Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін бағалау


Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне талдау



бет2/3
Дата30.10.2022
өлшемі23,76 Kb.
#155744
1   2   3
Байланысты:
14 тап

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне талдау.
Қазіргі кезде кәсіпорынның табысты жұмыс жасауда өз қызметін айқын және тиімді жоспарлауға, нарықтағы жағдай туралы ақпараттарды жүйелі түрде жинау мен өңдеуге байланысты, ол өз кезегінде кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің стратегиясы мен тактикасын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін талдау оның өндірістік әлеуеті мен қаржылық жағдайын бағалау, сондай-ақ, қызметінің негізгі көрсеткіштеріне әртүрлі ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын анықтау үшін қажет. Мұндай талдау жасау кезінде кәсіпорынның ішкі ресурстары мен мүмкіндіктерінің, оның бәсекелік артықшылықтарын қамтамасыз ету және қолдау міндеттеріне сәйкестігі анықталады.
Шаруашылық қызметті талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорын қызметінің даму стратегиясын таңдау, дұрыс шешім қабылдау үшін менеджерлер мен басқа да мүдделі адамдарға ақпарат беру. Талдау келесі бағыттыр бойынша жүргізіледі:
1.Өнім өндіру мен сатуды талдау. Мұндай талдаудың негізгі кезеңдері:
- өнім өндіру көлемін талдау. Ол жалпы және тауарлық өнімнің динамикасын талдауды, сондай-ақ өсу өсімі мен өсу қарқынын есептеуді қамтиды;
- өнім ассортиментін талдау,бұл кезеңдегі талдау жұмысының негізгі элементі- номенклатура және ассртимент бойынша жоспардың орындалуын талдау;
- өнім сапасын талдау, талдау кезінде сапанын тікелей (пайдалылық, сенімділік, жарамдылық т.б) және жанама көрсеткіштер динамикасы зерттеледі;
- өндірістің ырғақтылығын талдау;
- өнімді сатуды талдау, талдау жүрзігу кезінде нақты сатылған өнім көлемі жоспарлы сату көлемімен салыстырылады.
2. Негізгі өндірістіік қорларды талдау. Мұндай талдаудың негізгі кезеңдері келесілер:
- негізгі құралдардың құрылымы мен динамикасын талдау;
- негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау;
- негізгі құралдарға салынған инвестициялардың тиімділігін талдау;
- құрал-жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындарын талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет