Тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда



Дата11.02.2018
өлшемі45,34 Kb.
#37469
Тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
Мақсаты: жан- жақты білімдерін жетілдіру. Білімділікке, шапшаңдыққа, тез ойлауға, жүйелі жауап беруге тәрбиелеу. Оқушылардың білімге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын арттыру, дағдыларын қалыптастыру
Пайдаланған көрнекіліктер: компьютер, слайд
Сайыстың барысы: Сайыстың шарттарымен таныстыру.

І кезең «Көкпар»
ІІ кезең «Полиглот»
ІІІ кезең «Тіл - өнер»
ІV кезең «Кім тапқыр»
V кезең «Сөз ойла , тез ойла »
7- сынып оқушылары 3 оқушыдан топ құрылған.
Әділқазылармен таныстыру.
1 .Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі : Малсақ О
2.МДТІЖО: Калиева К
3. Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі: Калиева А
І кезең «Көкпар»
1 минут ішінде неғұрлым көп сұрақтарға тез жауап беру. 


1. ҚР Тәуелсіздік алған күні ?
2. Қоршаған ауаның ластануын зерттейтін ғылым?(экология)
3. Абай Құнанбаевтың шын аты?
4.
Қазақ билерін ата.
5. Аз сөз алтын, көп сөз ......
6. Адам асқазанының сөлінде қандай қышқыл бар? (тұз)
7. Жеті атаны ата ( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене,туажат)
8. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 дан аса)
9. Елтаңбаларды зерттейтін ғылым? (геральдика)
10. Жер шарында неше мұхит бар? 
11. 100 келі мақта ауыр ма 100 келі темір ауыр ма?
12. Тарихтың атасы кім?
13. Астананың символы қалай аталады?
14. Адам тыныс алатын газ ? оттек) 
15. Атом құрамындағы бейтарап бөлшек? ( нейтрон)
16. Елтаңбаның авторлары ?( Жандарбек Мәлібеков, Шота Аман Уалиханов)
17. Астана қаласына биыл неше жыл?
18. Қаракерей Қабанбайдың шын аты ?
19. Неліктен Арал теңізі теңіз деп аталады ?(суы тұзды)
20. Тәуелсіздікке биыл неше жыл?
21. 1941 жылы қандай оқиға болды?
22. ҚР Тіл туралы заңы қашан қабылданды? ( 22 қыркүйек, 1989 ж)
23. ҚР Президенті кім?
24. Жұмсақ алтын дегеніміз не?(тері)
25. Қазақстанның рәміздерін атап бер.
26. Қазақша жыл санауды ата. ( тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)
27. Қазақ тілінің 3 саласы? ( фонетика, грамматика, лексика)
28. Ең қатты металл ?хром)
29. Дәстүр бойынша нәрестені бірінші күні шомылдырған суға қандай металл тиындарды салады? (күміс )
30. Сүйекті қатайтатын элемент? (кальций)
31. Дене қызуын төмендететін кең тараған дәрі? (аспирин)
32. Мұсылмандардың қасиетті кітабы?
33. Қаракерей Қабанбайды Абылайхан қалай атаған? (Дарабоз)
34. Шоқан Уалихановтың шын аты? (Мухаметқанафия)

ІІ. Кезең «Полиглот»
1. Ел іші - бесік. (алтын. золото, аурум)
2. Қыста ғана болады ұстасаң қолың тонады. (қар снег, снов)
3. - ер атандырады . (еңбек, труд, лоок)
4.Қабат- қабат қаттама ақылың болса аттама. (кітап, книга, буук)
5 - асқар тау. (ата дедушка, гранд фазе)
6.Өзі ауыр металлға жатады, балалар осы металл құйылған сақамен атады? (Қорғасын, свинец, плюмбум
)
7.Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух — )
8. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа — )
9. Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктеп қайта түскенде
Өңі кірер даланың (Жаңбыр – дождь — )
10.Көк көйлекті жеңешем көлбең-көлбең етеді, Жер түбіне жетеді. (түтін-дым- )
11. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
(жер-земля- )
12. Балдан тәтті не?
(тіл-язык — )
ІІІ кезең. 3 тілде Тіл-өнер. 
Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарын беру керек үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға, шәкірт саған несібе. 
Жүргізуші: Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте!-
келесі сайысымыз- «Тіл-өнер» деп аталады. 
Бұл кезеңде берілген тапсырмадағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз. Орысша, ағылшынша. Жауабын дұрыс тапса 10 ұпай, орыс тіліндегі аудармасы дұрыс болса 20 ұпай, ағылшын тіліндегі аудармасы дұрыс болса, 30 ұпай беріледі. Ұяшыќ нөмірін таңдайсыңдар.
1. Жұт . . . ағайынды / Жеті- семь- seven/

2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді /қалам-ручка-pen/ 

3. Екі қолға . . . күрек /бір-один -one/

4. Кімнің баласы болма, 


Адамның баласы бол /атаның – дедушка – grandfather/

5. Өнер алды қандай тіл? /ќызыл – красный- red/

6. Мысыққа ойын керек,
. . . өлім керек /тышқан – мышь – mоuse/

7. Тілі бар, үні жоќ,


Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен /кітап – книга - book/

8. Жылт – жылт етеді
Жылғадан µтеді /су – вода – water/

9 .Батыр туса – ел ырысы,


. . . жауса жер ырысы. /жаңбыр – дождь – rain/
10 ... оттан да ыстыќ. (Отан-родина-.country)....

11.Отансыз .........-.ормансыз бұлбұл. (Адам-.человек-.people.)..

12.Туған жердің ...... де ыстық, , түні де ыстыќ. (Күн-солнце-..sun).......

ІV кезең. Кім тапқыр? 
І жүргізуші: 
«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » - деп келесі кезеңді бастаймыз. 
Бұл кезеңде топ жетекшілері сайысқа түседі. . 
Тәуелсіздік сөзінен жаңа сөздер жасау керек. 2 топтың жетекшілері кезекпен оқиды.Кім көп сөз құраса, сол оқушының тобына 10 ұпай қосылады. 
Топ жетекшілері тапсырмаларын орындағанша әр топқа ертегі беріледі, соның мазмұнына сәйкес мақал-мәтел тауып айту керек.
І топ. Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.
Күлме досқа, келер басқа.
ІІ топ. Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен
қалтыраушы еді.Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)

V кезең – «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздерден мақал- мәтел құраңдар.
1 ұяшық «білім»
2 ұяшық «кітап»
3 ұяшық «сөз»
4 ұяшық «жер, ел»
5 ұяшық «дос»
6 ұяшық «тосын сый», яғни сайыскерге 10 ұпай сыйға тартылады.

Мұғалімнің сөзі:
Көп ұлтты Қазақстанда
Жүзден аста тілдер бар.
Мәртебелі,маңызды
Қазақ тілін танып ал!

Ана тілің – арың бұл,


Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – дей келе бүгінгі «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда » танымдық ойынын жабық деп жариялаймыз. Келесі кездескенше!
Ойын соңында жеңімпаз анықталып, «Жүзден жүйрік » атағы беріліп марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет