Тақырыбы: "Жұлдызды сәт" /2-4кл/
Мақсаты:
1. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшандықтарын, тапқырлықтарын, есте сақтау мүмкіндіктерін, сөздік қорының барлығын өз ара ат салыса жарыста көрсете білуін дағдыландыру, білімдерін жинақтап, тереңдету,тіл туралы танымдық деңгейлерін
көтеру,бірнеше тіл білуге ,озық ойлы болуға тәрбиелеу.
2. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, жаңылтпаш, мақал-мәтел, презентация.
Түрі: интеллектуалды ойын - сайыс
Ойынның барысы:
І. Ұйымдастыру.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазір сіздер 2-4 сыныптар арасында өтетін «Жұлдызды сәт» ойынын тамашалайсыздар.
«Жұлдызды сәт» ойнымызға қатысушы оқушыларды ортаға шақырайық.
1 топ- Қабдыбекова Айнұр, Дементьева Анна, Камф Артем
2 топ- Бут Даяна, Мурзин Жалғас, Бут Юлия
3 топ – Гребенюк Денис, Азаматова Жанель, Әйтмағамбет Мирас
Ойынымызды бастамас бұрын, ойынның өту барысымен таныстырып өтейін.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнержарысып,
Тәрбие, тәлімтабармән.
Бұлбәйгеойдыңбәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар. Егер кімде-кім сұраққа жауап беруге дайын болса, алдындағы таяқшаларды көтереді.
Жауабы дұрыс болса, жұлдызшылар беріледі. Ең соңында жұлдызшасы көп екі оқушы финалға шығады. Ал енді дайын болсаңдар, ойынымызды бастайық.
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын V айналымнантұрады.
1. «Артық сөзді тап»
2. «Тез,тез ...жылдам»
3. «Мықты болсаң, тауып көр»
4. «Кім ең жылдам оқиды?»
5.«Сөз құра, тез құра»
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей еске нарынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.
Бәріне сәтілік тілеймін. Осы конвертте әр топтың тапсырмасы бар.
Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.
І –айналым «Артық сөзді тап»
«Сұңқар» тобына:
1. Оқушының оқу құралдары: сызғыш, қалам, оқулық, қасық, дәптер, өшіргіш, желім.
2. Жеті күнді ата: жексенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, сәуір, дүйсенбі, сәрсенбі.
3. Көкөністер қатары: қызанақ, қияр, картоп, алмұрт, пияз, сәбіз, бұрыш.
4. Уақыт бірліктері: минут, литр, ғасыр, сағат, жыл, ай, апта, тәулік.
5. Үй жануарлар қатары: ешкі, қозы, мысық, ит, қасқыр, сиыр, жылқы, шошқа.
«Тұлпар» тобына:
1. Жемістер қатары: алма, лимон, анар, картоп, алмұрт, шабдалы, банан.
2. Үй құстар қатары: қаз, әтеш, тауық, үйрек, күркетауық, мысық, балапан.
3. Кісінің аты: Анар, Марат, Айнұр, Қостанай, Ринат, Наргиз, Қанат, Сәбит.
4. Үнді/сонорные/ дауыссыз дыбыстар: б, р, й, л, м, н, ң,
5. Түстер қатары: сары, жасыл, ақ, қоңыр, қара, қызыл, қалам, көк.
«Болашақ» тобына:
1. Жабайы аңдар: аю, арыстан, қасқыр, қой, түлкі, піл, керік.
2. Апта күндері: сейсенбі, бейсенбі, сенбі, наурыз, жұма, жексенбі, сенбі, дүйсенбі.
3. Дауысты дыбыстар: ә, ө, ұ, в, е, и, а, о, ү, ы.
4. Қала атаулар: Қостанай, Астана, Алматы, Қарағанды, Архипов, Көкшетау.
5. Азық-түліктер: нан, қант, ұн, жұмыртқа, шәй, терезе, айран.
ІІ -айналым «Тез, тез...жылдам»
Әр топ осы кестеде жазылған мақалды шешеді. Оны шешу үшін әрбір әріп сандар түрінде жазылған.
А-1
|
Ә-2
|
Б-3
|
В-4
|
Г-5
|
Ғ-6
|
Д-7
|
Е-8
|
Ж-9
|
З-10
|
И-11
|
Й-12
|
К-13
|
Қ-14
|
Л-15
|
М-16
|
Н-17
|
Ң-18
|
О-19
|
Ө-20
|
П-21
|
Р-22
|
С-23
|
Т-24
|
У-25
|
Ұ-26
|
Ү-27
|
Ф-28
|
Х-29
|
Һ-30
|
Ц-31
|
Ч-32
|
Ш-33
|
Щ-34
|
Ь-35
|
Ы-36
|
І-37
|
Э-38
|
Ю-39
|
Я-40
|
«Сұңқар» тобына:
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
19
|
14
|
25
|
23
|
36
|
10
|
|
3
|
37
|
15
|
37
|
16
|
|
9
|
19
|
14
|
,
|
|
|
3
|
37
|
15
|
37
|
16
|
23
|
37
|
10
|
|
13
|
27
|
17
|
37
|
18
|
|
9
|
19
|
14
|
.
|
«Тұлпар» тобына:
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
1
|
14
|
36
|
15
|
|
1
|
10
|
3
|
1
|
12
|
7
|
36
|
,
|
|
|
3
|
37
|
15
|
37
|
16
|
|
24
|
19
|
10
|
3
|
1
|
12
|
7
|
36
|
.
|
«Болашақ» тобына:
Көп сөз – көмір,
Аз сөз – алтын.
13
|
20
|
21
|
|
23
|
20
|
10
|
-
|
13
|
20
|
16
|
37
|
22
|
,
|
1
|
10
|
|
23
|
20
|
10
|
-
|
1
|
15
|
24
|
36
|
17
|
.
|
|
ІІІ айналым «Мықты болсаң, тауып көр»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша,ағылшынша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1-топ: 1.Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем алынбас.(жұлдыз - звезда- star)
2-топ: Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар.(бор -мел -сһаIk)
3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп ; буква; Lettr )
Әрі қарай кезектесіп оқи береді.
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш–линейка -ruIer)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян-заяц - )
6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық - кошка -cat)
7. Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.(қалам–ручка-pen)
8. Бұл аңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса- fox)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап- книга-book)
ІVайналым «Кім жылдам оқиды?»
Қатысушыларға жаңылтпаштар беріледі. Әрқайсысы кезекпен осы берілген жаңылтпашты тездетіп оқиды. Оқығанда әріптердің дұрыс, қатесіз оқылуы, мәнерлеп оқулары ескеріледі.
Көп көкек,
Көкектеп,
Көктен келді,
Көкек кеп
Көктеп көк,
Көктем келді.
V айналым «Сөз құра, тез құра» деп аталады.
Мұнда бір ұзақ сөзден жеке-жеке сөздер құрау керек. Егер кім көп құраса, сол женімпаз атанады.
«Кітапхана» * деген сөз.
Кітап, тап, хат, хан, ана, ата, апа, іні, апта, тон және т.б.
Финал.
Финалға шыққан екі оқушы ребус шешу керек.
Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Ойынға қатысқан барлық оқушыларға сыйлықтар беріледі. Женімпаз оқушыға мадақтама беріледі. Осымен ойын аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |