Сабақ №3 липидтер химиялық табиғаты əртүрлі майлар жəне майларға ұқсас заттар липидтер



бет3/8
Дата04.01.2022
өлшемі145,11 Kb.
#109033
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
зтс 3 липидтер

Күрделі липидтер. Күрделі липидтер

фосфолипидтер,

гликолипидтер болып бөлінеді, олар көп компонентті молекулалардан тұрады.

Бұл компоненттер бір-бірімен түрлі химиялық типтегі байланыстармен қосылысады.



Фосфолипидтер. Күрделі липидтер ішінде, əсіресе, көп таралғаны - фосфолипидтер. Барлық фосфолипидтер құрамында фосфор қышқылы қалдығы болады. Олар майға жақын, глицериннің екі гидроксилдік тобы - май қышқылдары мен этерленген (күрделі эфир мен май қышқылдарының қосылу реакциясы – этерификация деп аталады). Үшінші гидроксилдік топ фосфор қышқылының күрделі эфирін түзеді, оған азоттық негіз қосылады. Фосфолипидтердің азоттық негіздеріне холин, этаноламин (коламин), серин жатады.

Фосфолипидтер құрамына кіретін азоттық негіздерге байланысты мынадай топтарға жіктеледі:



фосфатидилхолин немесе лецитин (құрамында холин бар), фосфатидилэтаноламин немесе кефалин (құрамында этаноламин бар), фосфатидилсерин (құрамында серин бар). Бұлардың ішінде, əсіресе, маңыздылары жəне жиі кездесетіндері α-лецитин мен α-кефалин.

Фосфолипидтер құрамында əрқашан полиқанықпаған май қышқылдары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет