету аймақтарын кеңейтуде.
Достарыңызбен бөлісу: |