ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ №3
ЛИПИДТЕР
- Химиялық табиғаты əртүрлі майлар жəне майларға ұқсас
- заттар липидтер деп аталады.
- Протоплазманың, вакуоляның,пластидтердің, ядро мен басқа да органеллалардың сыртқы бетін жауып тұратын мембраналар, сондай-ақ хлоропластар мен митохондриялардағы барлық пластина тəрізді құрылымдар екі компоненттен тұрады, оның біреуі липид болып табылады. Белоктар мен қосыла келе, липидтер күрделі белоктар – липопротеидтер түзеді. Липопротеидтердің осы комплексі жасуша мембранасын түзеді.
- Химиялық құрамы бойынша майлар глицерин мен үлкен молекулалы май қышқылдарының эфирі болып табылады. Майлардың құрамынан:
- Пальмитин – (С 16 ) CH 3 (CH 2 ) 14 COOH,
- Стеарин – (С 18 ) CH 3 (CH 2 ) 16 COOH,
- Олеин – (С 18 ) CH 3 (CH 2 ) 7 CH=CH(CH 2 ) 7 COОH,
- 235Линол – (С 18 ) CH 3 (CH 2 ) 4 -CH=CH-CH 2 -CH=CH(CH 2 ) 7 -COOH,
- Линолен – (С 18 ) CH 3 CH 2 CH=CHCH 2 CH=CHCH 2 CH=CH-(CH 2 ) 7 COOH
- Арахидон – (С 20 ) СН 3 (СН 2 ) 4 –СН=CH–CH 2 –CH=CH–CH 2 –CH=CН–
- - CH 2 ּCH=CH – (CH 2 ) 3 – COOH
- қышқылдарын жиі кездестіруге болады.
- Май қышқылдары қаныққан (пальмитин, стеарин) жəне қанықпаған (олеин, линол, линолен) май қышқылдары болып бөлінеді. Майлардың қасиеттері май қышқылдарының сапалық құрамына байланысты.
- Қанықпаған май қышқылдары цис-изомер түрінде кездеседі,
- ал транс-изомерия түрі өте сирек. Қанықпаған май қышқылдары
- қалыпты температурада сұйық күйде болады. Линол, линолен,
- арахидон қышқылдары жануарлар мен адам ағзасында син тез-
- делмейді, олар ағзаға тек тағам арқылы енеді, бұларды ауысты-
- рылмайтын май қышқылдары деп атап, Ғ витамин комплексі то-
- бына біріктіреді.
Қарапайым липидтер
- Қарапайым липидтер. Бұлар негізінен екі компонентті заттардан, яғни жоғары май қышқылының күрделі эфирі – глицериннен жəне бір компонентті заттар: бос түріндегі жоғары қышқылдардан не полициклді спирттерден тұрады. Мұндай липидтерге майлар (триглицеридтер) – жоғарғы май қышқылдары мен үш атомды спирт глицериннің күрделі эфирлері жатады.
- Мұндағы R, R 1 , R 2 – əртүрлі май қышқылдарының келіп жалғанатын радикалдарының орны.
- Қарапайым липидтер суда ерімейді, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Қарапайым липидтер бір-бірінен иісі, түсі, қаттылығы жағынан əртүрлі болады, қарапайым липидтердің əртүрлілігі өсімдіктердің, жануарлардың түріне, тұқымдарына, қорек заттарына, өмір сүретін ортасына байланысты болады. Қарапайым липидтердің құрамына кіретін органикалық қышқылдардың қаныққан-қанықпағанына байланысты қарапайым липидтер қатты жəне сұйық күйде кездеседі.
Өсімдікте қарапайым липидтер түзілетін негізгі заттар – көмірсулар, олардың ішінде, глюкоза мен фруктоза. Кейбір микроағзалар пентозалардан қарапайым липидтерді синтездейді. Қарапайым липидтердің синтезі тұқым мен жемістің жетілген кезінде қарқынды жүреді. Ағзада қарапайым липидтердің мөлшері көбейгенде, көмірсулардың мөлшері азаяды. Жас жаңғақ жемісінде 3% май, 21% крахмал болады, ал жетілген жаңғақ жемісінде 62% май, 2,6% крахмал кездеседі.
Қарапайым липидтер молекуласындағы қышқылдарының
санына байланысты моно-, ди- жəне триглицеридтер болып
бөлінеді. Егер күрделі эфир глицериннің бір гидроксилдік тобынан құралса, ол – моноглицерид, құрамына май қышқылының екі молекуласы кірсе, диглицерид түзіледі, сол сияқты егер глицериннің үш гидроксилдік тобының үшеуі де этерленсе, онда триглицерид құралады. Табиғи майларда негізінен триглицеридтер ғана кездеседі.
Қарапайым липидтер немесе майлар екі топқа бөлінеді: балауыз жəне стеролдар мен стеридтер.
Балауыз дегеніміз - əдеттегі температурада қатты, май тəрізді зат. Бұл май қышқылдары мен үлкен молекулалы бір атомды спирттердің күрделі эфирлері. Балауыз өсімдіктердің жапырағын, сабағы мен жемістерін жұқа қабатпен жауып тұрады жəне қорғаныш қызметін атқарады. Балауыз су құстарына, жануарларға қажет, ол құстардың қауырсынына, жануарлардың терісіне су жұқпайтын қасиетті береді. Балауыз түрлері: ара балауызы, ланолин, спермацет, карнаубы балауызы, монтанн балауызы т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |