РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:Кәрілік жасына жеткен науқастармен егде адамдар ауыруырған Кездегі Медбик
ОРЫНДАҒАН: Самархан Бексултан Даулетұлы
Тобы: 123 м/і
Қабылдаған: Ахмеджанова Ахмеджанова Кажуханова
02.04.2021
Қазіргі таңда емханалар тұрғындарға медициналық-əлеуметтік көмек
көрсетілетін жалғыз дерлік медициналық құрылым болып табылады, ал егде жастағы пациенттер қабылдауға келгендердің басым көпшілігін құрайды. Дəрігерлерге жүргізілген сауалнама мəліметтері бойынша пациенттердің бұл тобы емханаға келушілердің жоғары пайызын құрайды: дəрігерлердің 30,1% егде жəне қарт жастағы тұрғындардың айына бір реттен көп келетінін көрсетсе, 30,7% квартал сайын келетінін айтқан.
Мейірбике ісі» денсаулық сақтау саласындағы негізгі бөлімді құрайды, егде және қарт жастағы науқастардың денсаулығын жақсартуда аурудың алдын-алу шараларын, психикалық және физикалық ауруларында, еңбекке қабілетсіз жандарға психоәлеуметтік көмек пен күтім жасаудағы жоғары».
Ол негізгі 5 кезеңнен тұрады:
Науқас туралы объективті және субъективті ақпарат жинау
Мейірбикелік диагностика
Мейірбикелік іс-әрекетті жоспарлау
IV. жоспарды іске асыру
Жасалған жұмысты тиімді бағалау.
Бірінші кезең Өңдеу
Бірінші кезеңде мейірбике мына жағдайларға баға беруі керек:
• ағзадағы негізгі жүйелердің жағдайы;
• психологиялық статусы;
• науқастың өз-өзіне күтім жасай алуы;
• қоршаған ортадағы құбылыстардың науқасқа оң және теріс әсер етуі;
• әлеуметтік статус.
Гериатриялық науқастармен жұмыс жүргізу барысында кездесетін қиыншылықтар: есту және сөйлеуі қиын, есте сақтау қабілеті төмен науқастар. Сол себепті жұмыс барысында мына ережелерді қатаң сақтау керек:
• әңгімелесу барысы науқасқа да өзіне де ыңғайлы орын табу;
• әңгіме соңы науқастың жағдайын жақсарта түсуі керек;
• әңгімеге зейін қою, оның мәселесіне қызығу;
• науқасты аты-жөнімен атау, науқаспен тұрып сөйлеспеу, сабырлықпен тыңдау, артық іс-қимыл қолданбау;
• құлағы ауыр науқастармен асығыс сөйлеспеу, сіздің «ерніңізден оқуға» мүмкіндік беру;
• науқас алдында өзінің сенімсіздігін білдірмеу, оның орнына үндемей қалу, артық сөйлемеу;
• сөйлесу барысында әңгімені дұрыс бағытқа бұру;
• науқасты қобалжытатын тақырыпта сөз қозғамау. Анамнез жинау барысында көп ақпаратты жинауда науқастың туысқандары, оның үйдегі күтушісі, ұзақ жыл бойы қатынаста болған медицина қызметкерлерінің рөлі жоғары.
Екінші кезең Өңдеу
Екінші кезеңде мейірбикелік үдеріс, науқастармен жұмыс істеу барысында көп білімді қажет етеді. Психикалық, әлеуметтік қиыншылық жағдай туғанда дұрыс шешім қабылдау керек. Мысалы, қыс уақытында ауылды жерде тұратын қарт кісілер үй шаруашылығымен өздігімен айналыса алмайды, сол кезде уақытша пансионатта және арнайы медико – әлеуметтік көмек көрсету орталықтарына орналастыру керек.
Үшінші кезең Өңдеу
Үшінші кезеңде мейірбикелік күтім жасауда алдын-алу шаралары мақсатында жоспар құру қажет. Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін науқастың жағдайын жақсарту керек. 60 жастан асқан қарт кісілерге көрсетілетін мейірбикелік көмектің негізгі ерекшеліктері:
1) Күтім жасау мақсатының нәтижесіне жету үшін ұзақ мерзім кетеді.
2) Денсаулығына байланысты қиыншылықтарды шешу кезінде науқастың белсенділігінің төмен болуы.
3) Күтім жасау барысында мүшелер мен жүйелердің қаншалықты қартайғандығын ескеру керек.
Төртінші кезең Өңдеу
Төртінші кезеңде мейірбикенің күтім жасау жоспары 3 типті араласуымен болады: тәуелді, тәуелсіз, өзара тәуелділік.
Тәуелді араласу – дәрігердің бақылауымен, оның нұсқаларын мейірбике бұлжытпай орындайды (наркотикалық заттарды енгізгенде, науқасқа, қатаң тәртіп пен емдәм тағайындағанда), және де әрдайым мейірбике дәрігермен кеңесіп тұруы қажет.
Тәуелсіз араласу – дәрігердің талабынсыз мейірбике өзі әрекет жасай береді. Мысалы, науқастың өзіне күтім жасау барысында көмек көрсету, науқастың өз ауруына реакциясы мен бейімделуін қадағалау, науқастың ауру дәрежесіне сай өзіне күтім жасауы мен тазалықты қалай сақтау керектігін үйрету және т.б., науқастың денсаулығына байланысты кеңес беру.
Өзара тәуелділікпен араласу – мейірбикенің физиотерапевт, диетолог, ЕДШ дәрігерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеуі.
Гериатриялық науқастарға фармакотерапиялық ем жүргізу кезіндегі ерекшеліктер Өңдеу
• дәрі-дәрмекті әр науқасқа жеке таратып, бір реттік ішетін дәрмекті қайта-қайта қабылдау ережесін түсіндіру;
• ауыз арқылы қабылданатын дәрілерді қабылдау аралығы 40 – 60 минут болу керек;
• қабылдаған дәрілер ағзаға кештеу әсер етуі мүмкін, себебі ағза қартайғандықтан асқазан-ішекте сіңірілу үдерісі төмендейді, шеткері қанайналым төмендегендіктен теріастына немесе бұлшықетке енгізілген ерітінді ұзақ уақыт кешігіп сіңіріледі;
• енгізілген дәрмектердің бүйрек, ішек, бауыр арқылы сыртқа шығарылуы төмендейді;
• бұрын қабылдаған дәрілерге де аллергия туындауы мүмкін;
• орта терапевтік ½-1/3 көрсеткішінен дәрі мөлшері азаяды;
• созылмалы ауруларда қабылдаған дәрілерге бақылау жасау. Мейірбике бірнеше егде және қарт жастағы науқастармен жұмыс істегенде, бәріне бірдей көңіл бөлуі керек, науқасты бөлектемеу керек. Науқастың физиологиялық және эмоционалдық жағдайына көп көңіл бөлу керек, себебі бұл нәрсе келешекте науқастың тез айығып кетуіне жол береді.
Бесінші кезеңі. Өңдеу
Науқасқа күтім жасау барысында оның сапасына мейірбике баға беру керек. Жасаған іс-әрекетіне анализ жасап, қателіктерін түзеуге, дұрыс шешім қабылдауға бағытталған шараларды игеру керек. Мейірбикелік үдеріс орталығында – науқасты жеке тұлға ретінде қарап, белсенді медқызметкерлермен жұмыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |