Тақырыбы: Кел танысайық.
Мақсаты: қазіргі
кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, жаттығу.
Тренинг барысы:
-Салеметсіздер ме, балалар!
«Танысу» жаттығуы.
Әрбір
бала өз есімін айтып, есімінің бірінші әрпіне өзінің бойындағы үш қасиетін айтады. Мысалы менің есімім Ақелік - ақылды, арманшыл, адамгершілігім мол. Шеңбер бойымен тренингке қатысушылар өздерін таныстырып өтеді.
Осы аталып кеткен бойларыңыздағы қасиеттеріңізді естеріңізден шығармауларыңызды сұраймын.
Бүгін біз қазақ тілінен бірінші сабағымызды бастаймыз.
Жаз айы туралы балалар өз ойларын ортаға
салады.
- Ал, енді балалар жаз айына байланысты сөздер
айтайық.
«Қызықты сұрақтар» жаттығуы.
Сіздерге допты беру арқылы сұрақтар қоямын. Соларға жауап берулеріңізді сұраймын.
- Туғанкүніңіз?
- Мұғалімнің толықаты - жөні?
-Қандай өлшемді аяқ киім киесіз?
- Сүйікті асыңыз қандай?
- Қандай түсті жақсы көресіз?
- Анаңызды ренжіткенде, еңалдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
«Жалпылау» жаттығуы.
Қимыл – қозғалыс арқылы жауап беру.
- «иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз.
- «жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1) Жаз айы сізге ұнай ма?
2) Жаз айында отбасыларыңызбен тауға шықтыңыздар ма?
3) Суға шомылдыңыздар ма?
4) Жаз мезгілі сіздерге ұнай ма?
«Ормандағы нөсер» жаттығуы.
Қанекей барлығымыз тығыз шеңбер бойына тұрамыз. Өздеріңізді орманда қалып қойдық деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн шуағын шашып тұр, өте ыстық қапырық. Кенет жеңіл самал жел тұрды. Алдарыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызды тигізіңіз де, жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел үдей түсті - арқаға түскен қысымды күшейтеміз. Дауыл басталды арқаға қолды шеңбер бойымен дөңгелете жүргіземіз. Сосын ұсақ жауын басталды - жеңіл соққылар. Кенеттен нөсер басталды - саусақтармен жоғары - төмен қозғалыстар жасау. Найзағай жарқылдады - барлық саусақпен қатты соққылар жасаймыз. Тағыда нөсер, дауыл, қатты жел. Нөсер біртіндеп басыла бастайды. Табиғат толық тынышталды. Қайтадан жарқырап күн шықты.
Тақпақ жаттау Бір күн қалмай сабақтан,
Мектепке барып шаршадым. Болса деп жазғы демалыс, Осы бір күнді аңсадым
Ойын « Кім көп сөз біледі?»
Мәтінді аудару.
Менің атам мен әжем бар. Олар -зейнеткерлер. Атам 64 жаста. Әжем
60 жаста. Атам маған күнде кешкі ертегі оқиды.Әжем дәмді тамақ пісіреді. Атам мен әжем жие саяжайға барады. Атам жеміс ағаштарын егеді. Әжем оларды күтеді. Мен атам мен әжемді өте жақсыкөремін.
Ойын «Бұл кай кезде болады?»
Бүгінгі болған сабақты талдау.
Смайлк арқылы көрсету
Сайыс:«Кім қазақша көп сөз біледі?»
Қорытындылау; -Сендерге, жаз несімен ұнайды (балалардын жауабы) Сабақ аяқталды.
Келесі кездескенше,сау болыңдар