«Форманы құрастырушы» режиміне өтудің қарапайым жолы Ассеss 2007 жұмыстық үстелінің оң жақ төменгі бөлігіндегі сәйкес пиктограммада тышқанды шерту.
Бұл режимде пайдаланушыға пішімді құрудың іс жүзіндегі шексіз мүмкіндіктері туындайды.
«Форманықұрастырушы» режиміне өткеннен кейін, формаларды «құрастыруға» арналған
«Құрастырушы» (Конструктор) қосымшасы пайда болады.
Бәрінен бұрын, бұл режимде Ассеss 2007-нің жұмыстық үстелінің қалай өзгеретіндігіне, назар аударыңыз. Осының алдындағыдай, экранның сол жақ бөлігінде
формалардағы, кестелердегі және т.б. деректер қорының әртүрлі нысандары арасындағы жылдам ауысуды қамтамасыз ететін, ауысулар облысы пайда болады.
Жұмыстық экранның ортасында жеке өрістердің көріністерін оңайлату үшін дараланған біздің форма бейнеленеді.
Жұмыстық экранның оң жақ бөлігінде сіз жақынырақ танысуды қажет ететін қасиеттер терезесін көресіз.
Терезенің жоғарғы бөлігіндегі тізімдер өрісінен деректер қорының нысанын таңдап алуға болады, мұнда ағымдағы уақыт мезетінде осы форманың - форманың немесе жеке өрісінің қасиеттері көрсетіледі.
Сіздің таңдап алуыңызға байланысты, төменде көрсетілген қасиеттердің тізімі өзгереді.
«Ұсыну» тобында сіз форманың жұмыстық экранның түрін таңдап ала аласыз.